Қазақ тілі және әдебиет 2 сынып 6 - бөлім Салт - дәстүр және ауыз әдебиеті Аңыз - ертегілерді оқу ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ


Қалыптастырушы бағалау

2 – сынып 3 тоқсан

5-бөлім: Салт – дәстүр және ауыз әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: Аңыз – ертегілерді оқу

ОБ сілтеме

Оқу мақсаты

Бағалауға арналған ұсыныс

О2

Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажыратып, негізгі ойды анықтап оқу

Негізгі оқиғаларға сүйене отырып, мәтіннің (әдеби және әдеби емес) тақырыбын анықтайды

Бөлім тақырыбына сай түрлі мәтіндер таңдаңыз. Мәтінді толығымен дауыстап оқып беріңіз. Оқушылардың мәтіннің мазмұнын , кейіпкерлерін, оқиғасын есте сақтап қалулары үшін әңгімені бірнеше рет оқытыңыз. Басты оқиғаларға сілтеме жасай отырып, әңгіменің жоспарын құруды тапсырыңыз. Әңгімедегі әрбір кейіпкердің іс-әрекетін, оның қандай күй кешкеніне талқылау жасатыңыз. Мәтіндегі негізгі оқиғалар бойынша сұрақтар қоя отырып, оқушыларды мәтіннің тақырыбын анықтауға жетелеңіз және бағалаңыз.

Дағдылар

Жетістік критерийлері

Егер оқушы төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқу мақсатына жетеді

Оқылым

оқиғаларына сүйеніп, мәтіннің әдеби немесе әдеби емес екенін анықтай алады;

жауабын мәтіндегі негізгі оқиғаларға сүйене отырып, дәлелдей алады;

мәтіннің тақырыбын анықтай алады.

 Бірде Ай өзіне көйлек тіктіріп алмақ болыпты. Тігінші Айдың бой тұрқын өлшеп алады да көйлекті пішіп, тігуге кіріседі. Уәделескен шағында Ай көйлегін алуға келсе, көйлегі әрі тар, әрі қысқа болып шығыпты.  - Иә, мен қателескен екем, - дейді тігінші. Сөйтіп, көйлекті қайта пішіп, қайта тіге бастайды. Уәделескен мерзім жақындап, Ай көйлегін алуға тігіншіге тағы келеді.    Бұл жолы да көйлегі шақ келмей, қысқа болып қалыпты.

Иә, тағы да дұрыс өлшемеген екем ғой, - дейді. Айдың толыса

беретініне түсінбеген тігінші. Сонымен қайта өлшеп, қайта пішіп,

қайтадан тігуге кіріседі.  Ай тағы да көйлегін алуға келе жатады. Тігінші киіз үйдің

түтігінен асқанда келе жатқан топ-толық өзі тіккен көйлектен екі

есе үлкен Айды көреді. Не істерін білмей, сасқалақтап тігінші басы

ауған жаққа қаша жөнеледі. Ай ары іздеп, бері іздеп тігіншіні таба

алмай қалады. Сол себепті, Ай көйлексіз жалаңаш қалыпты.

Тапсырма 1 . Мәтінге ат қой.

Тапсырма 2. Сұрақтарға жауап беру.

  • Мәтінде не туралы айтылған?
  • Айдың неге осылай өзгергенін түсіндір?
  • Мәтінді басқаша қалай атауға болады?
  • Мәтінді ойларыңнан ары қарай жалғастырыңдар.

Тапсырма 3. Мәтіннің үшінші бөлігін дәптеріңе жазып, зат есімдерді тауып, олар зат есімнің қай түріне жататынын анықтаңдар.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу