Қазақ тілі және әдебиеті 1 сынып 5-бөлім «Cаяхат»Саяхат туралы жазылым Саяхаттау арманым ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Саяхат

Мектеп: Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:18 02/16

Мұғалімнің аты-жөні :Иманбаева Н.З

Сынып: 1А

Пән: Қазақ тілі және әдебиеті

Қатысқандар:20

Қатыспағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы

5-бөлім «Cаяхат»

Саяхат туралы жазылым Саяхаттау арманым.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

1.3.4.1 Берілген тақырыпқа мұғалімнің көмегімен жай сөйлемдер құрастырып жазады .

1.3.12.1 Мұғалімнің көмегімен сөйлем ішінде және соңында қойылатын тыныс белгілерін ажыратады.

1.3.8.1 Өзінің жазған сөйлемдерін мұғалімнің көмегімен жетілдіреді, үлгі бойынша түзетеді.

Сабақ мақсаттары

Берілген тақырыпқа мұғалімнің көмегімен жай сөйлемдер құрастырып жазады

Мұғалімнің көмегімен сөйлем ішінде және соңында қойылатын тыныс белгілерін ажыратады

Өзінің жазған сөйлемдерін мұғалімнің көмегімен жетілдіреді, үлгі бойынша түзетеді.

Жетістік критерилері

Өлеңді өтірік өлеңге өзгертуді жоспарлайды.

өтірік өлең құрастырады.

Сөздік қор

армансүйгіш, турист, сапар, жүйтку, шарлау.

Құндылықтарды дарыту

Оқушылардың ұжымдық жұмысын дамыту,өзара сыйласымдылықты қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

ғылымға кіріспе.

Алдыңғы меңгерілген білім

саяхат сәттері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларға жайлы ахуал ұйымдастыру

«Комплименттер бұрқасыны» Оқушылар 1-2 минут ішінде бір парақ қағазға өздерінің сыныптастарынан естігісі келетін сөздерді жазады. Жазып болған соң, оқушылар бұл парақты умажадап қармен атысқандай бір-біріне лақтырады.Содан кейін бір -бірден қар домалағын шеңбер бойында тұрып оқиды.

ОМ анықтап алу

Саяхат туралы өтірік өлеңге өзгертуді жоспарлай аламыз, өтірік өлең құрастыруды үйрену.

Сабақ ортасы

)Өтірік өлеңді оқы. Жуан айтылатын сөздерді анықта.

Алыс ұзақ сапарға

Ұшақ мініп барамыз

Көзді ашып жұмғанша

Зулап жетіп барамыз

Аспан асты , бұлт түсті,

Әрі бері жүйткиміз

Біз шарлаған әлемді

Армансүйгіш туристпіз.

-Балалар «Көзді ашып-жұмғанша», «әлемді шарлаған» «әрі бері жүйткиміз» деген сөздерді қалай түсіндіңдер?

-«Армансүйгіш» -деген сөзді қалай түсінесіңдер?

-«Турист»- деген сөз қандай мағына береді?

Өлеңдегі оқиға шындыққа жанасқан ба?

Шын оқиға болса, қандай дәлел келтіресіңдер? Енді осы өлеңге назар аударыңдаршы.

Өлең сөздерін ауыстырып өтірік өлең құрастырып көрейікші.

Өлеңнің бірінші шумағын өзгертіп көрсету.

Алыс, ұзақ бұлттарға,

Тышқан мініп бәріміз.

Көзді ашып жұмғанша,

Асықпай жетіп аламыз.

(Ж)Енді осы өлеңді өздерің өзгертіп көріңдерші.

Өзіңнің жазғаныңды жаныңдағы жұбыңмен бөліс.

-Қандай өзгерту енгіздің?

-Құрастырған өлең қызықты болды ма?

-Жұмысыңа тағы өзгерту енгізгің келе ме?

-Құрастырған өтірік өлеңде қандай дауыссыз дыбыстар бар?

-Олар қалай айтылып тұр? Себебін түсіндір

Өтірік әңгімемен таныстыру.

(Т)

Өзің туып өскен жерге саяхат жасауды жоспарла.Жоспардың жол бағытын саяхат сәтінде ұсынылатын қызмет түрін көрсет.

баруға болатын ерекше орындардың тізімін жаса.

Сабақтың соңы

(Ұ) Сабақты қорытындылау.Бүгін сабақта не өттік?

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Дифференциация іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың дербес қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу

Өтірік өлең жазуда қиналған оқушыларға жеке қолдау көрсету.

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

өтірік өлең жазып үйренеді.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Сергіту сәттерін ұйымдастыру



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу