Әкімшілік іс жүргізу құқығындағы соттық талқылаудың негіздері. Құқық негіздері, 11 сынып, сабақ жоспары,.


ЖМБ мектеп үшін

«Адам. Қоғам. Құқық» пәнінен ҚМЖ ӘБ жетекшісі________________

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Әкімшілік іс жүргізу құқығының институттары

Мектеп: Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Бейсенов М.Қ., Спабеков Ж.Қ.

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Әкімшілік іс жүргізу құқығындағы соттық талқылаудың негіздері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

11.4.3.2 - әкімшілік құқық бұзушылық бойынша соттың істі қарау ерекшеліктері туралы білімдерін шығармашылық түрде көрсету

 Сабақ мақсаттары

Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша соттың істі қарау ерекшеліктері туралы білімдерін көтеру

 Бағалау критерийлері

Білу және түсіну

- Әкімшілік іс туралы біледі, түсінеді;

- Әкімшілік кодексте қандай мәселелер қарастырылатынын біледі;

- Әкімшілік соттың істі қарау процесінің барасы туралы түсінігі бар.

Қолдану

Әкімшілік іс жүргізу құқығындағы соттық талқылаудың барысын рөлдік қойылым арқылы көрсетіп аша алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Пәнге қатысты терминология

- әкімшілік іс жүргізу құқығындағы соттық талқылаулардың ерекшеліктері неде? Кодекстің 34-35 тарауларын қарастыра отыра анықтайды (оқылым, айтылым дағдылары).Әкімшілік құқық бұзушылық;

  • Уәкілетті органдар
  • Әкімшілік процесс;
  • Арыз;
  • Өтініш;
  • Шағым;
  • Заңды өкіл;
  • Сарапшы;
  • Куәгер;
  • Сот процессі;
  • Соттық талқылау.

Мен...деп ойлаймын

Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша істерді қарастыратын уәкілетті органдардың

ерекшілігі(...)

Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша соттың істі қарау ерекшеліктеріне (…) жатқызуға болады.

Әкімшілік іс жүргізу құқығындағы соттық талқылаудың негіздері (...)

Құндылықтарды дарыту

  •  Құрмет (топтық жұмыстағы өзара құрмет, бір-бірін тыңдауы және уақыт ережелерін сақтау, заңға құрмет, өзгелердің меншігіне және мемлекеттің меншігіне құрметпен қарау, сақтау, бүлдірмеу)
  •  Азаматтық жауапкершілік (заңды сақтау, міндеттерді орындау арқылы)

Пәнаралық байланыстар

Тілдік пәндер, гуманитарлық пәндер

Мектеп бағдарламасы көлемінде гуманитарлық пәндер бойынша алған білімдері мен күнделікті өмірдегі әлеуметтік тәжірибелерін,сондай-ақ БАҚ көздерінен берілетін ақпараттарды қолданады.

АКТ қолдану дағдылары

Берілген Интернет ресурстармен қажетті ақпаратты іздеу және өңдеу дағдылары

Бастапқы білім

Мектеп бағдарламасы көлемінде 9 және 10 сынып «Адам. Қоғам. Құқық» пәні бойынша алған білімдері мен күнделікті өмірдегі әлеуметтік тәжірибелерін, сондай-ақ БАҚ көздерінен берілетін ақпараттарды қолданады. Сонымен қатар Қазақстандағы қазіргі кездегі құқықтық және саяси-әлеуметтік оқиғалардан хабардар.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-12 мин

0-08 мин

08-12 мин

Б «Миға шабуыл» әдісі арқылы оқушыларға келесідей сұрақтар қойылады.

-Әкімшілік іс дегеніміз не?

-Әкімшілік кодексте қандай мәселелер қарастырылады?

-Әкімшілік соттың істі қарау процесі қалай жүруі мүмкін?

Бүкілсыныптық талқылаудың нәтижесінде жаңа тақырыпқа шығамыз.

Дескриптор:

- Әкімшілік іс туралы біледі, түсінеді;

- Әкімшілік кодексте қандай мәселелер қарастырылатынын біледі;

- Әкімшілік соттың істі қарау процесінің барысы туралы түсінігі бар.

ҚБ Оқушылар жауабына бірден ауызша кері байланыс беріледі.

М Оқушыларды жаңа тақырыппен таныстырамыз. Оқушыларға бүгінгі сабақтың қандай оқу дағдылары мен оқу мақсаттары болатыны туралы пікірін сұраймыз. Бағдарлама бойынша қарастырылатын оқу дағдылары, оқу және сабақ мақсаттарымен таныстырамыз.

Қ Бұл оқу үдерісінде оқушылар бойына Азаматтық жауапкершілік атты мемлекет құндылықтары дарытылады

Сабақтың ортасы

12-38 мин

12-32 мин

32-38 мин

Б РАФТ әдісі арқылы оқушылардың рөлдік ойын ұйымдастырады.

13 жасар Санжар өзінің туған күнін пәтерде атап өтті. 23:00-ден кейін музыканың даусын қатты шығарып көңіл көтереді. Сонымен қатар, өрт сөндірушілерге қоңырау шалып, көрші пәтерде өрт болғаны жөнінде хабарлама береді. Құқық қорғау органдары келіп, істі сотқа жібереді. Сот процесі жүргізіледі.

Рөлдер:

-судья;

-хатшы;

-аудармашы;

-адвокат;

-адвокат көмекшісі (екі жақ тараптан);

-куәгерлер (екі жақ тараптан).

Рөл жетпей қалған оқушыларды бақылаушы қызметіне қоямыз

ҚБ Рольдік ойын қорытындысы бойынша мұғалім жалпысыныптық түйін шығарады, әр топқа ауызша бағасын береді.

Қ Бұл оқу үдерісінде оқушылар бойына Құрмет, Азаматтық жауапкершілік және қазақстандық патриотизм атты мемлекет құндылықтары дарытылады

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекс, 2014 ж. 333-бабы

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекс, 330-бабы

ҚР Əкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 147-бабы

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекс, 330-бабы

Сабақтың соңы

38-40 мин

Тақырыпты қорытындылаймыз және бекітеміз.

Рефлексия

Жалғастырыңыз:

Маған ... қызықты болды

Маған ... бұл болашақта қажет болады

Бұл ... қиындық туғызды

Осы ... мені ойландырды

Слайд

Саралау

Сабақта визуалдар мен аудиалдар үшін жеткілікті материалдар дайындалған. Тапсырманы оқушылардың өздеріне дауыстап оқыту және тақтада презентация ретінде көрсету қамтамасыз етілген. Топтық жұмыста қабілетті оқушылар басқа оқушыларға кейбір терминдер мен ұғымдарды түсіндіру, жағдаяттарды талдау жұмыстарын жүргізеді.

Бағалау

Бағалау критерийі бойынша өзара бағалау және өзін-өзі бағалау.

Сабақ барысында басымдық берілетін ең маңызды критерий – ғылыми тілді пайдалану

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы Компьютермен және басқа да техника түрлерімен жұмыс жасау ережелері

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді