Қазақ тілі және әдебиеті 1 сынып 5 бөлім Саяхат Саяхатты сипаттау ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Саяхат

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні :

Сынып:

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Саяхатты сипаттау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасы

на сілтемеу)

1.2.5.1 Мәтін/илюстрация бойынша сұрақтар қоя білу, оқығаны бойынша қойылған сұраққа жауап беру мұғалім қолдауымен.

Сабақ мақсаттары

Саяхат жайлы жаңа сөздерді үйренеді.Қарапайым сұрақтарды қоя біледі.Сөздер мен сөз тіркестерін диалог кезінде қолданады.

Бағалау критерилері

 

Мәтіннің мазмұны немесе сурет бойынша сұрақтар құрастыра алады;

мәтіннің мазмұны бойынша қарапайым сұрақтарға жауап бере алады.

 Сөздік қор

Жаяу жүру, жеңіл көлікпен бару, автобуспен бару,жақын, алыс,саяхат,карта,ұшақпен ұшу,пойызбен бару, саяхатшы, саяхат жасау, жол маршруты.

Құндылықтарды

дарыту

 Еңбек және шығармашылық.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, ғылымға кіріспе

Алдыңғы меңгерілген білім

5-бөлім оқушылардың алдыңғы тоқсанда алған білімдері мен дағдыларға негізделеді. Оқушылар әдеби және әдеби емес мәтін үлгілерімен таныс болады және сөздерді оқу үшін әр түрлі стратегиялармен танысады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин

3 мин

3 мин

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі: Балалардың көңіл күйлерін сұрау.Ұранды музыкамен қосылып айту.

Сабақты оқимыз, көңілге тоқимыз,

Қазақ тілін үйреніп қазақша сөйлейміз.

Сөздер үйренеміз, мәнін түсінеміз,

Келешекте әлі біз, биікке жетеміз...

/оқушылар хормен әндетіп айтады/

(Ұ) «Сөз маржан» ойыны

-Балалар, ребустағы жасырын сөзді тапсақ сабақтың тақырыбын білеміз.

САЯ

-Бүгінгі сабақтың тақырыбы :

САЯХАТТЫ СИПАТТАУ

(Ұ) Сөздік жұмыс

-Саяхат деген не?

«саяхат» сөзіне фонетикалық талдау жасау

-Саяхат сөзін буынға бөліп айтайық, неше буыннан тұрады?

-2-ші буыны қай дыбыстан тұрады?

Я дыбысын хормен және жеке айтқызу

-Я дыбысы қандай дыбыс?

-Қандай сөздер я дыбысынан басталады?

/х дыбысының сөздердегі орнын анықтау, баспа және жазба түрлерін көрсету, Яя әріптерін жазғызу/

Интерактивті тақтада жазылған өлең жолдары.

Қима әріптер

Сабақ ортасы

5 мин

2 мин

10 мин

6 мин

6 мин

-Бүгінгі сабақтың мақсаты қандай деп ойлайсыңдар?

/Оқушылардың жауаптарын тыңдау/

-Балалар, бүгін біз хайуанаттар бағына саяхат жасаймыз. Сендер кішкентай саяхатшы боласыңдар.

-Балалар, саяхатшының саяхат күнделігі болады.Саяхат кезінде ол бәрін сол күнделікке жазады.Ендеше сендердің дәптерлерің күнделік болсын.Саяхатшының саяхат барысында көптеген сұрақтары болады.Сендер де бүгін сұрақ қойып, көптеген сұрақтарға жауап бересіңдер деп ойлаймын.

(МК) Суретпен жұмыс

-Балалар, хайуанаттар бағында қандай жануарлар бар екенін білгілерің келе ме? Ендеше мына жұмбақтарды шешіп көріңдер.

/оқушылар жұмбақтарды шешіп, хайуанаттар бағындағы жануарларды тамашалайды./

-Балалар, жануарларға бақта тұрған ұнай ма?

-Неліктен ұнайды/ ұнамайды деп ойлайсыңдар?

-Бақтай жануарлар үшін қандай жағдайлар жасалған?

Сергіту сәті:

Тонса біздің қолымыз,

Қолғап киіп аламыз.

Сарт-сарт-сарт,

Шапалақты соғамыз.

Тонса біздің аяғымыз,

Етік киіп аламыз.

Топ-топ-топ.

Топылдатып билейміз.

Тонса біздің денеміз,

Тонды киіп аламыз.

Зу-зу-зу,

Шанамен зулаймыз

(Ж) «Таныс бол! Бұл мен ...»

Оқушыларға кабинеттегі ойыншықтардың арасынан қалағанын алып, жұптасына оны таныстыру тапсырмасы беріледі.

/Оқушылар таңдаған ойыншығын өз жұптасына таныстырып, оның хайуанаттар бағында қалай тіршілік жасайтыны жайлы әңгімелеп айтады /.

(ҚБ) Оқушылардың жануарды таныстырып, оның тіршілігі жайлы әңгімелеп айта білу қабілетін бағалаймын.

(Ө) Дәптермен жұмыс.

Хайуанаттар бағындағы жануарларды жазу.

Яя әріптері, тақырыптық суреттер.

Жұмбақтар

«Хайуанаттар бағында» фото презентация

Әңгіме кейіпкерлерінің атаулары

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия:

  • Бекіту сұрақтары:
  • Саяхатқа қандай заттарды дайындау керек?
  • Орманға саяхат жасауда қандай зат өте қажет?
  • Басқа елге саяхат жасау үшін не маңызды?

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Оқушылардың қойған сұрақтарына жауап беру деңгейін бағалаймын.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілетті балалар бір –біріне қарапайым сұрақ қойып, жауап бере алады.

Есте сақтауға байланысты тапсырмалар арқылы

Денсаулық сақтау технологиялар

Қауіпсіздік техникасының ережелерімен таныстыру

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу