Қазақ тілі және әдебиеті 1 сынып 5-бөлім «Cаяхат»Саяхат туралы жазылым ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп: Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:16 02/16

Мұғалімнің аты-жөні :Иманбаева Н.З

Сынып: 1А

Пән: Қазақ тілі және әдебиет

Қатысқандар:20

Қатыспағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы

5 -бөлім «Cаяхат» Саяхат туралы жазылым

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

1.3.4.1 Берілген тақырыпқа мұғалімнің көмегімен жай сөйлемдер құрастырып жазады

1.3.12.1 Мұғалімнің көмегімен сөйлем ішінде және соңында қойылатын тыныс белгілерін ажыратады

1.3.8.1 Өзінің жазған сөйлемдерін мұғалімнің көмегімен жетілдіреді, үлгі бойынша түзетеді

Сабақ мақсаттары

Берілген тақырыпқа мұғалімнің көмегімен жай сөйлемдер құрастырып жазады

Мұғалімнің көмегімен сөйлем ішінде және соңында қойылатын тыныс белгілерін ажыратады

Өзінің жазған сөйлемдерін мұғалімнің көмегімен жетілдіреді, үлгі бойынша түзетеді.

Жетістік критерилері

Саяхатқа қатысты сөздерді, сөз тіркестерін үйренеді.

саяхат туралы ойларын байланыстырып жаза алады.

Сөздік қор

жолсерік, Бурабай, Жұмбақтас,Оқжетпес

Құндылықтарды дарыту

Оқушылардың ұжымдық жұмысын дамыту

Пәнаралық байланыстар

дүниетану, ғылымға кіріспе

Алдыңғы меңгерілген білім

Хат жазу.Тасымал.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларға жайлы ахуал ұйымдастыру

Шаттық шеңбері

Шеңбер болып тұрайық,

Бізге келсін қуаныш нұр іздеген.

Шуақ толы жанымыз, жүрегіміз,

Үлгі алсын көрген жан мына бізден.

ОМ анықтап алу

Бүгін сабақта саяхатқа қатысты сөздерді сөз тіркестерін үйренеміз.

саяхат туралы ойымызды байланыстырып жаза аламыз.

Сабақ ортасы

(М.К)

Оқушылардың сөздік қорын кеңейту мақсатында «Тізімін жаса» ойыны ұйымдастыру

Сендер қандай жер су аттарын білесіңдер?

Білетін жер-су аттарын алфавит ретімен жазып шығыңдар.

Қала атаулары бас әріппен жазылады.

Балалар бүгін Көкшетау қаласына саяхат жасаймыз.

Көкшетау таулары үстіндегі аспан көкпеңбек нұрлы, ауасы тұнық мөлдір болғандықтан да «Көкше тау» деп аталады.

Оқжетпеc - Жарық дүниенің көзін көріп, Бурабайда ертеректе Оқжетпес деген батыр өмір сүрген.

Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы Ақмола облысының Щучье ауданында орналасқан.

Теңіз деңгейінен 319 метр биіктікте орналасқан. Көл шығанағындағы Жұмбақтас тауы Бурабай нышанына айналған.

(Ұ.Т)

Біз саяхатты Астана қаласына дейін пойызбен одан әрі Көкшетау қаласына дейін электропойызбен барамыз.

Мәтінді оқы. Қарамен жазылған сөздер не себепті бас әріппен жазылған деп ойлайсыңдар?

Оқушыларға қала атаулары бас әріппен жазылатынын айту.

Пойызда екі оқушымен таныстым.

Бірінің есімі Ернар, екіншісінің аты -Ділнұр. Олар да Көкшетауға бара жатыр. Жас математика арналған арналған, бес күндік оқуға шақырылған екен. Біздер Оқжетпес шыңы Жұмбақтас, Бурабай көлі туралы әңгімелестік бірге қыдыруды жоспарладық.

Мәтінде не туралы айтқан?

Олар қайда танысты?

Бұл оқушылар қай жерге барды?

Көкшетауға не үшін бара жатыр екен?

Жолда олар не туралы сөйлесті?

Балалар сөзді қалай буынға бөлеміз?

Ережені еске түсірейікші?

Сөздер буындардан құралады?

Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.

«Буыннан сөз құра» ойыны.

/ Ас, та, на, Оқ, жет, пес,Бу,ра, бай / - буындардан сөз құрайды.

«Буынға бөл» ойыны

Оқушылар бір-біріне кез-келген сөз айтып допты лақтырады.Келесі оқушы допты қағып алып,сол сөзді буынға бөледі.

мысалы: Қарағай- қа-ра-ғай, автобус- ав-то -бус. т.с.с.

Тасымалдалдау туралы не айтасыңдар?

Ережені еске түсіру. Жазу жолына сыймаған сөз буынға бөліп тасымалданады. Сөздердің тасымалданбаған бөлігінен соң сызықша (дефис) қойылады.

Тасымалдау жолын көрсет.

Оқыған мәтіннен пойызда, математиктер,саяхат, жоспарладық -сөздерін тасымалдау

Сергіту сәті

Қоюланып тағы ұлт

Жауды жаңбыр себелеп

жапырақты жамылып

Бұға қалды көбелек

)Ойланайық

Адамдар неліктен саяхат жасайды?

Саяхат жасауға байланысты 3 себеп ойлап жаз.

Саяхаттың қандай пайдасы бар?

Сен қайда саяхатқа шықтың?

Саяхат саған несімен ұнады?

Адамдарға саяхатқа шығу ұнайды, себебі _________________________________________

Маған саяхатқа шығу ұнайды, өйткені__________________

Балаларға саяхат ұнайды, себебі_________________________________

Ойланайық!

Суретке қарап, қала атауларын тауып көр.

Қарағанды, Көкшетау, Алматы ,Үштөбе, Жаңа тас, Жаңаөзен, Бесағаш

Өздерің қандай жер-су аттарын білесіңдер?

Оларды алфавит ретімен жазыңдар

ламинатталған қағаз маркер

Буынға бөлінген сөздер жазылған кеспе қағаздар

презентация

Сабақтың соңы

Сабақты қорытындылау.(Ұ) Кері байланыс.

Бүгін саяхат туралы не білдіңдер?

Жер-су аттары қалай жазылады ?

Сөзді қалай тасымалдаймыз?

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Дифференциация іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың дербес қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу

Сөйлемді толықтырып жазуда қиналған оқушыларға жеке қолдау көрсету.

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Сөздерді сауатты жазып үйренеді.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Сергіту сәттерін ұйымдастыру



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу