Үйкеліс күші дегеніміз не? Жаратылыстану, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқамерзімді жоспар
Жаратылыстану 3-сынып | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспаған оқушылар: | |||||||||
Күні: | ||||||||||
Тақырыбы: | Үйкеліс күші дегеніміз не? | |||||||||
Оқу мақсаты: | 3.5.1.3 үйкеліс күшін зерттеу және оның білінуіне мысал келтіру; 3.5.1.4 күштің әсер ету бағытын анықтау 3.1.2.3 экспериментті жоспарлау және жүргізу; 3.1.2.4 жүргізілген эксперимент нәтижесін құрылған жоспарға сәйкес диаграмма түрінде көрсету, қорытынды жасау | |||||||||
Сабақтың мақсаты: | Үйкеліс күші қай кезде пайда болатынын біледі; Үйкелістің түрлерімен танысады. | |||||||||
Бағалау критерийі | Үйкеліс күшіне мысал келтіреді; Үйкелістің түрлерін атайды. | |||||||||
Тілдік мақсат: |
| |||||||||
Құндылықтар: | Дүниетанымын кеңейту, көп білуге ынталану; өзара сыйластық, ынтымақтастықта жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру. | |||||||||
Пәнаралық байланыс | Математика, денешынықтыру | |||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Ауырлық, серпімділік күші туралы біледі, мысал келтіре алады, маңызын атай алады. | |||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Жоспарланған уақыт | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы | Алдынғы білімді пысықтау -Қандай күштерді білесің? -Серпімділік күшін сипатта. -Серпімділік күшін қайдан кездестіруге болады? -Оның қандай маңызы бар? -Ауырлық күшін сипатта. -Ауырлық күшін қайдан кездестіруге болады? -Оның қандай маңызы бар? ҚБ. Мұғалімнің ауызша кері байланысы. Кіріспе тапсырма. «Кімдікі дұрыс?». Фотосуреттерге қарап, сұрақтарға жауап беру (оқулықтағы). -Денені не қозғалтады? (Күш.) -Күш денелердің қозғалысына қалай әсер етеді? (Кейде көмектеседі, кейде кедергі келтіреді, бірақ жылдамдық әрдайым өзгеріп тұрады.) -Фотосуреттерде көрсетілген денелердің қозғалысына әсер ететін күш қандай өзара әрекеттестіктің нәтижесінде пайда болады? (Денелер жанасады, олардың беттері бір-біріне үйкеледі.) | |||||||||
Сабақтың ортасы | Жаңа ұғым енгізу. Ойыншық мәшинені алдымен еденде немесе парта бетінде жүргізіп көру. Одан кейін оның жолына түрлі қолда бар материалдар төсеу: былғары не дермантин, картон қағаз, мата, түкті сүлгі. Мәшиненің қозғалысын сипаттау. –Оның қозғалысы неге байланысты болды? (Жолына төселген материалдарға) –Олар қалай әсер етті? (Қозғалысқа кедергі келтірді) –Материалдардың кедергісі бірдей ме? (Жоқ. Әрқайсысынікі әртүрлі) –Кедергінің әртүрлі болуы неге бойланысты болды? (Материалдың ерекшелігіне, бетіне) Мәшиненің дөңгелегіне кедергі келтіретін қозғалысқа қарсы пайда болатын күш үйкеліс күші деп аталады. Себебін анықта. Әртүрлі беттерді бақылау: парта, дәптер мұқабасы, өшіргіш, алақан. –Олар қандай болып көрінеді? (Алақан мен өшіргіш – жарғақ, қатпарлы, парта мен мұқаба – тегіс.) Аталған заттардың бетін қолмен сипап өту және алақанды бір-біріне үйкеу. –Бұл беттер қандай? (Барлығы кедір-бұдырлы.) Оқулықтағы суретке назар аудару. –Неліктен біз кедір-бұдырларды көрмейміз? (Олар ұсақ. Бірақ оларды үлткейткіш әйнекпен көруге болады.) Әрекет. –Кім велосипед немесе самокат теуіп көрді. Сендер оны қалай тебесіңдер? (Велосипедтың педальдарын айналдыру керек, ал самокат тепкен кезде жерден әрдайым итерілу керек.) –Егер олай істемесе не болады? (Денелер тоқтайды.) Неге? (Үйкеліс күші әсер етеді.) –Бұл күш қозғалысқа қандай әсерін тигізеді? (Кедергі келтіреді.) «Пікірталас» тапсырмасындағы адамның банан қабығынан сырғанап құлап жатқаны бейнеленген суретке қайта қарау, сұрау –Егер үйкеліс күші қозғалысқа бөгет болса, неге адам қозғала бастайды?» (Үйкеліс күші әлсіз.) –Егер үйкеліс күші қозғалысқа кедергі келтірсе, онда ол қайда бағытталған? (қозғалысқа қарама-қарсы.) Тәжірибе жаса. Қарындашты кітаптың үстіне оның түбіртегіне параллель қою. Содан кейін кітаптың жоғарғы жағынан ұстап жайлап көтеру. –Не болып жатыр? (Қарындаш қозғалмайды.) Қозғалмай тұрған, яғни, тыныштықта тұрған қарындашқа тыныштық үйкеліс күші әсер етіп тұр. Одан да жоғарырақ көтеру. (Қарындаш төмен қарай сырғанай бастайды.) Кітапты сәл еңкейте ұстап тұрып, қарындашты қайтадан қою. (Қарындаш қайтадан қозғалмайды.) Кітапты саусақпен шертуді тапсырыңыз. Нені көріп тұрсың? (Қарындаш төмен қарай сырғанайды). Қарындаш сырғанайды, демек пайда болған күш сырғанау үйкеліс күші деп аталады. Сосын қарындашты көлденең қою. Не пайда болды? (Қарындаш домалап қозғалуы.) Бұл тербеліс үйкелісі. Үйкеліс қандай болады? Суреттерге назар аудару. Әрқайсысындағы үйкелістің түрін анықтау. (Біріншісі – сырғанау, екіншісі – домалау, үшіншісі – тыныштық.) –Қай суреттегі құбылысты түсінбедің? (Үшінші). –Неліктен? Тыныштық үйкелісін басқаларымен салыстыру. (Тыныштық үйкелісі ең көп. Дене қозғалмай тұр. Үйкеліс қозғалысқа қарсы бағытталады) –Қандай үйкеліс күші қозғалысқа ең аз әсер етеді? (Домалау.) –Үйкеліс күштерін өсу ретімен орналастыр. (Домалау, сырғанау, тыныштық.) Зертте. Оқушыларды шағын топтарға біріктіру. –Тәжірибеде нені өзгертуге болады? (Массаны, бетті, тақтайдың көлбеулену бұрышы). Тәжірибе саны бойынша үш жұмыс аймағын құруға болады. Әр топқа қажет ресурстар: тақтайлар, ойыншық машиналар, жазықтықтар, текшелер. Зерттеу барысы: –Өз тәжірибеңде нені өзгертесің? (Ойыншық машиналар жүріп өткен қашықтықтар.) Әр топ тәжірибе жүргізу жоспарын құрады. Бірінші топ. Тақтайдың шетін текшеге қою. Машинаны тақтайдың жоғарғы шетіне қойып, жылжыту. Тоқтау нүктесіне дейінгі қашықтықты өлшеу. Тәжірибені басқа машиналармен жүргізу. Екінші топ. Тақтайдың шетін текшеге қою. Үстелдің бетіне жазықтық болатындай затты көлбеу орнату. Машинаны жіберу. Тоқтау нүктесіне дейінгі қашықтықты өлшеу. Тәжірибені басқа машиналармен жалғастыру Үшінші топ. Тақтайдың шетін текшеге қою. Машинаны жіберу. Тоқтау нүктесіне дейінгі қашықтықты өлшеу. Текшелерді бір-бірінің үстіне орналастыра отырып, үш тәжірибе жасау. Қорытындыны жасау, ал тәжірибені суретін зерттеушінің дәптеріне салу. Тәжірибе жүргізу жоспарын оның іс жүзіндегі өту сипатымен салыстыру. Топтардың зерттеу нәтижелерін салыстыру, талқылау. Берілген жұмыс оқушылардың жоспар құрып, тәжірибе жүргізу қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.Оқушылар үйкеліс күшінің түрлі параметрлерге байланыстылығы туралы өз болжамдарына дәлелдемелер келтіре алады. ҚБ. Мұғалімнің ауызша кері байланысы. Ойлан. –Денелер тек қатты жазықтықтар үстімен ғана емес, су мен ауада қозғала ала ма? (Иә, ұшақтар, су асты қайықтары, құстар.) Бұл денелердің пішіндерінің арасында ортақ нәрсе бар ма? (Олардың барлығы тегіс, сүйірленген.) Қалай ойлайсың, неге денелер осындай дөңгеленген, сүйір пішінге келтіріледі? (Ауа мен су олардың қозғалысына кедергі келтірмес үшін.) Сен білесің бе? –Ежелгі адамдар отты қалай тапқанын білесіңдер ме? (Таяқшаның ұшын тақтайға үйкеген.) Алақандарды бір-біріне тез үйкеу. –Не сезесің? (Алақандары сәл қызды.) Өте ыстық болуы үшін не істеу қажет? (Өте тез үйкеу.) Ағаш кесетін араның не бұрғының қызуы туралы мысал келтіруге болады. Үйкеліс денелерді жылытатыны жайлы қорытынды жасау. Өзіндік жұмыс. 31-жұмыс парағы. «Үйкелістің өзгеруі. Сызбаны толықтыр. Оқушылар берілген мысалдарды өсу не кему ретімен сәйкес бағаналарға бөледі, үйкеліске қатысы жоқ мысалдардың астын сызады. Сызбаны өз мысалдармен толықтырады. Жауап: Үйкелістің артуы: «жүк қосу», «домалаудың орнына тыныштық». Үйкелістің кемуі: «жеңіл денені алу», «сырғанаудың орнына домалау», «тыныштықтың орнына сырғанау». Бағытты көрсет. Оқушылар бағыттамамен үйкеліс күшінің бағытын көрсетеді. Жауап: Үйкеліс күші денелердің жылдамдығына қарсы бағытталған. 32-жұмыс парағы. «Үйкелістің түрлері». Сәйкестендір. Оқушылар суреттерді оларға сәйкес келетін үйкеліс түрлерімен сызықпен қосады. Жауап: Тыныштық үйкелісі: жүріп келе жатқан қыз, түйін байланған жіп. Сырғанау үйкелісі - жұмысшы жүкті арқанмен өрге сүйреп келеді, адам шаңғы теуіп жүр. Домалау үйкелісі – жүріп келе жатқан көлік, бала ролик теуіп жүр. ҚБ. Мұғалімнің жазбаша кері байланысы. Қосымша тапсырмалар Үйкеліс күші жанасу аумағына байланысты еместігін дәлелдейтін тағы бір тәжірибе көрсету. Беткі аумағы әртүрлі тақтайшаларды үстелге қойып, оларға серіппелерді бекіту және бірдей созу. Серіппенің созылуын өлшеу. Тақтайшаларды үстелге басқа қырымен қойып, тағы да тарту. Серіппе сондай ұзындыққа созылады. | Мәшине, қолда бар түрлі материалдар. Әр топқа берілетін тақталар; • бірінші топқа текше, массасы әртүрлі үш ойыншық мәшине; • екінші топқа сапасы әртүрлі текше, ойыншық машина және үш жазықтық; • үшінші топқа ойыншық мәшине мен бірнеше текше. әр топқа берілетін үлкен жайпақ табақ; су. | ||||||||
Сабақтың соңы | Рефлексия Кері байланыс. «Жетістік баспалдағы». | |||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||
Топтық тапсырмаларды саралау бойынша беру. Қосымша тапсырма арқылы саралау. Сұрақ қою арқылы саралау | «Өте жақсы!», «Жақсы!», «Талпын!» сияқты комментарий сөздерімен бағалау. Оқушылардың жұмыстарын бақылау арқылы бағалау. Комментарий арқылы ауызша кері байланыс беріп бағалау. «Жетістік баспалдағы» | Сергіту сәті мен белсенді іс-әрекет түрлері. Қауіпсіздік ережесін сақтау | ||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме? Оқу мақсаттарына қол жеткізілмесе себебі неде? Ынтымақтастыққа қол жеткізілді ме? Саралау бойынша жұмыстар дұрыс жүргізілді ме? Уақыт кезеңдері дұрыс сақталды ма? Жоспардан ауытқулар орын алды ма? Неліктен? | ||||||||||
Қорытындылау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?