Қазақ тілі және әдебиеті_ 1- бөлім _Өзім туралы _Өз үйімді сипаттаймын_ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Қысқа мерзімді жоспар

Пән:Қазақ тілі мен әдебиеті

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1-бөлім:Өзім туралы

Күні:

Мектеп: Көкшетау қаласы

физика-математика бағытындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Сагинова Г.Т.

Сынып: 1В

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақтақырыбы

Өз үйімді сипаттаймын. Дыбыс. Сөйлем. Сөйлеу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.9.1 сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау

1.1.9.3 сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтау

Сабақ мақсаттары

Барлығы:дауысты, дауыссыз дыбыс түрлерін ажырата алады

Көбі: сөздегі буын санын анықтайды, буыннан сөздер құрайды.

Кейбірі: сөздерден сөйлемдер құрап айта алады

Бағалау критерийі

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады

Құндылықтарды дарыту

Пәнаралық

байланыстар

Алдыңғы меңгерілген білім

Суреттер бойынша әңгіме құрастыра алады, мәтін бөліктерін ажыратады

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2мин

Сабақтың ортасы

3мин

5мин

5мин

3 мин

3 мин

5 мин

3 мин

5 мин

3 мин

І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық

Бір, екі, үш,

Сынып іші тып-тыныш

Жалқаулықты тастаймыз

Сабақты біз бастаймыз.

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

II. Өткенді пысықтау:

Оқушыларға өткен тақырыптарға қатысты сұрақтар қою:

Дыбыс дегеніміз не?

Дыбыстың қандай түрлері бар?

Дауысты дыбыстар қалай бөлінеді?

Сөздер неден құралады?

Ал буын ше?

Сөзде неше буын бар екенін қалай анықтаймыз?

(Ұ) Ойын: «Қай буынды жоғалттым?»

«Өз үйімді сипаттаймын» тақырыбына қатысты үйренген сөздер бойынша жүргізіледі: бөлме, теледидар, шатыр, баспалдақ, компьютер, орындық, үстел, диван, айна, т.с.с.

Осы сөздермен сөйлемдер құрастырады.

(Ж) «Менің бөлмемдегі заттар»

  • Жұмысты жұппен орындауға тапсырамын.
  • Жұптасып бір-бірінің суретіне қарайды, талқылайды. Ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажыратады.
  • Әр оқушының бөлмесіндегі бір затты атату және буынға бөлгізу.
  • Жұптағы оқушылар бір-біріне өз бөлмесіндегі затты атайды , кезекпен буынға бөледі, сөйлем ойлайды.
  • Алдын ала үйге берілген тапсырма бойынша салып келген суреттері арқылы өз бөлмелерін сипаттап әңгімелейді..

Сергіту сәті:

Оңға түзу тұр,

Солға түзу тұр.

Алға бір адым

Артқа бір адым.

Оңға бұрылып,

Солға үңіліп

Жоғары, төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

Әртүрлі қимылдар жасатып, бірнеше рет қайталату

III. Жаңа білімді меңгерту. Өлеңді мәнерлеп оқу.

Бәрімізге жанашыр

Айжан, Айман үлкені

Айша үйдің кенжесі

Әжеміздің тентегі.

Інілерім еркелеу

Айбар, Қайрат екеуі

Мақтан етем бәрін де

Үйім-бақыт мекені

2. Ой шақыру

  • Өлеңде не туралы жазылғанын әңгімелету.
  • Үй сөзіне көңіл бөлгізу, ондағы дауыссыз дыбыс қайсы екенін сұрау.
  • Ендеше біз сендермен бүгін й әрпімен танысамыз.
  • Осы өлеңдегі й дыбысы кездесетін сөздерді тапқызу, ол адам аттары екенін, бас әріптен басталып жазылатыны туралы еске түсіру.
  • Өлеңдегі Й дыбысы бар сөздерді буынға бөлгізу, сөздегі орнын ажырату.

3. Й дыбысымен таныстыру: Й дыбысы туралы бейнежазба көрсету

- Жаңылтпашты оқу, « й» дыбысының орнын анықтау.

-Й әрпінің айтылуы және жазылуымен таныстыру, оның неліктен дауыссыз дыбыс екендігін өздеріне айтқызу.

(Т) 1-тапсырма Оқулықтағы суреттер бойынша жұмыс: суреттерді қарайды, сөздерді атайды, буынға бөледі. Осы сөздерден сөйлемдер құрастырады.2-тапсырма. Оқулықтан өлеңді топта отырып өз беттерінше оқиды, талқылайды. Өлеңдегі балалардың мінезі қандай? деген сұраққа жауап береді.

4. Дәптермен жұмыс. Көркем жазу минуты: « й» әрпін жазып үйренеді

Қорытынды. Не үйреніп,не білдік?

  • Бүгінгі сабақта не қызықты болды?
  • Сен қандай жаңа сөзбен таныстың?
  • Не маңызды болды деп ойлайсың?
  • Қандай қиындықтар кездесті?
  • Келесі сабақта не білгілерің келеді?

Шаттық шеңбері

Суреттер және сөздер

Өздері салған суреттер

Интерактивті тақта

Бейнежазба

оқулық

Й әрпінің жазба түрі

Сабақтың соңы

2 мин

Рефлексия:

Оқушылар «Еркін микрофон» әдісі бойынша кері байланыс. Кері байланыста оқушылар өз топтарының жұмысымен бірге басқа топтың да жұмыстарын бағалайды және ұсыныстарын береді.

Бұл сабақта оқушылар шығармашылықпен жұмыста топтық жұмыстың пайдасын түсінеді деп ойлаймын.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтық және жұптық тапсырмалар беру арқылы

Өз үйін сипаттағанда толық әрі дұрыс сөйлем құра білуі

Оқу жетістіктерін бағалау:

өз бөлмесін сипаттау;

жұбындағы оқушымен салыстыру;

сөздерді буынға бөлу және сөйлем ойлай алу қабілетін бағалаймын.

Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу