Халықаралық актілер негізінде Қазақстан Республикасы азаматтары құқығының жүзеге асырылуы. Құқық негіздері, 11 сынып, дидактикалық негіздер.


Қазақстан Республикасы Президентiнің жанындағы

Aдам құқықтары жөніндегi комиссия туралы

ЕРЕЖЕ

1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Адам құқықтары жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес танылатын және кепілдiк берiлетiн адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепiлi ретiндегi өзiнiң конституциялық өкілеттiктерiн iске асыруына жәрдемдесетiн консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.

Комиссия қызметiн үйлестiрудi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хатшысы - Сыртқы iстер министрi жүзеге асырады. 30.03.04 ж. N 1325 ҚР Президентінің Жарлығымен 2-тармақ өзгертілді.

2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiн, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк хатшысы - Сыртқы iстер министрінің өкімдерін, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.

3. Комиссияның негiзгi міндеттерi:

1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Республикасында адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепiлi ретiндегi өзiнiң конституциялық мәртебесiн iске асыруы үшiн жағдай жасау;

2) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мен қорғау тетiгiн жетілдiруге жәрдемдесу;

3) орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мен қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру жөніндегi қызметiне жәрдемдесу;

4) адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мен қорғау саласындағы мемлекеттiк саясат тұжырымдамалары мен бағдарламаларын әзiрлеуге қатысу;

5) адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мен қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға жәрдемдесу болып табылады.

4. Комиссияның құзыретi:

1) Мемлекет басшысына және тiкелей Комиссияға жолданған Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдiк азаматтардың, азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ ұйымдардың адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының бұзылу фактiлерi туралы ақпарат бар өтiнiштерiн қарайды;

2) Мемлекет басшысының атына Қазақстан Республикасында адамның және азаматтың құқықтарының сақталуы туралы жыл сайынғы және арнаулы баяндамалар әзiрлейдi. Бұл баяндамалар баспасөзде жариялануы мүмкiн;

3) Комиссияның құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша мемлекеттiк органдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң, өзге де ұйымдардың және азаматтардың ұсыныстарын қарайды;

4) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мен қорғау тетiгiн жетілдiру туралы ұсыныстар әзiрлейдi және оларды Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзедi;

5) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мен қорғау мәселелерiн қозғайтын Қазақстан Республикасының заңнамасына талдау жасайды, осы мәселелердi реттейтiн заң жобаларын әзiрлеуге қатысады;

6) адам құқықтары саласындағы халықаралық шарттар бойынша талдау материалдарын, сараптау-ұсынымдық қорытындылар мен ұсыныстар дайындайды;

7) адам құқықтары жөнiндегi халықаралық ұйымдардың, басқа да үкіметтік емес құқық қорғау ұйымдарының жұмысына қатысады.

5. Комиссия өз өкілеттiктерін жүзеге асыру кезінде мемлекеттiк билiк органдарымен, үкіметтiк емес құқық қорғау ұйымдарымен, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарымен белгiленген тәртiппен өзара iс-қимыл жасайды.

Комиссия адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында құқық қорғау органдарымен, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлмен өзара iс-қимыл жасайды.

6. Комиссия өзiне жүктелгeн мiндеттердi iске асыру мақсатында:

1) мемлекеттiк органдардан, сондай-ақ ұйымдар мен лауазымды адамдардан қажеттi мәлiметтердi, құжаттар мен материалдарды сұратып алуға;

2) өз отырыстарында адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге және қорғауға байланысты мәселелер жөнiнде мемлекеттiк органдардың тиiстi лауазымды адамдарының ақпаратын тыңдауға;

3) уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың адамның және азаматтың құқықтарының бұзылуы туралы мәлiметтi тексеруiне бастамашылық жасауға;

4) жекелеген жұмыстарды жүзеге асыру үшiн белгiленген тәртiппен ғалымдар мен мамандарды тартуға;

5) адамның және азаматтың негiзгi құқықтары мен бостандықтарын сақталуына байланысты мәселелердi талқылау үшiн Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң, сондай-ақ өзге де мемлекеттердiң адам құқықтары жөнiндегi комиссияларымен және басқа да осындай құрылымдарымен ынтымақтастық жасауға құқылы.

7. Комиссияның құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша оның мүшелерiнiң заңнамада белгіленген тәртiппен мемлекеттiк билiк органдарына, сондай-ақ мемлекеттiк ұйымдарға баруға құқығы бар.

8. Комиссияның отырыстарында қабылданатын және Қазақстан Республикасы Президентiнiң назарына жеткiзiлетiн ұсынымдар мен қорытындылар оның шешiмдерi болып табылады.

Комиссияның ұсынымдары мен шешiмдерi оның отырысқа қатысқан мүшелерi санының жай көпшiлiк даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда отырыста төрағалық етушi жақтап дауыс берген шешiм қабылданған болып саналады.

9. Комиссияның өз өкiлеттiгi шеңберiнде қабылдаған ұсынымдары мен қорытындылары мәселенi шешу құзыретiне кiретiн тиiстi мемлекеттiк органға жолданады.

Комиссияның ұсынымдары мен қорытындыларын алған мемлекеттiк орган мен оның лауазымды адамдары белгіленген мерзiмде оларды қарауға және қабылданған шешiм туралы оған хабарлауға мiндеттi.

30.03.04 ж. N 1325 ҚР Президентінің Жарлығымен 10-тармақ өзгертілді

10. Комиссия Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк хатшысы - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Комиссия төрағасынан, хатшысы мен мүшелерiнен тұрады.

Комиссия төрағасы мен мүшелерi оның жұмысына қоғамдық негiзде қатысады.

30.03.04 ж. N 1325 ҚР Президентінің Жарлығымен 11-тармақ өзгертілді

11. Комиссия төрағасы Комиссияға жалпы басшылықты жүзеге асырады, Комиссия хатшысы мен мүшелерiне тапсырмалар бередi, оның отырыстарының күн тәртiбiн белгiлейдi, Комиссияның қызметтiк құжаттарына, ұсынымдары мен қорытындыларына қол қояды, адам құқықтары мен бостандықтарына қатысты кеңестерге қатысады, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк хатшысы Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрінің келiсуiмен Қазақстан Республикасының Президентiне Комиссия қызметiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi.

Комиссия төрағасы орнында болмағанда, Комиссияның қызметтік құжаттарына, ұсынымдары мен қорытындыларына оның хатшысы қол қояды.

12. Комиссияның отырыстарын оның төрағасы қажетiне қарай, бiрақ тоқсанына кемiнде бiр рет шақырады. Комиссия отырыстарына оның мүшелерiнiң жартысынан астамы қатысса, құқылы болып саналады.

Комиссия төрағасы орнында болмағанда, оның отырыстарында Комиссия хатшысы төрағалық етедi.

13. Комиссияның қызметiн ақпараттық-талдау және ұйымдық қамтамасыз етудi Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң құрамына кiретiн хатшылығы жүзеге асырады.

Комиссия хатшылығы адам құқықтары мәселелерi құзырында болатын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасының әкiмдерi аппараттарының лауазымды адамдарына ұйымдастыру-әдiстемелiк, ақпараттық және өзге де көмек көрсетедi.

14. Сараптама-талдау зерттеулерiн жүргiзу үшiн Комиссия жанынан ғылыми мекемелер, бiлiм беру ұйымдары мен үкіметтiк емес ұйымдар өкілдерiнен қоғамдық негiзде жұмыс iстейтiн сарапшылық кеңес құрылады. Сарапшылық кеңес құрамы Комиссия отырысында бекiтiледi.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді