Авторлық және сабақтас құқықтың құқықтық реттелу түсінігі мен нысаны. Құқық негіздері, 11 сынып, қосымша материал, 2 сабақ


 Қосымша 3.

 

 Кестенің мүмкін жауаптары

 

Сұрақтар

Жауаптар

Авторлық құқық деген не?

Зияткерлік меншікті пайдалануды реттейді. Зияткерлік меншік үш түрлі салаға бөлінеді: авторлық құқық; патентті құқық; коммерциялық құқық.

Зияткерлік меншік нелерден тұрады?

Авторлық құқық авторлық туындылар санатына жататын объектілерді реттейді. Патенттік құқық міндетті түрде мемлекеттік тіркеуді талап ететін объектілерді реттейді. Коммер циялық құқық зияткерлік меншік объектілерін реттейді. Оларды қорғау кәсіпорынның ішкі құжаттарымен жүзеге асады.

Авторлық шығарма деген не?

Бұл – жекетұлғаның шығармашылық іс-әрекетінің нәтижесі болып табылатын зияткерлік меншіктің объектісі. Ғылыми, әдеби және өнер туындысының авторы деп шығармашылық еңбек жасаған азамат танылады.

Авторлық құқықты не үшін рәсімдеу керек?

Біріншіден, авторлық құқықты рәсімдеу туындыны қолдануға айрықша құқық алу үшін керек. Екіншіден, мұндай құқықты басқа мүдделі тұлға алмауы үшін және нағыз авторға басқа сұрақтар туындамауы үшін қажет.

Авторлық құқықты кім қорғайды?

Авторлық құқықты автордың өзі немесе автормен шарт бойынша жұмыс жасап отырған қызмет көрсету ұйымы қорғай алады.

Делелдеме базасын қалай жинақтау керек? Авторлық құқықты бұзу фактісі қалай расталады?

Егер құқықбұзушылықты интернет-сайтта көрсеңіз, сол сайттан скринтшот жасап, мөрмен растау қажет. Егер құқықбұзушылықты сырттағы жарнамадан немесе ілініп тұрған жерден көрсеңдер, суретке түсіріп, мөрмен растау қажет. Егер құқықбұзушылық сауда желілерінде болса, міндетті түрде бақылау жасау үшін сатып алу керек. Өз кезегінде, авторлықты растайтын барлық материалдар жинақталып кәсіпорынға жіберіледі.

 

 

 Топтық тапсырманың мүмкін жауабы

 А. қалалық сотының 2013 жылғы 10 қыркүйектегі шешімімен азамат Р. мен С.-ның талап-арызы қанағаттандырылмады. Сот оны былай түсіндірді: «Математикадан бірыңғай ұлттык тестілеуге (ҰБТ) дайындық» атты тапсырмалар жинағының даналары заңды түрде жарияланғанын, азаматтык айналымға енгізілгенін, сол себепті оларды авторлардың рұқсатынсыз және қаламақы телемей-ақ одан әрі таратуға жол берілетіндігі, мұндай әрекетке заң тыйым салмайтындығын айтты. Осылайша кәсіпкер К. жеке туындының аталған данасын тарата отырып, талап қоюшылардың авторлық құқығын бұзбағаны анықталды. Апелляциялық және кассациялық сатыдағы соттар алдыңғы соттың шешімін өзгеріссіз, сол күйінде қалдырды. Заңның 16-бабының 3-тармағы бойынша туындының заңды түрде жарияланған даналары оларды сату арқылы азаматты айналымға түсірілсе, онда автордың келісімінсіз және сыйақы телемей одан әрі оларды таратуға жол беріледі.

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?