Жердегі тіршілік жағдайлары. Жаратылыстану, 6 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспардағы бөлім: 2. Ғалам. Жер. Адам | Мектеп: | ||||||||||
Мерзімі: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||
Сабақ тақырыбы | Жердегі тіршілік жағдайлары | ||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.2.4.2 адамның Жерде тіршілік етуінің қазіргі жағдайларын бағалау | ||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушы:
| ||||||||||
Бағалау критерийлері: | 1.Адамның Жерде тіршілік етуінің қазіргі жағдайларын біледі; 2.Адамның Жерде тіршілік етуінің қазіргі жағдайларына баға бере алады; | ||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Адамның Жерде тіршілік етуінің қазіргі жағдайларын ауызша түсіндіріп, бағалайды. Пәндік лексика және терминология: Атмосфера, ғаламшар, Жер орбитасы, гидросфера, литосфера, биосфера, ғаламдық жылыну, экология, ластану. Айтылымға қажетті сөз тіркестері: Адамның Жерде тірішілік етуінің қазіргі жағдайларына ... Адам ... жағдайда тіршілік ете алады. Адам үшін қажет ... | ||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Сабақ сыйластықты, ынтымақтастықты, құндылықтарын дарытуға бағытталған. Құндылықтарды дарыту топтық жұмыстарды ұйымдастыру барысында жүзеге асады. | ||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Адамның тіршілік үшін қажетті қазіргі жағдайларын бағалау барысында биологиямен байланыс орнатылады. | ||||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар 5 – ші сыныпта тіршіліктің үшін қажетті жағдайларды анықтады. Бастапқы білімді жаңғырту топтық жұмыс барысында тіршілік ету үшін қажетті жағдайларды анықтау арқылы жүзеге асады. | ||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс – әрекет | Ресурстар | |||||||||
Сабақтың басы 0-7 7-10 | 1. Өткенді қайталау арқылы бастапқы білімді жаңғырту. Оқушылар топтарға бөлінеді. Топтар «5.2.4.2 тіршілік ету үшін қажетті жағдайларын анықтау» атты оқу мақсаты бойынша білімдерін көрсетеді. Оқушылар «Идеялар кілемшесі» әдісі бойынша жұмыс жасайды. 1 топ: тіршілік үшін атмосфераның маңыздылығын түсіндіреді. 2 топ: тіршілік үшін гидросфераның маңыздылығын түсіндіреді. 3 топ: тіршілік үшін Жердің Күн жүйесіндегі орнының маңыздылығын түсіндіреді. 4 топ: басқа топтардың жауаптарын тыңдап, бағалайды. Қорытынды шығарады.
Топтар ойларын ортаға салады. Мұғалім оқушылардың жауаптарына толықтырулар енгізеді. Оқушыларға кері байланыс береді. 2. Ой шақыру. Суретпен жұмыс. Мұғалім оқушыларға сурет бойынша сұрақ қояды: -Адамның Жерде тіршілік етуіунің қазіргі жағдайлары туралы не білесіздер? 3. Мақсатты тұжырымдау. Оқушылармен бірлесе отырып, сабақтың мақсаттары анықталады.
| Қосымша 1 | |||||||||
Сабақтың ортасы 10-20 20-30 30-35 | 4. Коллаж құрастыру. Оқушылар «Адамның Жерде тіршілік етуінің қазіргі жағдайлары» атты тақырыпта коллаж құрастырады.
Жұмыс нәтижелерін сыныпқа ұсынады. Топтар өзара бағалау жүргізеді. Мұғалім кері байланыс береді. 5. «Жуан және жіңішке сұрақтар». Оқушылар проблемалық сұрақтарға жауап береді. Топтарда талқылайды. Содан кейін өзара түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. 1 топ: Жаһандық жылыну қазіргі кезде қандай деңгейде? Адам тіршілігіне әсер етіп жатыр ма? Болашаққа болжам жасаңыз. 2 топ: Жаһандық жылыну гидросфераға әсер етеді ма? Гидросфераның қазіргі жағдайы адам тіршілігіне әсер етеді ма? 3 топ: Биосфераның қазіргі жағдайы қандай? Ондағы өзгерістер адамға қалай әсер етуі мүмкін? 4 топ: Литосфераның қазіргі жағдайы қандай? Ондағы өзгерістер адамға қалай әсер етуі мүмкін?
Мұғалім формативті бағалау жүргізіп, кері байланыс береді. 6. Сабақты бекіту мақсатында оқушылар қалыптастырушы бағалау жұмысын орындайды. Суретті салыстырып, адамның тіршілік етуінің қазіргі жағдайларына баға береді. Қабілеті жоғары оқушылар қабілеті төмен оқушыларға қарағанда көп аргументтер келтірулері қажет. | Қосымша 2 А3 форматындағы қағаздар Маркерлер Желім | |||||||||
Сабақтың соңы: 35-40 | 7. Рефлексия Мұғалім сабақ мақсатарына қайта оралып, сабақ мақсаттарына жету деңгейін талқылайды. Оқушылар «5 саусақ» әдісі бойынша рефлексия жасайды. Кішкентай саусақ – ойлау қабілеттері (Бүгін мен қандай білім алдым?), Шылдыр шүмек – мақсатқа жету (Бүгін мен қандай мақсатқа жеттім?), Ортаңғы саусақ – көңіл – күйімнің жағдайы (Бүгін менің көңіл күйім қандай болды?), Сұқ саусақ – көмек, қызмет көрсету (Мен бүгін кімге көмек бердім?), Бас бармақ – денсаулық жағдайы (Менің физикалық жағдайым қандай болды? Денсаулығым үшін не істедім?). | Қосымша 3 | |||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||
Сабақ барысында оқу материалы ақпаратты қабылдаудың түрлі типтерін ескере отырып қолданылады (мәтін, бейнеролик, сурет). Сабақты бекіту кезеңінде қабілеті төмен оқушыларға дайын қажетті сөздердің тізімі беріледі. Қабілеті жоғары оқушылар бекіту кезеңінде көбірек аргументтер келтіреді. | 5.2.4.2 тіршілік ету үшін қажетті жағдайларын анықтау оқу мақсаты бойынша бастапқы білімді формативті бағалау. Жақын арадағы даму аймағын анықтауға арналған диагностикалық бағалау. Топтық жұмыстар арқылы талдау, баға беру дағдылары бағаланады. | Сыныпта қозғалыс барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау. |
Қосымша 1
Идеялар кілемшесі
Қосымша 2
Қосымша 3
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?