1_Қазақ тілі және әдебиеті_ 1 сынып _7 бөлім_ Тағам және сусын_ Қызықты ертегілер мен әңгіме оқимын_ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7-бөлім: Тағам және сусын

Күні:

Сынып:

Мектеп: НЗМ Көкшетау қаласы

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қызықты ертегілер мен әңгімелер оқимын

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.6.1 мұғалімнің көмегімен әңгімелеу мәтінін/ ерекшелігіне қарай мәтін жанрын (өлең, әңгіме, ертегі)/ стилін (көркем және бейкөркем) ажырату

1.2.2.1 мәтінде автордың кім (не) туралы айтқысы келгенін түсіну

Сабақ мақсаттары

Жеміс немесе көкөніс салатын жасауға рецепт жазамыз.

Бағалау критерийлері

Мәтіннің тақырыбын анықтайды.

Автордың ойын болжап айтады

Тілдік мақсаттар

Тағам және сусын тақырыбына қатысты сөздер

Құндылықтарды дарыту/әлем азаматы/көпмәдениеттілік

/интернационализм

Еңбек және шығармашылық

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, математика

Бастапқы білім

Тағамдар мен сусындар, дәмхана,сүт тағамдары, ет тағамдары,

нан өнімдері.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-2 мин

(Ұ)Психологиялық ахуал:

Мақсаты: Жағымды көңіл-күй орнату

Сабақты оқимыз, көңілге тоқимыз,

Қазақ тілін үйреніп қазақша сөйлейміз.

Сөздер үйренеміз, мәнін түсінеміз,

Келешекте әлі біз, биікке жетеміз...

/оқушылар хормен әндетіп айтады/

Интерактивті тақта

Сабақ ортасы

8-10 мин

6-7 мин

1-2 мин

9-11 мин

«Оңтүстік,солтүстік полюс» арқылы өткен сабақты қайталау.

«Жасырынған тағамды тап» ойыны

Ойынның шарты:

Балалардың бірі тақтаға шығады және кестенің бір бөлімін іштей таңдайды. Қалғандары оған мынадай сұрақтар қояды:

- Ол тағамның пішіні дөңгелек пе?

- Ол тағам төменгі қатарда орналасқан ба ? т.с.с.

Осылайша, оқушының іштей жасырған кестедегі бөлімін сұрақтар қою арқылы табады. Оқушыларға сұрақтар қою арқылы жасырынған тағам - нанның суреті болуы керек.

(Т)ББҮ кестесін толтыру. Нан туралы не білесіңдер?деген сұрақ қойылады.

Не білемін?

Не білгім келеді?

Не үйрендім?

Әр топтың жауабы тыңдалады.

-Дастарханға нан қайдан келеді деп ойлайсыңдар? Неге олай ойлайсыңдар?Оқушылардың ойларын тыңдау.

-Бүгін біз «Бір үзім нан» деген ертегімен танысамыз.

Бір үзім нан.

Баяғы бір заманда бай мен кедей көрші өмір сүріпті. Олардың араздығы сондай, бірін-бірі көргісі келмейді екен. Байдың үйі кең, әдемі болыпты. Іші толған – алтын мен күміс. Ал кедейдің үйі ағаштан жасалған, төбесін бұтамен жапқан қора екен. Алтын мен күміс түгілі, нанын әзер тауып жепті. Егін егіп, оны суарып, күтіп, орып, өз күнін өзі көріпті.Бір жылы көктемде алапат, су тасқыны болады. Бай алтынын көтеріп ағаштың басына шығып кетеді. Ал кедей болса, бір көмбе нанын қойнына салып, ол да ағаштың басына көтеріледі. Су тасқыны он бес күнге созылады. Бір күні қарны ашқан бай кедейге:

- Әй, кедей, сен мына бір кесек алтынды ал да, маған бір үзім нан бер, - дейді.

- Жоқ, алтының өзіңе, нан бере алмаймын, - деп жауап береді кедей. Екінші күні бай кедейден тағы да нан сұрайды.- Алтынымның жартысын берейін, - дейді ол бұл жолы.- Жоқ, бере алмаймын, - деп бұл жолы да кедей келіспейді.Ақыры, аштан өліп бара жатқан соң шыдамай, бай бір үзім нанға барлық алтынын айырбастайтынын айтады. Кедей бәрібір көнбейді. Бойынан күші кеткен бай басы айналып, суға құлап кетеді. Ал, келесі күні су тоқтап, кедей ағаштың басынан түседі. Халықтың: «Алтын, күміс - тас екен, арпа, бидай – ас екен» дейтіні осыған орай айтылған екен.

Топтық жұмыс

Топтың ережесі:

1.Бір-бірін мұқият тыңдау.

2.Біреудің айтқанын қайталамау

3.Тақырыптан ауытқымау.

4.Топта кезектесіп сөйлеу.

5.Сабаққа белсенді қатысу.

1-топ

Бай қандай адам? /сипаттама беру/

2-топ

Кедей қандай адам? /сипаттама беру/

3-топ

«Бір үзім нан» сөзінің мағынасын түсіндіру.

4-топ

«Алтын, күміс - тас екен, арпа, бидай – ас екен» халық даналығын түсіндіру.

5-топ

Ертегінің соңы немен аяқталды?

Шығармашылық жұмыс. (қосымша тапсырма)

Кейіпкерге қарапайым сөздерді қолдана отырып, шағын хат жазу, оны өздері таңдап алу.

1.Байға хат жазу.

2.Кедейге хат жазу.

суреттер

кесте

аудиожазба

Сабақтың соңы

5 мин

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Өзара бағалау және мұғалімнің бақылауы арқылы бағаланады

Сергіту сәті

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Қорытынды бағалау

Сабақтың ең ұтымды кезеңдерін атаңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі сәтті атаңыз.

1:

2:

Келесі сабақтың өткізуіне септігін тигізетіндей осы сабақтан сынып және жеке оқушылар жайлы не білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу