Қазақ тілі және әдебиеті 1 сынып 5 бөлім Саяхат Хат жазу ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Саяхат | Мектеп: Физика-Математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні :Боранбаева А.К. | ||
Сынып: | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | ||
Сабақ тақырыбы | Хат жазу | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасы на сілтемеу) | Ж 12.Мұғалімнің көмегімен сөйлем ішінде және соңында қойылатын тыныс белгілерін ажыратады | ||
Сабақ мақсаттары | Қарапайым сипаттама сөздерді қолдананып, саяхатты, саяхат кезіндегі кейіпкерлерді сипаттайды.Сұрақтарға жауап береді. | ||
Жетістік критерилері
| Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді: сөйлемді бас әріппен жазып, соңына тиісті тыныс белгілерін қоя алады. | ||
Сөздік қор | Саяхат түрлерін, саяхатпен байланысты сөздер мен жер атауларын біледі.Тыныс белгілерінің атауларын, сөздер мен сөйлем ұғымдарын біледі. | ||
Құндылықтарды дарыту | Еңбек және шығармашылық. | ||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану, ғылымға кіріспе | ||
Алдыңғы меңгерілген білім | 5-бөлім оқушылардың алдыңғы тоқсанда алған білімдері мен дағдыларға негізделеді. Оқушылар әдеби және әдеби емес мәтін үлгілерімен таныс болады және сөздерді оқу үшін әр түрлі стратегиялармен танысады. | ||
Сабақ барысы | |||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |
Сабақтың басы | (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі: Балалардың көңіл күйлерін сұрау. «Шаттық шеңбері» Балалар бір - біріне жылулық сыйлап, шеңбер бойымен жүріп, тақпақты хормен айтады. Шашы – алтын, көзі - от,Шыға ғой, Күн, тезірек.Шуақ берші, жылу бер,Маған оған, досыма,Тағы, тағы, тағы да! (Ұ) Сабақтың тақырыбын ашу -Балалар, ребусты шешсек, сабақтың тақырыбын білеміз. -Сонымен, сабағымыздың тақырыбы: Хат жазу -Хат деген не? -Хатты кімге жазуға болады? -Бүгінгі сабақтың мақсаты қандай деп ойлайсыңдар? -Жетістік критерийлерін құрайық. /Оқушылардың жауаптарын тыңдау/ | Интерактивті тақтада жазылған өлең жолдары. Интерактивті тақтада ребус Сабақтың тақырыбы мен мақсаты, оқушылардың айтқан критерийлерін жазу үшін флипчарт пен маркерлер | |
Сабақ ортасы
| (МК) -Балалар, бүгін біз қаламызға келген саяхатшы рөлін сомдаймыз. Сондықтан қазір қаламызды аралап, әдемі, қызықты жерлерін есімізге түсірейік. /презентацияны тамашалап, Көкшетаудың көрікті жерлері жайлы әңгімелесу/ (Ұ) «Бірігіп жазу» Қаланың көрікті жері туралы бірігіп хат жазу. Мәтіннің өткен шақта жазылу үлгісін көрсету.Хатты басынан аяғына дейін оқыту, мазмұнын талқылап, тыныс белгілеріне назарын аударту. Сөйлемді жазу ережелерін еске түсіру. Оқушылар айтады: Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріппен жазылады.Сөйлемнің соңына нүкте /./, леп белгісі /!/ немесе сұрақ белгісі /?/ қойылады. Сергіту сәті: Достардың биі (Т) Шығармашылық тапсырма Тапсырма:Жергілікті жерге байланысты өз сезімдерін жеткізу үшін сөздерді дұрыс таңдап, кейіпкердің атынан хат жазу.Хатты безендіру:ашық хат жасау /сурет салу, бояу т.б./ Мәтін құру барысында оқушыларға «Бағытталған жазу» әдісі арқылы өткен шақты қолданып жазғызу. Оқушылардың іс-әрекеті:Оқушылар топта бірігіп отырып, берілген ресурстарды пайдалана отырып, ашық хат жасайды.Ашық хаттың сыртын безендіріп, ішкі парақтарына Көкшетаудың көрікті жері туралы 3-4 жай сөйлеммен хат жазады.Ашық хаттарын ортаға шығып таныстырады (Б) Топтар бір-бірін «2 жұлдызша, 1 тілек» арқылы бағалайды. (Ө)Хат жазу Тапсырма:Жазылған хатты оқы.Сөйлемдерді бас әріппен жазып, қате қойылған тыныс белгілерін түзетіп, көшіріп жаз. (ҚБ) Оқушылардың сөйлемді бас әріппен жазып, соңына тиісті тыныс белгілерін қойып, хатты сауатты жаза білу қабілеттерін бағалаймын. | Көкшетаудың көрікті жерлері жайлы презентация Хат жазуға арналған флипчарт пен маркерлер «Достардың биі» көңілді би жаттығулары Ашық хат жасауға арналған А3 форматындағы ақ парақтар, маркерлер мен түрлі-түсті қарындаштар. Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма парақтары. | |
Сабақтың соңы | Рефлексия:
Өз-өзін бағалау: -Сабақтың соңында кім қандай деңгейде? -Баспалдақтағы өздеріңнің орындарыңды анықтап, аттарыңды стикерге жазыңдар да баспалдақтағы өз орындарыңа стикерді жабыстырыңдар. | «Баспалдақ» суреті мен стикерлер | |
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? Қалыптастырушы бағалау арқылы, тірек сөздер, сюжетсіз суреттер . | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |
Қабілетті балалар сөйлемді сауатты дұрыс жаза алады.Өз ойларын жазбаша еркін білдіре алады. | Есте сақтауға байланысты тапсырмалар арқылы | Денсаулық сақтау технологиялар Қауіпсіздік техникасының ережелерімен таныстыру | |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | |||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?