Үйкеліс күші дегеніміз не? Жаратылыстану, 3 сынып, дидактикалық материал.


 Дидактикалық материал

 

Жаратылыстану

3-сынып

Үйкеліс күші дегеніміз не?

Деректі материал

Үйкеліс күші бір дененің басқа дене бойымен қозғалуына кедергі келтіреді және үнемі қозғалысқа қарама-қарсы бағытталған.

Үйкеліс күшінің пайда болуының себептері:

 • өзара жанасатын дене беттерінің кедір-бұдырлығы. Денелердің беттері микроскопиялық кедір-бұдыр, қозғалу кезінде олар бір-бірін іліктіреді де кедергі келтіреді.

 • денелердің өзара жанасу нүктелерінде болатын молекулааралық тартылыс. Жазықтық беті анағұрлым тегіс болса, екі дененің молекДидактикалық материаулалары соншалық бір-біріне тартылады.

Тыныштық күйінде тұрған дене беттерінің арасында пайда болатын және олардың қозғалыстарына кедергі келтіретін үйкеліс күші тыныштық үйкелісі деп аталады. Сырғанайтын жазықтықтар арасындағы үйкеліс күші сырғанау үйкелісі деп аталады. Ол тыныштық үйкелісіне қарағанда әлсізірек болады. Егер дене жазықтық бетімен сырғанамай, домаласа, онда жанасу жерлерінде пайда болатын үйкеліс тербеліс үйкелісі деп аталады. Үйкелістің бұл түрі сырғанау үйкелісінеқарағанда айтарлықтай азырақ болады. Тербеліс үйкелісі неғұрлым аз болса, жол соғұрлым қатты болады.

Үйкеліс күшін анықта

 Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық

«Өз тәжірибеңде нені өзгертесің?» (Ойыншық машиналар жүріп өткен қашықтықтар.) Әр топқа тәжірибе жүргізу жоспарын құруды тапсырыңыз.

Бірінші топ. Тақтайдың шетін текшеге қою. Машинаны тақтайдың жоғарғы шетіне қойып, жылжыту. Тоқтау нүктесіне дейінгі қашықтықты өлшеу. Тәжірибені басқа машиналармен жүргізу.

Екінші топ. Тақтайдың шетін текшеге қою. Үстелдің бетіне жазықтық болатындай затты көлбеу орнату. Машинаны жіберу. Тоқтау нүктесіне дейінгі қашықтықты өлшеу. Тәжірибені басқа машиналармен жалғастыру

Үшінші топ. Тақтайдың шетін текшеге қою. Машинаны жіберу. Тоқтау нүктесіне дейінгі қашықтықты өлшеу. Текшелерді бір-бірінің үстіне орналастыра отырып, үш тәжірибе жасау.

Қорытындыны жасау, ал тәжірибені суретін зерттеушінің дәптеріне салу.

Тәжірибе жүргізу жоспарын оның іс жүзіндегі өту сипатымен салыстыру.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу