Отбасы. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттемелері. Құқық негіздері, 11 сынып, дидактикалық материал, 1 сабақ


 1-топ.

 Анықтамалар

 Азаматтық құқық – азаматтық заңдарда көрініс тапқан мүліктік және мүліктік қатынастармен байланысы бар мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы.

 Азаматтық құқықтың қағидалары:

  •  тараптардың теңдігі;
  •  шарт еркіндігі және таңдау құқығы;
  •  еркіндік;
  •  тәуелсіздік;
  •  меншікке қолсұқпаушылық;
  •  біреудің жеке ісіне келісімсіз араласпауы;
  •  азаматтық құқықтардың еш кедергісіз жүзеге асырылуы;
  •  бұзылған құқықтарды қалпына келтіруді қамтамасыз ету;

 Аталған қағидаларды азаматтық құқықтың барлық қатысушылары басшылыққа алуы тиіс, өйткені олар әрбір адам өмірінің негізін қалаушы мәнге ие.

 Отбасы құқығы некелесу, туыстық, бала асырап алу және баланы отбасы тәрбиесіне қабылдаудың басқа да нысандарына орай, пайда болатын, яғни отбасы қатынастарын өзіндік және соған байланысты мүліктік қатынастарын реттейтін құқық саласы болып табылады.

 Отбасы құқығының саласын құрайтын қоғамдық қатыныстар өзіндік (мүліктік емес), немесе мүліктік болуы мүмкін. Мүліктік және өзіндік қатыныстар құқықтың басқа да саласының, бірінші кезекте азаматтық құқықтың да саласын құрайды. Бірақ, аталған қатыныстардың басымдылығы бір жағынан, азаматтық құқықта, екінші жағынан, отбасы құқығында бірдей емес. Азаматтық құқықтың негізгі міндеті – мүліктік қатынастарды реттеу болып табылады.

 

Тапсырма

 Нұржан (2003 жылы туылған) мен оның інісі Ержанның (2010 жылы туылған) аттарына тең үлестік құқығы бар банкте шот ашылған. Шоттағы қаржының көлемі 1 500 000 теңге. Ол қаржыны қайырымдылық қоры Нұржан мен Ержанға оқу мақсатында пайдалануға берген болатын.

 Нұржан 2018 жылы колледжге оқуға түсіп, 800 000 теңге көлемінде оқу ақшасын төледі. Бұл әрекетті істеуге Нұржан ата-анасының рұқсатын алды.

 Нұржанның әрекеті заңды ма? Дәйекпен жауап беріңіз.

 

 

 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ КОДЕКСI

 25-бап. Кәмелетке толмағандардың банкiлерге салымдар салу және салымдарға билiк ету құқығы

 1. Кәмелетке толмағандар банкiлерге салымдар салуға және өздерi салған салымдарға дербес билiк етуге құқылы.

 2. Он төрт жасқа толмаған кәмелетке толмағандардың (жас балалардың) атына басқа бiреудiң салған салымдарына олардың ата-анасы немесе өзге де заңды өкiлдерi билiк етедi, ал он төрт жасқа толған кәмелетке толмағандар өздерiнiң атына басқа бiреу салған салымдарға өз бетiнше билiк етедi.

 

 

 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ Неке және отбасы КОДЕКСI

 66-бап. Баланың мүліктік құқықтары

 3. Баланың өзі алған табыстарға, өзi сыйға немесе мұрагерлiк тәртiппен алған мүлiкке, сондай-ақ оның өз қаражатына алынған басқа да кез келген мүлiкке меншiк құқығы бар.

 

 

 2-топ.

 Анықтамалар

 Азаматтық құқық – азаматтық заңдарда көрініс тапқан мүліктік және мүліктік қатынастармен байланысы бар мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы.

 Азаматтық құқықтың қағидалары:

  •  тараптардың теңдігі;
  •  шарт еркіндігі және таңдау құқығы;
  •  еркіндік;
  •  тәуелсіздік;
  •  меншікке қолсұқпаушылық;
  •  біреудің жеке ісіне келісімсіз араласпауы;
  •  азаматтық құқықтардың еш кедергісіз жүзеге асырылуы;
  •  бұзылған құқықтарды қалпына келтіруді қамтамасыз ету;

 Аталған қағидаларды азаматтық құқықтың барлық қатысушылары басшылыққа алуы тиіс, өйткені олар әрбір адам өмірінің негізін қалаушы мәнге ие.

 Отбасы құқығы некелесу, туыстық, бала асырап алу және баланы отбасы тәрбиесіне қабылдаудың басқа да нысандарына орай, пайда болатын, яғни отбасы қатынастарын өзіндік және соған байланысты мүліктік қатынастарын реттейтін құқық саласы болып табылады.

 Отбасы құқығының саласын құрайтын қоғамдық қатыныстар өзіндік (мүліктік емес), немесе мүліктік болуы мүмкін. Мүліктік және өзіндік қатыныстар құқықтың басқа да саласының, бірінші кезекте азаматтық құқықтың да саласын құрайды. Бірақ, аталған қатыныстардың басымдылығы бір жағынан, азаматтық құқықта, екінші жағынан, отбасы құқығында бірдей емес. Азаматтық құқықтың негізгі міндеті – мүліктік қатынастарды реттеу болып табылады.

 

Тапсырма

 Арман банктен үйін ремонттау үшін несие алды. Уақыт өте келе оны төлей алмай, кепілге қойған пәтерінен айырылып қалу қаупі төнді. Бірақ оның әйелі Гаухар үй ремонттауға Арманның несие алғанын білмей шықты.

 Банк несие қайтарылмағандықтан Арман мен Гаухардың үйін алуға әрекет жасауда. Банктің әрекеті заңды ма? Дәйекпен жауап беріңіз.

 

 

 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ Неке және отбасы КОДЕКСI

 33-бап. Ерлі-зайыптылардың бірлескен ортақ меншігі

 1. Ерлi-зайыптылар некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) кезінде жинаған мүлiк олардың бiрлескен ортақ меншiгi болып табылады.

 34-бап. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін иелену, пайдалану және оған билік ету

 1. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн иелену, пайдалану және оған билiк ету ерлi-зайыптылардың екеуінің келiсiмi бойынша жүзеге асырылады.

 2. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiне билiк ету жөнiнде ерлi-зайыптылардың бiреуi мәмiле жасасқан кезде екiншi жұбайының келiсiмi қажет болады. Екінші жұбайдың тек қана оның талап етуі бойынша оның келісімі болмаған себептері бойынша және егер басқа тарап осы мәмiленi жасасуға екінші жұбайдың келiспеуі туралы бiлгендiгi немесе көрінеу бiлуге тиiс болғандығы дәлелденген жағдайларда ғана сот ерлi-зайыптылардың бiреуiнің ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiне билік ету жөнiнде жасасқан мәмiлені жарамсыз деп тануы мүмкiн.

 3. Ерлi-зайыптылардың бiреуi жылжымайтын мүлікке иелік ету жөнінде мәміле және нотариатта куәландыруды және (немесе) заңда белгіленген тәртіппен тіркеуді қажет ететiн мәмiле жасасуы үшiн екінші жұбайдың нотариатта куәландырылған келiсiмiн алу қажет.

 

 

 3-топ.

 Анықтамалар

 Азаматтық құқық – азаматтық заңдарда көрініс тапқан мүліктік және мүліктік қатынастармен байланысы бар мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы.

 Азаматтық құқықтың қағидалары:

  •  тараптардың теңдігі;
  •  шарт еркіндігі және таңдау құқығы;
  •  еркіндік;
  •  тәуелсіздік;
  •  меншікке қолсұқпаушылық;
  •  біреудің жеке ісіне келісімсіз араласпауы;
  •  азаматтық құқықтардың еш кедергісіз жүзеге асырылуы;
  •  бұзылған құқықтарды қалпына келтіруді қамтамасыз ету;

 Аталған қағидаларды азаматтық құқықтың барлық қатысушылары басшылыққа алуы тиіс, өйткені олар әрбір адам өмірінің негізін қалаушы мәнге ие.

 Отбасы құқығы некелесу, туыстық, бала асырап алу және баланы отбасы тәрбиесіне қабылдаудың басқа да нысандарына орай, пайда болатын, яғни отбасы қатынастарын өзіндік және соған байланысты мүліктік қатынастарын реттейтін құқық саласы болып табылады.

 Отбасы құқығының саласын құрайтын қоғамдық қатыныстар өзіндік (мүліктік емес), немесе мүліктік болуы мүмкін. Мүліктік және өзіндік қатыныстар құқықтың басқа да саласының, бірінші кезекте азаматтық құқықтың да саласын құрайды. Бірақ, аталған қатыныстардың басымдылығы бір жағынан, азаматтық құқықта, екінші жағынан, отбасы құқығында бірдей емес. Азаматтық құқықтың негізгі міндеті – мүліктік қатынастарды реттеу болып табылады.

 

Тапсырма

 Кәмелетке толмаған Камила мен Назираға олардың атасы Құдайберген мұрагерлікке пәтерін тастап кетті. Олардың ата-анасының өз иеліктерінде жеке пәтерлері болмай, әр жерде үй жалдап көшіп-қонып жүргендіктен, олар балаларының атына берілген пәтерді пайдалануды ұйғарды.

 Камила мен Назираның ата-анасының әрекеті заңды ма? Дәйекпен жауап беріңіз.

 

 

 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ КОДЕКСI

 17-бап. Азаматтардың әрекет қабiлеттiлiгi

 1. Азаматтың өз әрекеттерiмен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзi үшiн азаматтық мiндеттер жасап, оларды орындауға қабiлеттiлiгi (азаматтық әрекет қабiлеттiлiгi) кәмелетке толғанда, яғни он сегiз жасқа толғаннан кейiн толық көлемiнде пайда болады.

 2. Заң құжаттарында он сегiз жасқа жеткенге дейiн некелесуге рұқсат етiлетiн жағдайда, он сегiз жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толық көлемiнде әрекет қабiлеттiлiгiне ие болады.

 3. Егер заң құжаттарында өзгеше белгiленбесе, барлық азаматтардың әрекет қабiлеттiлiгi тең болады.

 

 

 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ Неке және отбасы КОДЕКСI

 66-бап. Баланың мүліктік құқықтары

 3. Баланың өзі алған табыстарға, өзi сыйға немесе мұрагерлiк тәртiппен алған мүлiкке, сондай-ақ оның өз қаражатына алынған басқа да кез келген мүлiкке меншiк құқығы бар.

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді