Қазақстанның пайдалы қазбалары және олардың қолдануы. Жаратылыстану, 6 сынып, сабақ жоспары.


Бөлім: 6.2С Заттардың түзілуі және алынуы.

Мектеп:

Мерзімі:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

 

Сабақ тақырыбы

Қазақстанның пайдалы қазбалары және олардың қолдануы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

- 6.3.3.3. Қазақстандағы пайдалы қазбалардың орындарын және қолдану салаларын анықтайды

Сабақ мақсаттары

- Табиғи ресурстарды суреттер арқылы жіктеу;

- Карта мен атласты пайдалана отырып Қазақстан табиғи ресурстарының шоғырланған орынын көрсету

- Атласты пайдалана отырып Қазақстанның минералдық шикізаттарын көрсету

- Қазақстандағы минералды қазбаларды қолдану салаларын білу

Бағалау критерийлері:

Оқушы:

Табиғи ресурстардың түрлерін біледі;

Картадағы табиғи ресурстардың шоғырлануын көрсете алады;

Табиғи ресурстардың түрлерін ажырата және жіктей алады;

Табиғи ресурстардың қолдану салаларын атай алады.

Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

- табиғи және жасанды материалдардың артықшылықтары мен кемшіліктерін ауызша түсіндіре алады

Пәндік лексика және терминология:

Табиғи ресурстар: су, мұнай, көмір, табиғи газ, алтын, күміс, мыс, мырыш, қорғасын, титан.

Айтылымға қажетті сөз тіркестері:

Менің ойымша, ...

Жақын болашақта ............. таусылуы мүмкін.

Алайда, ұзақ мерзімді перспективада жаңару мүмкіндігі бар

………….деп айта алады.

Құндылықтарды дарыту

 

 «Мәңгілік ел» құндылықтары

 Табиғатқа мұқият қарау арқылы, оның аумағының және тұтастай алғанда Қазақстанның табиғи ресурстарын зерттеу арқылы жұппен жұмыс істеу кезінде жүзеге асырылады.

 Сабақта топтық жұмыс істеу және нәтижелерді басқа оқушылармен ақылдасуды жүргізу арқылы талқылау өзге пікірді құрметтеу мен коммуникативті дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді.

Пәнаралық байланыстар

 Биология пәнімен биологиялық ресурстардың түрлерін сипаттау, сондай-ақ физика және химия пәндерімен физика-химиялық ерекшеліктерін

Бастапқы білім

 

3.3.1.1 Заттарды шығу тектері мен агрегаттық күйлеріне сәйкес жіктеу

4.3.1.1.Заттарды қасиеттеріне байланысты оларды қолдану салаларын анықтау

5-сынып Табиғатта және жасанды жолмен алынған кейбір заттардың түзілуі туралы мысалдар келтіру

6-сынып Заттарды органикалық және бейорганикалық заттарға жіктеу

 ЖОСПАР

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

 Сабақтағы жоспарланған іс – әрекеттер

 

Ресурстар

Сабақтың басы

0-6

1. Ұйымдастыру кезеңі:

Сабақ тақырыбын сұрақтар арқылы ашу (бұл, өз кезенінде, қызығушылықты оятуға көмектеседі, сонымен бірге оқушыларға пікірін айтуға мүмкіндік береді).

Сұрақтар қою:

  • Пайдалы қазба деген не?
  • Қандай пайдалы қазбаларды білесіңдер?
  • Қазақстанда қандай пайдалы қазбалар бар?
  • Оларды не үшін өндіреді?
  • Өздерің өмір сүріп жатқан аймақта қандай пайдалы қазбалар бар?

2. Сабақтың негізгі мақсаты мен бағалау критерийлерін тұжырымдау ұсынылады.

Слайд №1-2

 

 

Сабақтың ортасы

7-12

13-16

17-30

31-37

3. Мәтінмен жұмыс.

Оқушыларға мәтінді жеке оқу түрі ұсынылады. Топта жұмыс істей отырып, туындаған сұрақтары болса бірге талқылайды.

4. Мұғалім пайдалы қазбалардың жіктелуі және оларға мысал келтіре отырып, қолданылу саласы туралы ақпарат береді. Пайдалы қазбалардың шартты белгілеріне оқушылардың көңілін аударту қажет.

5.Топтық жұмыс:

Әр топ өз тақырыбы бойынша кескін картаға пайдалы қазбаның кездесетін орындарын арнайы белгі арқылы көрсетеді және өздерінің істеген жұмыстарымен басқа топтарды таныстырады.

Жұмыс дескрипторлары:

  • Мәтінді оқып пайдалы қазбаның Қазақстандағы орынын анықтайды.
  • Кескін картада пайдалы қазбаның орындарын көрсетеді.
  • Пайдалы қазбаның қандай мақсатта қолданылатынын көрсетеді.
  • Басқа топтарға пайдалы қазбаның Қазақстанда таралуы мен қолданылуын түсіндіреді.

Табиғи кен орындарын контур картасына түсіру үшін түрлі түсті қарындаштар көмегімен екі түсті карталар мен бір контур картасы (толтырылмаған) беріледі.

 Дескрипторлар

 Оқушылар

- Картада топқа сәйкес табиғи ресурстарды табады және көрсетеді: алтын кен орындарын, темір-бетон зауыттарын, мұнай кен орындарын

- Табиғи ресурстарды (мысалы, көлеңкелі қара шаршы: бұл таскөмір, түсті сары шеңбер: алтын және күміс) дұрыс көрсетеді

- Картада географиялық жағынан кен орындарын дұрыс көрсетеді

Өзара тексеру - оқушылар карталарды айырбастап, бір-бірінің жұмысын дескрипторлар арқылы бағалайды.

6. Мәтінде оқыған және сабақ барысында талқылаған ақпараттарды ескере отырып, кестені толтырады, әр оқушы жеке жұмыс жасайды.

Кесте «Пайдалы қазбаларды жіктеу»

Пайдалы қазба түрлері

Не өндіріледі?

Қолданылуы

Бағалау: Оқушылар бір-бірінің жауаптарын дескриптор арқылы бағалайды.

 Дескрипторлар

 Оқушылар

  • Пайдалы қазбалардың жіктелуін біледі
  • Әрқайсысына мысал келтіреді
  • Қолданылу саласын анықтайды

(Бұл тапсырма көрнекі түрімен қабылдайтын оқушыларға есте сақтауға көмектеседі. Сондай-ақ, ол оқушылардың талдау және сыни ойлау қабілетін дамытуға мүмкіндік береді).

Қосымша №1

Слайд

3-6

Қосымша № 2

Слайд №7

Слайд №8

Сабақтың соңы:

38-40

8. Рефлексия:

  • Бүгін мен үшін жаңалық болды?
  • Менде ................... құралдармен жұмыс істеу дағдылары қалыптасты.

Бүгінгі алған білімімді ....................... пәндерде қолдана аламын

Слайд 9

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ барысында дарынды оқушылар қолдау қөрсетеді, ал барынша үлгеретіндерге метакогнитивті сұрақ қою арқылы олардың білімдерін кеңейтіледі. Сонымен қатар, жұптағы, топтағы жұмыс барысында басқа оқушыларға қолдау көрсету барысында ұйымдастырушылық, көшбасшылық қабілеттері дамиды

Мұғалім оқушыларды ауызша жауаптары, тапсырмаларды дескрипторға сай орындаулары бойынша кері байланыс береді және өзін-өзі бағалау, өзара бағалау орын алған.

Зерттеу жұмыс барысында қауіпсіздік шараларының орындалуы



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу