Авторлық және сабақтас құқықтың құқықтық реттелу түсінігі мен нысаны. Құқық негіздері, 11 сынып, дидактикалық материал, 2 сабақ


 Қосымша 2.

 Бүгінгі сабақта авторлық құқық туралы таласты сотпен жане соттан тыс шешу механизмдерін қарастырамыз.

 Тірек сөздер

  • сот
  • құқық иесі
  • авторлық шарт

 Авторлық құқық туралы даулар. Қазақстанда бүзылған авторлық құқық туралы даулар сотпен және соттан тыс тәртіппен шешіледі. Казакстан Республикасының Азаматтық ко дексінде зияткерлік, яғни интеллектуалдық меншік құқығына 5-тарау (961-1037-баптары) арналған. Бұл тарауда 78 бап бар. Қазақстан Республикасының Азаматтык-процестік Кодексінің 26-бабына сәйкес, бұзылған авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау туралы істер аудандық (қалалық) соттардың соттылығына жататын азаматтық істер болып саналады.

 Егер заңды тұлғалар немесе заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азаматтар авторлық немесе сабақтас құқық тардың бұзылуынан туындаған даудың тараптары болып табылса, онда мұндай дауды мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот қарайды.

 Қазақстан Республикасындағы авторлық құқық 1996 жылдың 10 маусымында қабылданған «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Казакстан Республикасынын Заңымен қорғалады.

 «Авторлық және сабақтас құқықты қорғау туралы» Заңның 49-бабына сәйкес авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау (2-кесте).

 2-кесте

Авторлық құқықтарды қорғаудың сот арқылы жүзеге асу жолдары

1

құқықтарды тану;

2

құқық бұзылғанға дейінгі жағдайды қалпына келтіру;

3

құқықты бұзатынхемесе оның бұзылуына қауіп төндіретін әрекеттерді тыю;

4

айырылып қалған пайданы қоса алғанда, шығындардың орнын толтыру;

5

құқық бұзушы авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды бұзу салдарынан тапқан табысты өндіріп алу;

6

соттың қарап шешуі бойынша айқындалатын бір жүз айлық есептік көрсеткіштен он бес мың айлық есептік көрсеткішке дейін сомада немесе туынды даналары құнының екі еселенген мөлшерінде немесе салыстырмалы мән-жайлар кезінде әдетте туындыны құқыққа сыйымды түрде пайдаланғаны үшін алынатын бағаға негізделе отырып айқын далатын, туындыны пайдалану құқығы құнының екі еселенген мөлшерінде өтемақы төлеу арқылы жүзеге асырылады. Залалды өтеудің немесе кірісті өндіріп алудың орнына өтемақы мөлшерін сот айқыңдайды;

7

олардың құқықтарын қорғауға байланысты заң актілерінде көзделген өзге де шаралар қолдану арқылы жүзеге асырады.

 

 Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктен басқа, авторлық құқықты бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған (ҚР ҚК-нің 198-бабы).

 Қосымша ақпарат

 Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 198-бабы. Авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды бұзу

 Авторлық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін заңсыз пайдалану, сол сияқты авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің контрафактілік даналарын өткізу мақсатында иемдену, сақтау, алып өту немесе дайындау не авторлықты иемденіп алу немесе тең авторлыққа мәжбүрлеу – сексен айлық есептік керсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады.

 Қазақстанда авторлық құқық бұзушылықты жиі кездестіруге болады. Соның ішінде зияткерлік меншікті бұзу мәселесі бірінші кезекте тұр. Мысалы, атақты фотографтар олардың суреттерін ірі компаниялар да, тIптl жекетүлғалар да заңсыз қолданатынын және әлеуметтік желілерде мұндай құқықбұзушылықтарды көптеп кездестіретіндерін тоқтаусыз айтып келеді. Өкінішке орай, қазіргі кезде өзгенің суреттерін интер нетте жене одан басқа да желілерде заңсыз қолдану әлемдік мәселеге айналған.

 Авторлық құқық туралы құжатты рәсімдеу. Қазақстандық заңнамаға сейкес «авторлық құқық» деп шығармашылық еңбегімен ғылым, әдебиет, өнер туындысын жасаған жекетүлғаның жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтарын айтамыз. Фотосуреттің авторға тиесілі екенін дәлелдеу үшін алғашқы таралым: фотосуреттің интернетте не месе басқа басылымдарда авсорды көрсете отырып, қашан және кім жариялағаны туралы бастапқы материал қажет.

 Әр адам суретке түсіп, оны әлеуметтік желіге жүктей алады. Бірақ өзгенің суретін жариялау немесе тарату үшін автордың рұқсаты керек. Автордың рұқсаты міндетті түрде жазбаша болуы керек. Со нымен катар кандай да бір телем жасалуы тиіс, өйткені туындыны қолдану құқығы берілгенде қолданылу мерзімі, колдану аумағы көрсетілмесе жене телем жасалмаса, жарамсыз деп танылады. Төлем міндетті түрде тіркелуі тиіс. Төлемді заңды түлғаларға арналған телем жүйесі немесе жеке тұлғаға арналған қолхат арқылы тіркеуге болады

 Авторлық құқық құжаттарына келетін болсақ, оны алу мүлдем оңай. Әділет министрлігінің жанындағы Зияткерлік меншік құқығы коми тетіне арыз жазу керек. Сонымен қатар туындының өзі және авторы сіз екеніне дәлелдеме керек. Мұндай жағдайда талап қоюшының авторлық құқығы қорғалады және оған өзінің авторлығын дәлелдеу қажет бол майды. Егер суреттің авторлыгына таласатын баска адам пайда болса, онда талқылау авторлық сот төртібімен анықталады.

 Авторлық құқықтың немесе зияткерлік меншіктің бұзылуынан музыка және кино индустриясы, бағдарламалық өнімдерді өндіретін әлемге әйгілі компаниялар зардап шегеді. Өте жиі көшірілетіндер сән үлгісіндегі киімдер, спорттық тауарлар, парфюмерия, ойыншықтар, автобөлшектер және дәрі-дәрмек препараттары. Әлемдік желідегі авторлардың, орындаушылардың және фонограмма өндірушілердің құқықтарын қорғау мақсатында Қазақстан Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымымен (ДЗМҰ) шарт жасасты. Қазақстан сондай-ақ IFPI, BSA және басқа да халықаралық ұйымдармен белсенді қарым-қатынас орнатты.

 Авторлық құқықты бұзу туралы дауларды соттан тыс реттеу. Қазақстан Республикасында медиация механизмін пайдалана отырып, зияткерлік құқықты қорғау саласындағы дауларды соттан тыс реттеу кеңінен таралған. Сот талқылауы зияткерлік меншікті қорғау жөніндегі ең соңғы саты болуы керек.

 Сонымен, бұзылған авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау туралы талап-арыз кқанағаттандырылған жағдайда, талап қоюшының ондай талап қойған-қоймағанына қарамастан, сот туындының немесе фонограмманың контрафактілік даналарын, сондай-ақ осындай контрафактілік даналарды қайта шығару үшн қолданылатын материалдар мен құралдарды тәркілеу туралы шешім шығаруға құқылы.

 

 Кестені толтырыңдар. Өмірде қандай авторлық құқықбұзушылықтар болуы мүмкін? Өзіңнің авторлық құқығыңды қалай қорғауға болады?

Сұрақтар

Жауаптар

Авторлық құқық деген не?

Зияткерлік меншік нелерден тұрады?

Авторлық шығарма деген не?

Авторлық құқықты не үшін рәсімдеу керек?

Авторлық құқықты кім қорғайды?

Делелдеме базасын қалай жинақтау керек? Авторлық құқықты бұзу фактісі қалай расталады?

 

 Жағдаят

 Азамат Р. мен С. жеке кәсіпкер К-ге өздерінің авторлық құқықтарын бұзғаны үшін ең төменгі жүз айлық жалақы көлемінде 1 866 000 теңге өтемақыны ендіру туралы сотқа талап-арыз жазды. Олар өз талап-арыздарында «Математикадан бірыңғай ұлттық тестілеуге (ҰБТ) дайындық атты тапсырмалар жинағының авторлары екендігін көрсеткен.

 Азамат К. 2013 жылы 18 мамырда өз дүкенінде аталған кітаптың бір контрафактілік данасын 1 800 тенгеге сатқан. Өз кезегінде, азамат Р. С. авторлық құқық иелері ретінде жауапкермен авторлық келісімшарт жасамаған және кітап үшін ешқандай қаламақы алмаған, сол арқылы олардың авторлық құқықтары бұзылған.

 Тапсырма: Заң баптарын қолданып, сот қандай шешім шығаратынын болжаңдар.

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді