👈 қаріп өлшемі 👉

Қазақ тілі және әдебиеті_ 1 сынып _7 бөлім_ Тағам және сусын_ Әңгіме жазу_ДИДАКТИКА


Көкөністер сыр шертеді

 Жыл сайын Марат әжесінің үйіне ауылға қонаққа барып тұрады. Ауыл шіркін, жақсы ғой: таза ауа, өзен, күн сәулесі! Аулада достарыңмен таң атқаннан кеш батқанға дейін ойнай аласың.

 Бірақ, тамақтануға байланысты Марат әжесін жиі ренжітіп алатын. Әжесі көкөністер мен жеміс-жидектерден әртүрлі дәмді тамақтар әзірлесе, немересі жегісі келмейтін.

 Немересі: - Бұл тағамды ұнатпаймын. Тамақ ішкім келмейді, сорпа ішіндегі қызарғанды, жасыл шөпті алып тастаңызшы! - деп бетін тыжырайтатын.

 Бір күні, таңғы ас ішер алдында Марат таза ауаға шығып күн сәулесін тамашалап тұрған еді. Кенет бақша жақтан бір дыбыстар естілді. Жақынырақ келіп тыңдаса, көкөністер арасында үлкен талас болып жатыр екен.

 - Мен көкөністердің ішіндегі ең пайдаласымын! Адамға күні бойы жететін күш беремін, –деді картоп.

 - Жоқ, мен пайдалымын! Менде, адамның көзі қартайғанға дейін жақсы көруі үшін пайдалы дәрумендер бар, - деді сәбіз.

 - Жолдастар, күз мезгілінің дымқыл, әрі желді ауа райында адамдар ауырмау үшін мені жеу керек. Менің бойым С дәруменіне толы! – деді асқабақ.

 -О, С дәрумені туралы айтатын болсақ, маған келіңдер! – деп тәтті қызыл бұрыш күлді. Мені көп жеген адам тұмау тиіп ауырмайды.

 -Ал мен болсам, көкөністердің ішіндегі ең пайдалысымын!- деп өзінің жасыл жапырақтарын жөндеп-жөндеп қойды орамжапырақ. Пісіріп те, шикідей де жесең болады. Менен жасалған сорпаның дәмін сендер білесіңдер ме?

 -Несіне барлығың таласып тұрсыңдар, айтыңдаршы маған соны? Пияздың көп ауруға ем екенін білесіңдер ме? Мені қоспай ешқандай ас әзірленбейді, себебі ол дәмсіз болып шығады, - дей сала біреудің тұрғанын байқайды да барлығы түк болмағандай үндемей қалады.

 - Міне керемет, – деп Марат таң қалды! Мен енді әжемнің ботқасын да, көкөністен әзірлеген салатын да,сорпасын да ішетін боламын. Сонда мен күшті, денсаулығы мықты бала боламын.

  Қарны ашқан ол әжесінің таңғы асқа асқабақтан дайындаған ботқасын жеп отырып, енді қандай тамақ болса да таңдамау керек екендігін түсінді.

 

 

1 – топ. Бұрыш

2 – топ. Картоп

3 – топ. Қызанақ

4 – топ. Шалқан

5 – топ. Орамжапырақ

1 – топ.

Көкөністер мен жемістердің суреттері араластырылып беріледі. Оқушылар берілген суреттер арқылы көкөністер мен жемістерді екі топқа бөледі және атауларын жазып берулері керек.

2 – топ.

Көкөністердің суреттері беріледі. Оқушылар берілген көкөністердің аттарын жазып, берілген көкөніс атауының 1-2-ін қатыстыра отырып бір-екі сөйлем құрап жазулары тиіс.

3 – топ.

Берілген жеміс суреттерінің аттарын жазып , сол аталған жемістерге байланысты сөйлем құрап жазулары тиіс.

4 – топ. Жемістер мен көкөністердің пайдасы туралы шағын мәтін жазады.

5 – топ.

Рөлдік қойылым. «Көкөністер сыр шертеді»(музыка әуенімен ортаға әр топтан көкөністердің маскасын киген оқушылар шығады да, өздеріне берілген рөл бойынша өздерін таныстырады, сонымен қатар оларға жемістер мен көкөністер тобына бөлініп, бірлесе таныстыруды ұсынуға болады) ( 11 – слайд)


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» NIS-тің мың домбырашысы Гиннесс рекордтар кітабын бағындырды 26.05.2022
» Президенттің баспасөз қызметі Тоқаевтың 30 жыл бұрынғы суреттерін көрсетті (фото) 22.05.2022
» Қазақстандағы жеңілдетілген автокөлік несиелері: Автосалондар қосымша қызмет алуға мәжбүрлейді 20.05.2022

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы