Қараңғы қай кезде қажет? Жаратылыстану, 1 сынып, сабақ жоспары.
Пән: ғылымға кіріспе Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5- бөлім. Табиғат физикасы: Жарық Күні: 11.04.17 Сынып: 1В | Мектеп: НЗМ Көкшетау қаласы Мұғалімнің аты-жөні: Сагинова Г.Т. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақ тақырыбы | Қараңғы қай кезде қажет? |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.5.2.1жарық пен қараңғылықты салыстыру; |
Сабақ мақсаттары | Қараңғылық деген жарықтың жоқтығы екендігін түсіндіру.Қарапайым тәжірибелер жасау |
Бағалау критерийлері | Айналаның қараңғы болуына жарықтың жоқтығы әсер ететінін түсіндіре алады |
Тілдік мақсаттар | Жарық, қараңғы |
Құндылықтарды дарыту/әлем азаматы/көпмәдениеттілік /интернационализм | Еңбек және шығармашылық |
Пәнаралық байланыстар | Көркем еңбек |
Бастапқы білім | Жарық туралы білімдерін пайдаланады |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||
Сабақтың басы 1-5 мин | Ұ)Ұйымдастыру кезеңі Терең ғылым сананың, Тегі деп ой саламын. Маңыз беріп оқимыз, Ғылымға кіріспе сабағын Балаларға арналған көзге арналған жаттығу жасату. 1.Көзіңді жұмып, 3 рет сана 2.Көздеріңді ашып, алысқа қарап 5 рет санаңдар 3.Жарық пен қараңғыны салыстырыңдар -Қалай ойлайсыңдар, сабақтың тақырыбы қандай болмақ? /оқушылардың жауаптарын тыңдау/ Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау | Интерактивті тақта | ||
Сабақ ортасы 10 мин 5-8 мин 5-7 мин 5 мин | (Т) Зерттейік Мақсаты: жарық пен қараңғыны салыстыру Оқушыларға қолжетімді ресурстарды пайдаланып,қараңғы бұрыштар жасауды ұсыну.Осы бұрыштарына ойыншықтарын орналастыруды ұсыну. Сұрақтар қою: -Қараңғы болу үшін не істедіңдер? -Қараңғыда өздеріңді жайлы сезінесіңдер ме? -Қараңғыда ойыншықтар қалай көрінеді? (Ұ) «Тимошка мен Қараңғылық» ертегісін оқып беру -Жарық пен қараңғы жайлы сөйлесейік.Кімге жарық ұнайды?Неліктен? -Кімге қараңғы кез ұнайды?Неліктен? -Жарық пен қараңғының айырмашылығы неде? -Бұл мезгілдердің қандай уқсастықтары бар? -Қараңғы неден пайда болады? Жарық сәулесі болмағандықтан қараңғы түседі. Жарық болмағанда қараңғы пайда болады.Түнгі уақыт (күн батқаннан таң атқанша) біздің ұйықтауымызға қолайлы мезгіл. /оқушылардың жауаптарын тыңдау/ Оқушылардың жауаптарын мұқият тыңдап, бағалаймын. (Ұ) Ойын ұйымдастыру. Оқушыларды екі топқа бөлу. 1-топ: кез-келген суретті көздерін жұмып салады 2-топ: сол суретті көздерін ашып салады Салып болғаннан кейін суреттерін салыстырады Қараңғының қай кезде қажет екендігін әңгімелеп айтады. (ҚБ)Дәптермен жұмыс Оқушылар дәптерде берілген тапсырмаларды орындайды, жетістік баспалдағы арқылы өздерін бағалайды | Тақырыптық суреттер ертегі
| ||
Сабақтың соңы 3-4 мин | Рефлексия:-Не білдім? -Не қызықты болды? -Қандай қиындықтар кездесті? «Басбармақ» арқылы өздерін бағалайды | |||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||
Өзара бағалау және мұғалімнің бақылауы арқылы бағаланады | Сергіту сәті | |||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||||
Қорытынды бағалау Сабақтың ең ұтымды кезеңдерін атаңыз. 1: 2: Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі сәтті атаңыз. 1: 2: Келесі сабақтың өткізуіне септігін тигізетіндей осы сабақтан сынып және жеке оқушылар жайлы не білдім? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?