Қазақ тілі және әдебиеті 1 сынып 5 бөлім Саяхат Саяхатты сипаттау ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Саяхат | Мектеп: Физика-Математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні : | ||
Сынып: 1 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | ||
Сабақ тақырыбы | Саяхатты сипаттау | ||
Оқу мақсаттары | О1 Әңгіменің мазмұнын түсінеді,басты кейіпкерлерін анықтайды және қарапайым мәтіндерден нақты ақпаратты табады. | ||
Сабақ мақсаттары | Қарапайым сипаттама сөздерді қолдананып, саяхатты, саяхат кезіндегі кейіпкерлерді сипаттайды.Сұрақтарға жауап береді. | ||
Бағалау критерийлері
| Әңгіменің басты кейіпкерлерін атай алады; Мәтіннің мазмұнына сүйене отырып, нақты ақпараттарды таба алады. | ||
Сөздік қор | Жаяу жүру, жеңіл көлікпен бару, автобуспен бару,жақын, алыс,саяхат,карта.ұшақпен ұшу,пойызбен бару | ||
Құндылықтарды дарыту | Еңбек және шығармашылық. | ||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану, ғылымға кіріспе | ||
Алдыңғы меңгерілген білім | 5-бөлім оқушылардың алдыңғы тоқсанда алған білімдері мен дағдыларға негізделеді. Оқушылар әдеби және әдеби емес мәтін үлгілерімен таныс болады және сөздерді оқу үшін әр түрлі стратегиялармен танысады. | ||
Сабақ барысы | |||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |
Сабақтың басы | (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі: Балалардың көңіл күйлерін сұрау. «Шаттық шеңбері» Балалар бір - біріне жылулық сыйлап, шеңбер бойымен жүріп, тақпақты хормен айтады. Шашы – алтын, көзі - от,Шыға ғой, Күн, тезірек.Шуақ берші, жылу бер,Маған оған, досыма,Тағы, тағы, тағы да! (Ұ) «Сөз маржан» ойыны -Балалар, қима әріптерді ретімен дұрыс орналастырсақ, сабақтың тақырыбын білеміз. -Сонымен, сабағымыздың тақырыбы:САЯХАТТЫ СИПАТТАУ -Саяхат деген не? -Саяхатты қайда жасауға болады? -Бүгінгі сабақтың мақсаты қандай деп ойлайсыңдар? /Оқушылардың жауаптарын тыңдау/ -Балалар, бүгін біз саяхатқа қалай дайындалу керек екені жайлы танысамыз. Саяхатта өзін-өзі ұстау ережелері мен қауіпсіздік ережелерін есімізге түсірейік. /Ережелерді еске түсіру/ | Интерактивті тақтада жазылған өлең жолдары. Қима әріптер | |
Сабақ ортасы
| (Т) -Балалар, бүгін жай саяхат емес. Бүгінгі сабақта біз бір кейіпкермен бірге орманға саяхат жасаймыз.Оның атын мына жұмбақты шешсеңдер білесіңдер. /Әр топқа жұмбақ таратылады. Оқушылар топта отырып, жұмбақты оқиды, талқылайды, шешуін табады./ Сап-сары, доп-домалақ, Жүгіреді домалап, Жұп-жұмсақ, тәп-тәтті, Жеген адамды таңырқатты. -Балалар, жұмбақтың шешуі не? /бауырсақ/ -Бауырсақты сипаттап көрейік. –Оның дәмі қандай екен? -Түсі қандай болады? -Көлемі мен пішіні туралы не айтуға болады? /бауырсақтың суретін көрсету/ (Ұ)Сөздік талдау -Бауырсақ сөзі қай әріптен басталады? -Б дыбысы қандай дыбыс? -Неге дауыссыз дыбыстарға жатқызамыз? -Қай сөздерде б дыбысы бар? -Қандай сөздер б дыбысынан басталады? /Б дыбысын хормен және жеке айтқызу, сөздердегі орнын анықтау, баспа және жазба түрлерін көрсету, Бб әріптерін жазғызу/ -Бауырсақ жайлы қандай ертегі білесіңдер? -Ендеше осы ертегіні есімізге түсірейік. (МК) «Бауырсақ» ертегісі Оқушылар ертегіні тыңдайды. Тыңдау барысында стопкадрлар жасалынып, оқушылар бауырсақтың іс-әрекетін сипаттайды. (ҚБ)Оқушылардың ертегіні түсініп, кей бір жерлерін сипаттай алуын бағалаймын. -Бауырсақ не істеді? -Қайда қашып кетті? -Орманда кіммен кездесті? -Одан қалай құтылды? -Ертегі немен аяқталды? Сергіту сәті: «Бауырсақтар жаттығуы» (Ө) Дәптермен жұмыс. 1/Оқушылар дәптерлеріне ертегідегі кейіпкерлерді жазады.Жазу барысында орфографиялық және пунктуациялық нормаларды сақтап, сөздерді дұрыс жазып, тиісті тыныс белгілерін қояды. 2/Ертегі кейіпкерлерімен сөз тіркестерін құрастыру Мысалы: қу түлкі, қорқақ қоян, сұр аю, ақымақ қасқыр,т.б (Т) Рөлдік ойын Топтағы балалар рөлдерді бөліп алып ,«Бауырсақ» ертегісін сахналайды. (Ө) Шығармашылық тапсырма Ертегі мазмұны бойынша сурет салу | Жұмбақ жазылған А4 парақтары, бауырсақтың суреті Бб әріптері, жазылу үлгісі, жазу дәптерлері «Бауырсақ» ертегісінің аудиожазбасы және суреттері. «Бауырсақтар жаттығуы» сергіту сәтінің аудиожазбасы Ертегі кейіпкерлерінің атаулары Ертегі кейіпкерлерінің бетперделері Түрлі-түсті қарындаштар мен альбом | |
Сабақтың соңы | Рефлексия:
Өз-өзін бағалау: -Сабақтың соңында кім қандай деңгейде? -Баспалдақтағы өздеріңнің орындарыңды анықтап, аттарыңды стикерге жазыңдар да баспалдақтағы өз орындарыңа стикерді жабыстырыңдар. | «Баспалдақ» суреті мен стикерлер | |
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? Қалыптастырушы бағалау арқылы, тірек сөздер, сюжетті суреттер . | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |
Қабілетті балалар бір –біріне сұрақ қойып жауап бере алады. | Есте сақтауға байланысты тапсырмалар арқылы | Денсаулық сақтау технологиялар Қауіпсіздік техникасының ережелерімен таныстыру | |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | |||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?