Ауаның жануды қолдайтын қасиеті. Жаратылыстану, 3 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3-бөлім. Заттар мен олардың қасиеттері. Ауа

Мектеп: НЗМ

Мұғалімнің аты-жөні: Нукербаева А.К.

Сынып: 3

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ауаның жануды қолдайтын қасиеті

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

3.2.Ауа

 Сабақ мақсаттары

3.3.2.2 - ауаның жануды қолдайтын қасиетін сипаттау

3.1.2.1 - ақпарат көзінің түрлерін анықтау

 Жетістік критерилері

•ауаның жануды қолдайтын қасиетін сипаттайды;

• экспериментті жоспарлайды және жүргізеді.

 Тілдік мақсаттар

 

Азот, ауаның құрамы

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Ауаның жануды қолдау қасиетін біле отырып, қауіпсіздік ережелерін сақтап жүру.

 Мектеп миссиясы мен мектеп пайымдауы және жаһандық азаматтықтың іске асуы

Ауаның жануды қолдайтын қасиетін сипаттайды, экспериментті жоспарлайды және жүргізеді.

 Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, өнер.

Алдыңғы меңгерілген білім

Ауа. Ауаның құрамын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық дайындық.

Жұмбақ

Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің,

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. Ол не? (Ауа)

Сабақтың ортасы

(Ұ) Әңгімелесу барысында ауаның балалар бұрыннан білетін қасиеттерін қайталату: түссіз, мөлдір, иіссіз, жылу өткізгіштігі, ауаның пішіні жоқ, кеңістіктің барлық жерін толтырып тұрады.

Жылытқан кезде ауа кеңейеді, ал суытқанда қысылады.

Өрт қауіпсіздігін сақтау ережелерін еске түсіру.

(МК) Алдын ала екі балауыз және шыны ыдыс (стакан) дайындау. Дайындалған екі балауызды шырпымен жағу. Оқушылардан осы бетінде жанып тұра берсе, не болатынын сұрау. Егер еш нәрсе кедергі келтірмесе, білтесі жанып бітіп, балауыздар түгелімен еріп кетеді деп жауап беруі мүмкін. Жанып тұрған балауыздың біреуін шыны ыдыспен жапса, не болуы мүмкін екенін болжауларын сұрау. Жауаптарын тыңдап болған, жанып тұрған шырақтың біреуін шыны ыдыспен жабу. Оқушылардан нені байқағандарын сұрау. Шырақ өшіп қалды.

-Неліктен? Ыдыспен жапқанда ауа бармай қалды. Ауа жолын бөгеген соң не болды деген сұрақ қою. Ауа жолын бөгеген соң шырақ сөніп қалды.

-Сонымен қандай қорытынды жасауға болады? От жану үшін ауа керек.Міндетті түрде өрт қауіпсіздігін сақтау ережелерін еске түсіру.

(қ) От жану үшін ауа қажет екенін айтады. Яғни, ауа тек тыныс алу үшін ғана емес, ағаш, көмір, мұнай өнімдері, газ т.б. денелердің жануы үшін де қажет екенін түсінеді.

Кейбір заттар оттегімен баяу әрекеттеседі, реакция барысында жарық бөлінбейді, жылу біртіндеп бөлінеді. Мысалы, қордаланған көңнің шіруі, темір бұйымның, тоттануы, қоймадағы астық өнімдерінің қызуы, т.б. Жану үдерістері халық, шаруашылығында жылу энергиясын өндіру үшін пайдаланылады.

Жану басталу үшін мынадай жағдайлар жасау керек:

Жанатын затты тұтану температурасына дейін қыздыру.

Оттегінің ағысы үнемі келіп тұруы.Ал жанудың аяқталу шарттары бұған керісінше:

От алу температурасын төмендету, яғни салқындату (су бүрку, топырақ немесе құм шашу).

Оттегінің ағынын тоқтату. Жанып жатқан отты ауа өткізбейтін заттармен жабу.

(Ж) Суреттермен жұмыс: от жанып жатқан пеш, темір ұстаханасындағы көрік, шам.

-Күнделікті өмірде ауаның жануды қолдайтын қасиетін қайдан көре аласыңдар? Мысал келтіріңдер: пеш жағу кезінде отты тұтандыру үшін үрлейді.

(Т) Суреттермен жұмыс. Әр топқа қандай да бір өрт тұтанып жатқан сюжетті сурет таратып беру. Өртті сөндіру шарасын ойлап тауып, оны ауаның жануды қолдайтын қасиетімен байланыстыруды ұсыну.

-Өртті қалың матамен немесе киіммен жауып сөндіруге болады. Бұл кезде ауаның жолы бөгеледі.

- Өртті құм шашып сөндіруге болады.

- Сумен өшіруге болады.

-Өрт сөндірушілер көбік шашу арқылы өшіреді.

Оқушылар осы нұсқалардың бәрін атамауы да мүмкін.

Дифференциация.

Сондай-ақ далада табиғат аясында болған өртке қарсы от қою тәсілі бар екендігін айтады. Ең бастысы, өрт сөндірудегі басты принцип от көзіне келетін ауа жолын бөгеу, ауа жібермеу екендігін түсінуі керек.

(Қ) Ауаның жануды қолдайтынын түсінеді.

Тірі ағзалар оттекпен тыныс алады, оттек тіршілік үшін қажетті энергияны өндіруде қолданылады. Сонымен қатар ауадағы оттек көліктегі іштен жанатын қозғалтқыштарда жанармай жанған кезде механикалық энергия алу үшін қолданылады.

Адамдар мен жануарлар дем шығарғанда көмірқышқыл газды бөледі, көмірқышқыл газ жану кезінде түзіледі. Ауа құрамы өзгеруі мүмкін: ірі қалаларда ормандарға қарағанда көмірқышқыл газ көп мөлшерде кездеседі. Атмосфераның ластануына зауыт пен фабрикалар, көліктен шығатын газдар, жанған көмірдің, мұнайдың, отынның қалдықтары, шаң-тозаң. Ауаға оттекті өсімдіктер бөліп тұрады, неғұрлым өсімдіктер көп болса, ауа да соғұрлым таза болады.

- Жұмбақта жасырылған зат қандай күйде болады? (Газ күйінде.)

- Біздің өміріміз үшін қажетті қандай зат газ күйінде болады? (Ауа).

«Ауадағы басқа да газдар қалай пайда болады? (Зауыттан, көлік қозғалтқышынан шығатын газдар және т.б.)

От пен ауа. Оқушылардың арасында ересектердің қалай от тұтатқанын көргендері бар ма, сұрап көру.

-«От жақсы жануы үшін не істейді? (Отты үрлейді, үстінен қолмен желпиді).

-«Неліктен бұлай жасайды?» Бұл сұраққа жауап беруі үшін жұппен бірігіп, оқулықтағы суреттерді қарап шығады. Одан әрі оларды: отты тұтандыратын және отты өшіретін екі топқа бөлу. Содан кейін бір-бірін бағалауды ұйымдастыру. Оқушылардың жұмыстарын бақылап, бақылау нәтижелерін формативті бағалауға қолдану. Жауабы:

• От жанып тұрады: жел соққан жерде, Күн жақсы түскен жерде.

• От жанбайды: жаңбыр жауған кезде, Айда, шыны қақпақ астында ауа болмайтындықтан, жана алмайды. Ормандағы алаңқай ылғал болғандықтан, от нашар жанады.

Жұмыс дәптері

49- жұмыс парағы. «Ауаның құрамы» Ауа неден құралады?

Оқушылар диаграммада берілген орынға сәйкес келетін газ атауын жазады; диаграммадан тірі ағзалар тыныс алғанда жұтатын газды анықтайды да, осы жерді көк түспен бояйды; адамдар мен жануарлар дем шығарғанда бөлінетін газды қызыл түспен бояйды.

Жауабы Оттек – көк түспен, көмірқышқыл газды – қызыл түспен бояйды.

Құрамының өзгеруі. Ауадағы газдың көлемін көбейтетін заттардың атауын сәйкес шеңбердің тұсына жазып шығады.

Жауабы Оттек – орман, су буы – мұхит, көмірқышқыл газ – зауыт, түтін – қала.

50-жұмыс парағы. «От» Орналастыр. Оқушылар отты тұтандыратын жағдайларды тауып, сызбаның сәйкес бағандарына жазады.

Жауабы Отты тұтандырады:

1) отты үрлеу, 2) желдің соғуы, 7) желдеткіші ашық пеш, 8) ұстаның көрігі. Отты өшіреді: 3) шелекпен су құю, 4) күрекпен құм лақтыру, 5) көрпемен жабу, 6) аспаздың қақпақты оттағы табаның үстіне ұстауы.

Қауіпсіздік ережелері. Оқушылар үйде өрт шығудан сақтайтын қауіпсіздік ережелері туралы сөйлемдер құрап, оларды жазып қояды.

Жауабы Сіріңкемен ойнауға болмайды. Электржылытқыш құрылғыларды қараусыз қосулы қалдырмау керек. Үйден шығарда міндетті түрде барлық электрқұрылғыларды сөндіру қажет.

ҚБ тапсырмасын орындату.

https://www.youtube.com/watch?v=AXW3OaWkHoo ПОЧЕМУЧКА "19. ГОРЕНИЕ"

Екі балауыз , сіріңке, шыны ыдыс

Суреттер: от жанып жатқан пеш, темір ұстаханасындағы көрік, шам.

Өрт тұтанып жатқан сюжетті сурет

картоннан жасалған ауа құрамы диаграммасының үлгісі;

• ең кіші көлемдегі банканың жартысынан кішірек биіктіктегі үш бірдей балауыз;

• үш тәрелке;

• бір литрлік банка;

• үш литрлік банка.

Сабақтың соңы

Рефлексия:

Не түсіндім? Не түсінбедім? Нені әлі білгім келеді?

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Дифференциациялық тасырма. Оқушыларға өздеріне орындай алатын тапсырманы таңдауға мүмкіндік беріледі.Әр бала өз деңгейіге сай тапсырманы орындайды.

Сабақтың басындығы көңілдерің неге ұқсайтынын естідік, ал енді көңіл күйлеріңді неге теңейсіңдер?

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңызтуралысолжақбағандаберілгенсұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқытутуралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу