Қазақ тілі және әдебиеті_ 1 сынып _7 бөлім_ Тағам және сусын_ Әңгіме жазу_ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Пән: қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7-бөлім: Тағам және сусын Күні Сынып: 1В | Мектеп: НЗМ Көкшетау қаласы Мұғалімнің аты-жөні: Сагинова Г.Т. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақ тақырыбы | Әңгіме жазу |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.3.8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу 1.3.6.1 мұғалімнің көмегімен әр түрлі жанр бойынша (хат, құттықтау хат, хабарлама, нұсқаулық) шағын мәтін/жай сөйлемдер құрап жазу 1.3.7.1 мұғалімнің көмегімен сөз, сөйлем, мәтінді тексеру және қателерін түзету. |
Сабақ мақсаттары | Мәтіннің тақырыбы мен стиліне сай тиісті тақырыпқа шағын жазылым таңдап жаза алады. |
Бағалау критерийлері | Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу |
Тілдік мақсаттар | Жеміс және көкөніс атаулары. |
Құндылықтарды дарыту/әлем азаматы/көпмәдениеттілік /интернационализм | Еңбек және шығармашылық |
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану |
Бастапқы білім | Тамақ және сусын тақырыбына байланысты әңгімелер |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||
Сабақтың басы 4 -5 мин | «Шаттық шеңбері» Қайырлы таң, достым! Қайырлы күн болсын! Бүгінгі күн міне, сәттілікке толсын! Сабаққа кіріспе: сабақты ойын ойнаудан бастау Ойын: «Бұл не?» Мақсаты: сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашу Нұсқаулық: Ортаға бір оқушы шығады. Оның қолына көкөніс суреті беріледі, бірақ ол оны өзі көрмейді. Басқа оқушылар ол туралы сипаттап айтады. Мысалы: ол-көкөніс, түсі сары, өзі үлкен, тамаққа қосады.Ішінде дәні болады. Ол пайдалы. Тұрған оқушы оның не екенін табуы керек.(асқабақ) Осылай сәбіз, картоп, бұрыш, пияз туралы айтылады.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау | Интерактивті тақта Ойынға керекті көкөніс суреттері
| ||
Сабақ ортасы 8-10 мин 1-2 мин 13-15 мин
5-6 мин | (Ж) Мәтінмен жұмыс Мақсаты: мәтінді түсініп оқу, мәтінннің мазмұнын түсіну арқылы шығармашылықтарын дамыту Нұсқаулық: 1.Мәтінді іштен оқып шығыңдар 2. Мәтіндегі кейіпкерлерді анықтаңдар. (ҚБ) Кезекпен рөлге бөлініп оқу Сергіту сәті:бейнежазба көру. Берілген сілтеме бойынша оқушылар көкөністер мен жемістер туралы бейнежазба көреді (Т) Топпен жұмыс Дифференциация Сынып бес топқа бөлінген. 1 – топ. Бұрыш 2 – топ. Картоп 3 – топ. Қызанақ 4 – топ. Шалқан 5 – топ. Орамжапырақ 1 – топ. Көкөністер мен жемістердің суреттері араластырылып беріледі. Оқушылар берілген суреттер арқылы көкөністер мен жемістерді екі топқа бөледі және атауларын жазып берулері керек. 2 – топ. Көкөністердің суреттері беріледі. Оқушылар берілген көкөністердің аттарын жазып, берілген көкөніс атауының 1-2-ін қатыстыра отырып бір-екі сөйлем құрап жазулары тиіс. 3 – топ. Берілген жеміс суреттерінің аттарын жазып , сол аталған жемістерге байланысты сөйлем құрап жазулары тиіс. 4 – топ. Жемістер мен көкөністердің пайдасы туралы шағын мәтін жазады. 5 – топ. Рөлдік қойылым. «Көкөністер сыр шертеді»(музыка әуенімен ортаға әр топтан көкөністердің маскасын киген оқушылар шығады да, өздеріне берілген рөл бойынша өздерін таныстырады, мазмұны бойынша қойылым көрсетеді (ҚБ) Әр топ өз жұмысын көрсетеді, қалған топтар «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды | Мәтін Көңілді музыка Топтық тапсырмалар, суреттер | ||
Сабақтың соңы 3-4 мин | Кері байланыс. «Бағдаршам» | Бағдаршам түстері | ||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Жұппен әңгімелеуде түртіп алу, топпен жұмыс барысында берілген тапсырмалардың сауатты орындалуы арқылы, 4 – 5 топтағы оқушылардың жұмыстарын жетістік критерийлері арқылы , сонымен қатар «бағдаршам» кері байланысы арқылы тексеремін. | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||
Қабілетті оқушыларға 4 – 5 топта отырған оқушыларға суретте берілген көкөніс, жеміс түріне байланысты жазылым жазу тапсырылады. Топпен жұмыс барысында қол шапалақтау арқылы қолдау көрсетіледі | Өзара бағалау және мұғалімнің бақылауы арқылы бағаланады | Сергіту сәті | ||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||||
Қорытынды бағалау Сабақтың ең ұтымды кезеңдерін атаңыз. 1: 2: Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі сәтті атаңыз. 1: 2: Келесі сабақтың өткізуіне септігін тигізетіндей осы сабақтан сынып және жеке оқушылар жайлы не білдім? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?