Ауаның маңызы қандай? Жаратылыстану, 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Жаратылыстану Сынып: 4 Бөлім: Заттар және олардың қасиеттері. Ауа мен су. | Мектеп: Мұғалім: Қатысқандар саны: Қатыспаған оқушылар: | ||||||
Күні | |||||||
Тақырыбы | Ауаның маңызы қандай? | ||||||
Оқу мақсаты | 4.3.2.1 адам тіршілігінің түрлі салаларында ауаны қолдану жолдарын анықтау; 4.1.2.2 алынған нәтижені оқушы таңдаған формада ұсыну. | ||||||
Сабақтың мақсаты | Адам тіршілігінің түрлі салаларында ауаны қолдану жолдарымен танысады. | ||||||
Бағалау критерийі | адам тіршілігінің түрлі салаларында ауаны қолдану жолдарын сипаттайды; ауаны қолдану жолдарына мысал келтіреді. | ||||||
Тілдік мақсат | Пәндік терминология мен тірек сөздер
| ||||||
Құндылықтар | Құрмет, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық, өмір бойы білім алу | ||||||
АКТ қолдану дағдылары | Таныстырылыммен жұмыс | ||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Ауаның қасиеттерін, оның Жердегі тіршілік үшін маңызын біледі. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Жоспарланған уақыт | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы | Кіріспе тапсырма орындау Жедел жауап
| ||||||
Сабақтың ортасы | Ауаның қасиетін пайдалану. Сурет бойынша әңгіме жүргізу.
Ауаның қасиеттерін пысықтау. Сызбаны толтыру. Ауаның маңызы. Фотосуреттердің көмегімен қандай жағдайларда қосымша оттек пайдаланылатынын түсіндіру. Оттектің пайдалануына шағын жарнама парақтарын әзірлеу. Ол үшін ақпарат көздері арқылы қосымша оттек пайдаланылатын салаларды анықтау. Аталған салаларда қосымша оттекті қолдануды түрлі формада жарнамалау. Зерттеу жұмысы. Шағын топтар құру. Барлық топқа сурет тарату. Тапсырма: Ауа қалай қолданылатынын зерттеу. Зерттеу жүргізуге aрнaлғaн нұcқaулықпен таныстыру. 1. Ресурстарды зерделеу. 2. Берілген ресурстарға ауаның қатысын, оның қандай қасиеті қолданылып тұрғанын анықтау, тіркеу. 3. Ауаның қасиеттеріне байланысты заттарды топтастыру. 4. Зерттеу жұмысын өзі таңдаған формада немесе кесте түрінде рәсімдеу. 5. Ауаның қасиеттері қалай қолданылатыны туралы қорытынды жасау. Ойлан. Таза оттекпен тыныс алуға бола ма? Таза оттек және оның қайда кездесетіні, не үшін пайдаланылатыны туралы әңгіме жүргізу.
Таза оттекті қай кезде пайдалану керектігі және үнемі пайдаланудың зияны туралы қосымша ақпараттар іздеп танысу. Ақпарат: Адам өміріне таза оттек зиян болып есептеледі. Сол себепті арнайы баллондардағы таза оттекпен көп тыныс алуға болмайды. Таза оттекті тұтыну 24–48 сағатты құрайды, сондықтан одан артық уақыт қолдану зиян. Сен білесің бе? Балалардан өз бөлмелеріңді желдетесіңдер ме, желдету не үшін керек? – деп сұраңыз. Үй ішіндегі оттек пен көмірқышқыл газдың арақатынасы өзгеруі мен адамның денсаулығын байланыстыру. Сынып бөлмесінің де, үйдің де ауасын жиі тазартып тұру қажет деген қорытынды жасалады. Өзіндік жұмыс. 50-жұмыс парағы. Ауаның маңызы қандай? Дұрыс – дұрыс емес. Жеке тәжірибесі мен алған білімдерін ұштастырып, дұрыс пікірлерді анықтау. Дұрыс пікірлер: 1. Ауа тірі ағзалардың тыныс алуы үшін қажет. 2. Ауа ағаш, көмір, мұнай өнімдері, газ сияқты денелердің жануы үшін қажет. 3. Ауа үйдегі жылуды сыртқа шығармайды. Сәйкестендір. Екі бағанда берілген сөйлемдерді сәйкестендіріп, дұрыс сөйлемдер құрау. Жауабы: 1 – Г; 2 – А; 3 – В; 4 – Ә; 5 – Б. 51-жұмыс парағы. Ауа қайда қолданылады? Сәйкестендір. Тапсырманы орындау арқылы ауаның қасиеті туралы білімдерін пысықтау. Бірінші бағанда берілген заттар үшін ауаның қандай қасиеті қолданылатынын сәйкестендіріп жазу. Жауабы: 1 – Б, 2 – В, 3 – Г, 4 – А, 5 – Ә. Суретпен жұмыс. Күнделікті өмірде жеке тәжірибесі мен алған білімдерін ұштастырып, ауаның қандай қасиеттері қолданылатынын анықта. Жауабы: 1. Доптың ішіне үрленген ауа сығылады, ішіне ауа толтырылған доп серпімді болады. 2. Қолшамды жаққанда бөлінген жылудың әсерінен жоғары көтеріледі. 3. Ауа қозғалысынан жел пайда болады, жел әсерінен энергия өндіріледі. ҚБ. Мұғалімнің жазбаша кері байланысы. | Сурет Сызба Фотосуреттер Парақтар, маркерлер. Желкенді қайық, жүннен тоқылған қолғап, арасына жүн салынған шапан, алау, үш аяқты велосипед, тұқымы желмен ұшып бара жатқан бақбақ, аспанда ұшып бара жатқан ұшақ, рэгби добы, жауып жатқан жаңбыр мен бұлт суреттері салынған үлестірмелі парақшалар Жұмыс дәптері | |||||
Сабақтың соңы | Рефлексиялық кезең. Кері байланыс. Бүгінгі сабақта Жақсы болғаны ............................................................. Қызықты болғаны .................................................. ...... Пайдалы болғаны ......................................................... Кедергі болғаны ........................................................... ҚБ мұғалімнің кері байланысы | Кері байланыс парағы | |||||
Қосымша ақпарат | |||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Сұрақ қою барысында саралау. Тапсырмалар бойынша саралау: Ауаның қасиеттерін пысықтау; Ауаның қасиетін пайдалану. Ойлан. Таза оттекпен тыныс алуға бола ма? | Қалыптастырушы бағалау құралдары: -мұғалімнің ауызша кері байланысы (мадақтау, қолдау сөздер айту); - өзін өзі бағалау; - мұғалімнің жазбаша кері байланысы; -оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізу; -оқушылардың жазбаша кері байланысы | -Сабақ барысында әрекеттер жиі ауыстырылады; - қауіпсіздік ережелерін сақтауға назар аударылады. | |||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме? Оқу мақсаттарына қол жеткізілмесе, себебі неде? Ынтымақтастыққа қол жеткізілді ме? Саралау бойынша жұмыс дұрыс жүргізілді ме? Уақыт кезеңдері дұрыс сақталды ма? Жоспардан ауытқу орын алды ма? Неліктен? | |||||||
Қорытындылау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?