қазақ тілі және әдебиеті_ 1 сынып _7 бөлім_ Тағам және сусын_ Әңгімені мазмұндау_ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7-бөлім: Тағам және сусын

Күні: 17.04.17ж

Сынып: 1А

Мектеп: НЗМ Көкшетау қаласы

Мұғалімнің аты-жөні: Сабитова А.С.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Әңгімені мазмұндау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.3.1 мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау

1.1.2.1 мұғалімнің көмегімен мәтінде кім (не) туралы айтылғанын анықтау

Сабақ мақсаттары

Мәтінде не туралы айтылғанын анықтаймыз. Мәтінді мазмұндаймыз, Әңгіменің негізгі оқиғаларын қимыл арқылы көрсетеміз.

Бағалау критерийлері

Оқиғаның ретін анықтайды.

Мәтіннің мазмұнын жүйелі баяндайды. Мәтінде кім, не туралы айтылғанын анықтайды.

Тілдік мақсаттар

Жеміс және көкөніс атаулары.

Құндылықтарды дарыту/әлем азаматы/көпмәдениеттілік

/интернационализм

Еңбек және шығармашылық

Пәнаралық байланыстар

Бастапқы білім

Тамақ және сусын тақырыбына байланысты әңгімелер

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

4 -5 мин

«Шаттық шеңбері»

Қайырлы таң, достым!

Қайырлы күн болсын!

Бүгінгі күн міне, сәттілікке толсын!

Сабаққа кіріспе: көкөністер туралы жұмбақтар жасыру

1.Әр желінің асты толған көк қоян,Жаз болғанда көк қоянды жеп қоям. Қияр

2.Жасыл ала дөңгелек,Бақшада жатыр дөңгелеп. Қарбыз

3.Жерде жатып желіндейді,Күз түскенше желінбейді. Қауын

4.Үстіне тігіп көк шатыр,Астында қызыл дәу жатырҚызылша

5.Бұл не деген көп киім, жетпіс қабат көп киім.Жаңбыр одан өтпейді, қабат-қабат тоны бар, түймелеуге жетпейді. Орамжапырақ

6.Қауын, қарбыз дей алмайсың,Піскенмен, жей алмайсың.Жарғаныңмен, қап-қатты,Ал асқанда, тәп-тәтті.Асқабақ

7.Сырты жасыл, қап-қатты,Іші қызыл, тәп-тәтті. Қарбыз

8. Жер астына түседі,Сап-сары боп піседі Сәбіз

9. Ұрмай-соқпай жылатады,Әркiм бiрақ ұнатады. Пияз

10. Аласа ғана бойы бар, Тоғыз қабат тоны бар.Сарымсақ

Сабақтың мақсатымен танысу:

Мәтінде не туралы айтылғанын анықтаймыз. Мәтінді мазмұндаймыз, әңгіменің негізгі оқиғаларын қимыл арқылы көрсетеміз.

Интерактивті тақта

Жұмбақтар жинағы

Сабақ ортасы

8-10 мин

1-2 мин

13-15 мин

5-6 мин

(Ж) Мәтінмен жұмыс

Мақсаты: мәтінді түсініп оқу

Нұсқаулық:

1.Мәтінді іштен оқып шығыңдар

2. Мәтіндегі кейіпкерлерді анықтаңдар.

(ҚБ) Кезекпен рөлге бөлініп оқу

Сергіту сәті

(Т) Мәтіннің мазмұнын ашу

Мақсаты: мәтінннің мазмұнын түсіну арқылы шығармашылықтарын дамыту.

1-топ.

Мәтіндегі өсімдіктердік атын білдіретін сөздерді анықтап, постер жасайды.

2-топ

Мәтіндегі өсімдіктерге байланысты қандай? Деген сұраққа жауап беретін сөздерді анықтап, постер жасайды.

3-топ.

Мәтіндегі өсімдіктерге байланысты қимылды білдіретін сөздерді анықтап, постер жасайды.

4-топ

Мәтін мазмұны бойынша қойылым көрсету.

(ҚБ) Әр топ өз жұмысын қорғайды. Топтар өзара бағалайды.

Әр топтың жауабы тыңдалады.

-Қалай ойлайсыңдар, осы өсімдіктер адамға пайдалы ма? Неге? Оқушылардың ойларын тыңдау.

(ҚБ) «Тамақтану» тақырыбына сыпайы сөздерді пайдаланып диалог құрастырыңыздар.

мәтін

Флипчарттар, қима сөздер, суреттер, желім.

Сурет

Сабақтың соңы

3-4 мин

Сабақ бойынша кері байланыс жасау.

Не қиын ? Неқызықты? Не маңызды?

Оқушылар көңіл-күй суретінде жазылған әр сұраққа қарап, бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын айтады.

Мұғалімнің жетекші сұрақтары:

Бүгінгі сабағымыз не жайлы болды?

Мәтіндегі кейіпкерлерге қандай тілек айтасыңдар?

Оқушылар өз ойларын ортаға шығып айтады.

Смайликтер

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Деңгейі жоғары оқушыларға қойылым дайындауға беріледі

Өзара бағалау және мұғалімнің бақылауы арқылы бағаланады

Сергіту сәті

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Қорытынды бағалау

Сабақтың ең ұтымды кезеңдерін атаңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі сәтті атаңыз.

1:

2:

Келесі сабақтың өткізуіне септігін тигізетіндей осы сабақтан сынып және жеке оқушылар жайлы не білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу