1_Қазақ тілі және әдебиеті_ 1 сынып _7 бөлім_ Тағам және сусын_ Әңгімені мазмұндау_ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР.


Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7-бөлім: Тағам және сусын

Күні:

Сынып:

Мектеп: НЗМ Көкшетау қаласы

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Әңгімені мазмұндау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.3.1 мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау

1.1.2.1 мұғалімнің көмегімен мәтінде кім (не) туралы айтылғанын анықтау

Сабақ мақсаттары

Мәтінде не туралы айтылғанын анықтаймыз. Мәтінді мазмұндаймыз, Әңгіменің негізгі оқиғаларын қимыл арқылы көрсетеміз.

Бағалау критерийлері

Оқиғаның ретін анықтайды.

Мәтіннің мазмұнын жүйелі баяндайды. Мәтінде кім, не туралы айтылғанын анықтайды.

Тілдік мақсаттар

Жеміс және көкөніс атаулары.

Құндылықтарды дарыту/әлем азаматы/көпмәдениеттілік

/интернационализм

Еңбек және шығармашылық

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

Бастапқы білім

Тамақ және сусын тақырыбына байланысты әңгімелер

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

4 -5 мин

«Шаттық шеңбері»

Мынау менің жүрегім,

Бәрі содан басталған.

Мынау басым ақылды,

Барлығын ол басқарған.

Мынау менің оң қолым,

Мынау менің сол қолым

Барлық істі атқарған.

«Сыртқы,ішкі шеңбер» әдісі арқылы өткенді қайталау

Көкөністер туралы жұмбақтар жасыру

1.Әр желінің асты толған көк қоян,Жаз болғанда көк қоянды жеп қоям.Қияр

2.Жасыл ала дөңгелек,Бақшада жатыр дөңгелеп.Қарбыз

3.Жерде жатып желіндейді,Күз түскенше желінбейді.Қауын

4.Үстіне тігіп көк шатыр,Астында қызыл дәу жатырҚызылша

5.Бұл не деген көп киім, жетпіс қабат көп киім.Жаңбыр одан өтпейді, қабат-қабат тоны бар, түймелеуге жетпейді.Орамжапырақ

6.Қауын, қарбыз дей алмайсың,Піскенмен, жей алмайсың.Жарғаныңмен, қап-қатты,Ал асқанда, тәп-тәтті.Асқабақ

7.Сырты жасыл, қап-қатты,Іші қызыл, тәп-тәтті.Қарбыз

8. Жер астына түседі,Сап-сары боп піседіСәбіз

9. Ұрмай-соқпай жылатады,Әркiм бiрақ ұнатады.Пияз

10. Аласа ғана бойы бар, Тоғыз қабат тоны бар.Сарымсақ

Сабақтың мақсатымен танысу:

Мәтінде не туралы айтылғанын анықтаймыз. Мәтінді мазмұндаймыз, әңгіменің негізгі оқиғаларын қимыл арқылы көрсетеміз.

Интерактивті тақта

Жұмбақтар жинағы

Сабақ ортасы

8-10мин

1-2 мин

13-15 мин

5-6 мин

(Ж) Мәтінмен жұмыс: «Өсімдіктер айтысы»

Мақсаты: мәтінді түсініп оқу

Нұсқаулық:

1.Мәтінді іштен оқып шығыңдар

2. Мәтіндегі кейіпкерлерді анықтаңдар.

(ҚБ) Кезекпен рөлге бөлініп оқу

Сергіту сәті

(Т) Мәтіннің мазмұнын ашу

Мақсаты: мәтінннің мазмұнын түсіну арқылы шығармашылықтарын дамыту.

1-топ.

Мәтіндегі өсімдіктердік атын білдіретін сөздерді анықтап, постер жасайды.

2-топ

Мәтіндегі өсімдіктерге байланысты қандай? Деген сұраққа жауап беретін сөздерді анықтап, постер жасайды.

3-топ.

Мәтіндегі өсімдіктерге байланысты қимылды білдіретін сөздерді анықтап, постер жасайды.

4-топ

Мәтін мазмұны бойынша қойылым көрсету.

(ҚБ) Әр топ өз жұмысын қорғайды. Топтар өзара бағалайды.

Әр топтың жауабы тыңдалады.

-Қалай ойлайсыңдар, осы өсімдіктер адамға пайдалы ма? Неге? Оқушылардың ойларын тыңдау.

Дәптермен жұмыс:

Мәтінде кездескен өсімдік тауларын теріп жазу.

Дескриптор:

1.Өсімдік атауын жазу

2.Қатесіз,сауатты жазу

мәтін

көңілді әуен

Флипчарттар, қима сөздер, суреттер, желім.

Сабақтың соңы

3-4 мин

Сабақ бойынша кері байланыс жасау.

Жетістік басплдағы арқылы бағалау.

Мұғалімнің жетекші сұрақтары:

Бүгінгі сабағымыз не жайлы болды?

Мәтіндегі кейіпкерлерге қандай тілек айтасыңдар?

Оқушылар өз ойларын ортаға шығып айтады.

Смайликтер

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Деңгейі жоғары оқушыларға қойылым дайындауға беріледі

Өзара бағалау және мұғалімнің бақылауы арқылы бағаланады

Сергіту сәті

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Қорытынды бағалау

Сабақтың ең ұтымды кезеңдерін атаңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі сәтті атаңыз.

1:

2:

Келесі сабақтың өткізуіне септігін тигізетіндей осы сабақтан сынып және жеке оқушылар жайлы не білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу