👈 қаріп өлшемі 👉

Қазақ тілі және әдебиеті 1 сынып 5-бөлім «Cаяхат»Хат жазу. Саяхат сәттері ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Саяхат

Мектеп: Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:16 02/16

Мұғалімнің аты-жөні :Иманбаева Н.З

Сынып: 1А

Пән: Қазақ тілі және әдебиеті

Қатысқандар:20

Қатыспағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы

5 -бөлім «Cаяхат»

Хат жазу. Саяхат сәттері.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

1.3.4.1 Берілген тақырыпқа мұғалімнің көмегімен жай сөйлемдер құрастырып жазады .

1.3.12.1 Мұғалімнің көмегімен сөйлем ішінде және соңында қойылатын тыныс белгілерін ажыратады.

1.3.8.1 Өзінің жазған сөйлемдерін мұғалімнің көмегімен жетілдіреді, үлгі бойынша түзетеді.

Сабақ мақсаттары

Берілген тақырыпқа мұғалімнің көмегімен жай сөйлемдер құрастырып жазады

Мұғалімнің көмегімен сөйлем ішінде және соңында қойылатын тыныс белгілерін ажыратады

Өзінің жазған сөйлемдерін мұғалімнің көмегімен жетілдіреді, үлгі бойынша түзетеді.

Жетістік критерилері

Саяхатқа қатысты сөздерді, сөз тіркестерін үйренеді.

саяхат туралы ойларын байланыстырып жаза алдаы.

Сөздік қор

жолсерік, Бурабай, Жұмбақтас,Оқжетпес

Құндылықтарды дарыту

Оқушылардың ұжымдық жұмысын дамыту

Пәнаралық байланыстар

дүниетану, ғылымға кіріспе

Алдыңғы меңгерілген білім

Хат жазу.Тасымал.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларға жайлы ахуал ұйымдастыру

Шаттық шеңбері

Шеңбер болып тұрайық,

Бізге келсін қуаныш нұр іздеген.

Шуақ толы жанымыз, жүрегіміз,

Үлгі алсын көрген жан мына бізден.

ОМ анықтап алу

Бүгін сабақта саяхатқа қатысты сөздерді сөз тіркестерін үйренеміз.

саяхат туралы ойымызды байланыстырып жаза аламыз.

Сабақ ортасы

(М.К)

Оқушылардың сөздік қорын кеңейту мақсатында «Тізімін жаса» ойыны ұйымдастыру

Сендер қандай жер су аттарын білесіңдер?

Білетін жер-су аттарын алфавит ретімен жазып шығыңдар.

-Қала атаулары бас әріппен жазылады.

-Балалар бүгін Көкшетау қаласына саяхат жасаймыз.

Көкшетау таулары үстіндегі аспан көкпеңбек нұрлы, ауасы тұнық мөлдір болғандықтан да «Көкше тау» деп аталады.

Оқжетпес-Жарық дүниенің көзін көріп, Бурабайда ертеректе Оқжетпес деген батыр өмір сүрген.

Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы Ақмола облысының Щучье ауданында орналасқан.

Теңіз деңгейінен 319 метр биіктікте орналасқан. Көл шығанағындағы Жұмбақтас тауы Бурабай нышанына айналған.

(Ұ.Т)

Біз саяхатты Астана қаласына дейін пойызбен одан әрі Көкшетау қаласына дейін электропойызбен барамыз.

Мәтінді оқы. Қарамен жазылған сөздер не себепті бас әріппен жазылған деп ойлайсыңдар?

-Оқушыларға қала атаулары бас әріппен жазылатынын айту.

Пойызда екі оқушымен таныстым.

Бірінің есімі Ернар, екіншіснің аты-Ділнұр. Олар да Көкшетауға бара жатыр. Жас математика арналған арналған, бес күндік оқуға шақырылған екен. Біздер Оқжетпес шыңы Жұмбақтас, Бурабай көлі туралы әңгімелестік бірге қыдыруды жоспарладық.

Мәтінде не туралы айтқан?

Олар қайда танысты?

Бұл оқушылар қай жерге барды?

Көкшетауға не үшін бар жатыр жатыр екен?

Жолда олар не туралы сөйлесті?

-Балалар сөзді қалай буынға бөлеміз?

-Ережені еске түсірейікші?

-Сөздер буындардан құралады?

-Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.

«Буыннан сөз құра» ойыны.

/Ас, та, на, Оқ, жет, пес,Бу,ра, бай/ - буындардан сөз құрайды.

«Буынға бөл» ойыны

Оқушылар бір-біріне кез-келген сөз айтып допты лақтырады.Келесі оқушы допты қағып алып,сол сөзді буынға бөледі.

мысалы: Қарағай- қа-ра-ғай, автобус- ав-то -бус. т.с.с.

Тасымалдалдау туралы не айтасыңдар?

Ережені еске түсіру. Жазу жолына сыймаған сөз буынға бөліп тасымалданады. Сөздердің тасымалданбаған бөлігінен соң сызықша (дефис) қойылады.

Тасымалдау жолын көрсет.

Оқыған мәтіннен пойызда, математиктер,саяхат, жоспарладық -сөздерін тасымалдау

Сергіту сәті

Қоюланып тағы ұлт

Жауды жаңбыр себелеп

жапырақты жамылып

Бұға қалды көбелек

(Т)Ойланайық

Адамдар неліктен саяхат жасайды?

Саяхат жасауға байланысты 3 себеп ойлап жаз.

Саяхаттың қандай пайдасы бар?

Сен қайда саяхатқы шықтың?

Саяхат саған несімен ұнады?

Адамдарға саяхатқа шығу ұнайды, себебі _________________________________________

Маған саяхатқа шығу ұнайды, өйткені__________________

Балаларға саяхат ұнайды, себебі_________________________________

Ойланайық!

Суретке қарап, қала атауларын тауып көр.

Қарағанды, Көкшетау, Алматы ,Үштөбе, Жаңа тас, Жаңаөзен, Бесағаш

Өздерің қандай жер-су аттарын білесіңдер?

Оларды алфавит ретімен жазыңдар

ламинатталған қағаз маркер

Буынға бөлінген сөздер жазылған кеспеқағаздар

презентация

Сабақтың соңы

Сабақты қорытындылау.(Ұ) Кері байланыс.

Бүгін саяхат туралы не білдіңдер?

Жер-су аттары қалай жазылады ?

Сөзді қалай тасымалдаймыз?

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Дифференциация іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың дербес қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу

Сөйлемді толықтырып жазуда қиналған оқушыларға жеке қолдау көрсету.

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Сөздерді сауатты жазып үйренеді.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Сергіту сәттерін ұйымдастыру


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» NIS-тің мың домбырашысы Гиннесс рекордтар кітабын бағындырды 26.05.2022
» Президенттің баспасөз қызметі Тоқаевтың 30 жыл бұрынғы суреттерін көрсетті (фото) 22.05.2022
» Қазақстандағы жеңілдетілген автокөлік несиелері: Автосалондар қосымша қызмет алуға мәжбүрлейді 20.05.2022

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы