Әкімшілік іс жүргізу құқығындағы соттық талқылаудың негіздері. Құқық негіздері, 11 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Әкімшілік іс жүргізу құқығының институттары

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Әкімшілік іс жүргізу құқығындағы соттық талқылаудың негіздері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

  • 11.4.3.2-әкімшілік құқық бұзушылық бойынша сотты істі қарау ерекшеліктері туралы білімдерін шығармашылық түрде көрсету

 Сабақ мақсаттары

Әкімшілік құқық бұзушылықтың салдарын анықтап, әкімшілік жолмен жауапқа тарту түрлерін түсінеді.

 

Бағалау критерийлері

  • Әкімшілік іс жүргізу заңнамасымен жағдаяттарды талдайды, сұрақтарға жауап береді;
  • Зерттеушілік: Жол тәртібі ережесін бұзу, ұсақ бұзақылық, қоғамдық тәртіпті бұзу, қоршаған ортаны ластауға байланысты жағдаяттар құрастырып, шешу жолдарын ұсынады

Тілдік мақсаттар

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Әкiмшiлiк құқық дегеніміз – (...)

ӘКБ Кодексі әкімшілік құқық бұзушылықты болдырмайтын себептер (...)

Әкімшілік құқық бұзудың салдары (...)

Құндылықтарды дарыту

Өмір бойы оқу; материалды білуге құмарлық, шығармашылық және сыни тұрғыда зерттеу арқылы оқуға деген сүйіспеншілікті дағдыландыру;

Құрметтеу: оқушылардың жұптық және топтық жұмыс жасау дағдыларын жетілдіре отырып, бір-біріне құрметпен қарау;

Өз көзқарастарын ашық білдіру;

Бірін-бірі тыңдап және сұрақтарға жауап беру

Пәнаралық байланыстар

Қазақстан тарихы

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша істерді қарастыратын уәкілетті органдарды біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы

Сабақтың соңы

Сәлемдесу, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Миға шабуыл ретінде сабаққа қатысты бейнебаян көрсету (тыңдалым). Сабақ тақырыбына шығу.

Жаңа тақырыпқа, сабақтың оқу мақсаты мен бағалау критерийлеріне тоқталып өту.

"Мағананы тану" кезеңі:

Жағдаяттармен жұмыс

1 топ: А облысы Т аудандық сотымен ҚР-дың ӘҚБтК-нің 467 бабының 4 бөлігі бойынша құқықбұзушы К.Х.-ге қатысты әкімшілік іс қаралды. К.Х. 2019 жылғы 15 мамырда Т ауданы А селосында, Жол қозғалысы ережелерінің 2.1.1, 2.7.1. тармақтарының талаптарын бұзып, «Лада 21905» маркалы көлік құралын алкогольден мас күйінде жүргізген. Аудандық сотының 2011 жылғы 5 қыркүйектегі қаулысымен К.Х. ҚР-дың ӘҚБтК- нің 467-бабының 1-бөлігімен екі жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған және әкімшілік жазаның мерзімі аяқталғаннан кейін бір жыл ішінде ҚР-ның ӘҚБтК-нің 467-бабының 1-бөлігінде көзделген іс-әрекеттер қайталап жасап отыр. Сөйтіп, К.Х. ҚР-дың ӘҚБтК-нің 467-бабының 4-бөлігінде көзделген қасақана әкімшілік құқық бұзған. Сот отырысында К.Х. кінәсін толық мойындады.

Сот қандай қаулы шығаруы тиіс?

2-топ: Қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 330 бабының 1-бөлімімен азамат Г. қатысты әкімшілік іс түсті. Іс материалдарына сәйкес азамат Г. 2019 жылғы 9 сәуірде А қаласы 7 шағын ауданының үйдің кіреберісінде азаматша Т. жанжалдасып лас сөздер мен балағаттап қоғамдық орында құрметтемеушілік білдірген, яғни ҚР ӘҚБтК-нің 330 бабының 1-бөлімі бойынша әкімшілік құқықбұзушылық жасаған.

Сот қандай қаулы шығаруы тиіс?

3-топ: Аудандық сотында азамат У.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. Іс құжаттарына сәйкес, азамат У. 2014 жылғы 8 мамырда «Мазда-323» көлігінің иесі бола тұра, қаланың Уәлиханов-Байтұрсынов көшелерінің қиылысында алкогольден мас күйіндегі азамат С.-ға көлік құралын жүргізуге берген.

Сот жүргізуші ҚР Жол жүру ережесінің және ҚР ӘҚБтК сәйкес қандай жаза тағайындауы тиіс.

4-топ: 03.03.2019 жылы С. қаласы Ұ. көшесінің бойында орналасқан «Жезқуат» дүкенінің жанында азамат М. темекі қорабын ашып, жылтыр қағазын өтіп бара жатып лақтырып кеткен, сөйтіп ортақ қоғамдық орынды ластаған. Сот отырысында азамат М. өз кiнәсiн толығымен мойындап, шын жүректен өкінетіндігін айтты.

С. қалалық сотының қаулысымен ҚР ӘҚБтК-нің нешінші бабына сәйкес азамат М. әкiмшiлiк құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп

танылды және жаза түрінде әкімшілік қамауға тартуға бола ма ?

Дескриптор:

  • Адамдардың заң алдында тең екенің түсінеді;
  • Адамдардың әкімшілік жауаптылыққа бірдей тартыла алатының анықтайды;
  • Қандай жазалар қолданылуы тиіс екенің сипаттайды.

Т Төрт топ әкімшілік құқық бұзушылықтың кең таралған түрлері бойынша проблемалық жағдаяттар құрастырып, оның шешу жолдарын табу:

1-топ:Жол тәртібі ережесін бұзу

2-топ: Ұсақ бұзақылық

3-топ:Қоғамдық тәртіпті бұзу

4-топ: Қоршаған ортаны ластау

Дескриптор:

  • Заңға қайшы қандай іс-әрекеттер әкімшілік құқық бұзушылыққа жататының біледі;
  • Көрсетілген құқық бұзушылықтардың қоғам үшін қандай салдары болуы мүмкіндігін түсінеді

Интерпретация

«Қазіргі Қазақстандағы әкімшілік құқық бұзушылық» тақырыбы негізінде талқылау ұйымдастыру. Талқылау барысында оқушылар төмендегі сұрақтар аясында өздерінің ой пікірлерін білдіреді:

1. Қандай әкімшілік құқық бұзушылық түрлері кеңінен таралған?

2. Неліктен әкімшілік құқық бұзушылық орын алуда?

3. Қазіргі әкімшілік жаза жүйесі қаншалықты тиімді деп есептейсіз?

Кері байланыс:

«Екі жұлдыз бір тілек» стратегиясы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

http://www.akorda.kz/

Сайт законов РК

http://www.zakon. kz/4603298-v-kazakhstane-zafiksirovano-3-288-055.html

Әкімшілік құқық бұзұшылық Кодексінің жаңа редакциясы http://www.youtube. com/watch? v=HVza60gZyZ0

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқылатын тақырыптарға алдын ала материалдар дайындап, қолдау көрсету мақсатында дифференциациялық тапсырмалар жүзеге асады. Сабақта барлық оқушылар толық қамтылады

Оқушыларға ауызша кері байланыс беріп отырамын және өзара бағалау жүзеге асады.

Сынып бөлмесінің жарық болуын , оқушылардың Орындықта дұрыс отыруын қадағалаймын. Техникалық қауіпсіздік ережесін сақтаймын.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1.

2.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1.

2.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді