Қараңғы кезде. Жаратылыстану, 1 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3A бөлім:Ғарыш

Күні:

Сынып: 1

Физика-Математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Көкшетау қаласы

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Тақырыбы

Қараңғы кезде

Оқу мақсаттары

1.8.1.3 Қараңғылық жарықтың болмауынан пайда болатынын түсіну

Дағдылар

Деректерді табу мен ұсыну

 Бағалау критерийлері:

 

Айналаның қараңғы болуына жарықтың жоқтығы әсер ететінін түсіндіре алады

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар: Табиғи және жасанды жарық көздері тақырыбына қатысты сөздер мен терминдерді біледі және қолданады:

  • Табиғи;
  • Жасанды;
  • Жарық көзі;
  • Жарық;
  • Қараңғы.

 Құндылықтарды дарыту

Еңбек және шығармашылық

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану,өзін-өзі тану, физика пәндерімен байланысты

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылар жарық көздері мен олардың түрлерін білуі тиіс.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(Ұ)Ұйымдастыру кезеңі

Терең ғылым сананың,

Тегідөп ой саламын.

Маңыз беріп оқимыз,

Ғылымға кіріспе сабағын

Оқушыларға күн мен түннің суреттерін көрсетіп, сол бойынша әңгімелесу ұйымдатырамын.

-Суретке назар аударыңдаршы. Не көріп тұрсыңдар?

-Суретте қай мезгіл бейнеленген?

-Екі суретті салыстырып көрейік. Қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар?

-Қай суреттер көп, жарық кез бейнеленген бе, әлде қараңғы уақыт бейнеленген бе?

-Қалай ойлайсыңдар, сабақтың тақырыбы қандай болмақ?

/оқушылардың жауаптарын тыңдау/

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

ҚАРАҢҒЫ КЕЗДЕ

Жетістік критерийлерін анықтап, тақтаға жазу.

Тақырыптық суреттер

Сабақтың ортасы

) Сурет бойынша жұмыс

Жарық пен қараңғылық бейнеленген суреттермен жұмыс ұйымдастыру.

-Балалар, алдарыңдағы суреттерді неше топқа бөлуге болады?

-Қандай топтарға бөлдіңдер?

/Оқушылардың мүмкін болатын жауабы:жарық және қараңғы, немесе күн және түн/

(Ұ,Қ) Диалог құру

-Жарық пен қараңғы жайлы сөйлесейік.Кімге жарық ұнайды?Неліктен?

-Кімге қараңғы кез ұнайды?Неліктен?

-Жарық пен қараңғының айырмашылығы неде?

-Бұл мезгілдердің қандай уқсастықтары бар?

-Қараңғы неден пайда болады?

Жарық сәулесі болмағандықтан қараңғы түседі. Жарық болмағанда қараңғы пайда болады.Түнгі уақыт (күн батқаннан таң атқанша) біздің ұйықтауымызға қолайлы мезгіл.

/оқушылардың жауаптарын тыңдау/

Оқушылардың жауаптарын мұқият тыңдап, бағалаймын.

(Ұ) Ойын ұйымдастыру.

Оқушының көздерін байлап, достарының нұсқауымен қойылған кедергілер алабын жүріп өтеді.

Қалыптастырушы бағалау – оқушылар жарықтың болмау себебінен қараңғы болатынын біледі.

(Т,Ж,Қ) «Жануарлар тіршілігі» энциклопедиясымен жұмыс

Қараңғыда өмір сүретін жануарларды зерттеп табу, мысалы, көртышқандар, теңіз түбіндегі ағзалар. Өздерінің мағлұматтарын сынып алдында ұсыну.

(Ө) Карточкалармен жұмыс

Тақырыптық суреттер

Көңілді әуен

Энциклопедия кітаптары мен «Қараңғыда өмір сүретін жануарлар» сызбасы

Сабақтың соңы

Рефлексия:-Не білдім?

-Не қызықты болды?

-Қандай қиындықтар кездесті?

«Басбармақ» арқылы өздерін бағалайды.

Қосымша ақпарат

Дифференциация –

Энциклопедиямен жасау барысында және оқушылардың қараңғы туралы жақсы ойларын сұраймын.

Жергеқатысты сұрақтарға жауап іздеу.

Бағалау – оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай

жоспарлайсыз?

Суретпен және карточкалармен жұмыс істеу барысында

Пәнара

лық байланысДенсау

лық пен қауіпсіздік сақтау шаралары

Ойын



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу