Қазақстан Республикасындағы тұтынушылар құқығын қорғау механизмдері. Құқық негіздері, 11 сынып, қосымша материал 2.


Адамдардың көпшілігі, күн сайын сатып алу жасай отырып, сондай-ақ әр түрлі қызметтермен пайдалана отырып, сол тауарлар мен қызметтерді сатып алған кезде бөлшек сатып алу-сату мәмілелері тараптардың біріне айналатыны туралы мүлде ойланбайды. Осы мақалада біз тұтыну құқықтары мен мүдделері туралы әңгімелейміз. Ұйымдармен жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге шарт жасасқанда көрсетілетін қызметті берушімен күтпеген даулар жағдайына тұтыну құқықтары туралы әрқашан есте сақтау керек. Тұтынушының заңды құқықтары мен мүдделерін іске асыру үшін елеулі мүмкіндіктері бар. Мұндай жағдайларда сатушымен қарым-қатынас "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Заңымен реттеледі.

Тұтынушының қандай заңды құқықтары бар?

  • тауарларды, орындалатын жұмысты және көрсетілетін қызметті иеленуге еркін шарт жасасуға;
  • тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы ақпаратқа қол жеткізуге;
  • тауар, жұмыс, көрсетілетін қызмет туралы, сондай-ақ сатушы, дайындаушы, орындаушы туралы ақпарат алуға;
  • қауіпсіз тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті сатып алуға;
  • тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті еркін таңдауға;
  • тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің тиісті сапасына;
  • тиісті де, тиісті емес те сападағы тауарды айырбастап алуға немесе қайтарып беруге;
  • тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің кемшіліктері салдарынан өздерінің өміріне, денсаулығына және, немесе мүлкіне келтірілген залалды, зиянды толық көлемде өтетуге;
  • сатушыдан, орындаушыдан, дайындаушыдан тауарды сатып алу, жұмысты орындау, қызмет көрсету фактісін растайтын құжатты алуға;
  • ұтыс түрінде берілген, орындалған, көрсетілген тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің сапасы бойынша ойындардың бастамашысына, ұйымдастырушысына кінә қоюға;
  • тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерін құруға;
  • моральдық зиянды өтетуге;
  • құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға;
  • Заңда көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.

Шарт жасасу кезінде тұтынушылардың құқықтарын бұзатын және (немесе) оларға қысым жасайтын талаптар:

  • тұтынушының өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиян келтірілген жағдайда сатушыны (орындаушыны, дайындаушыны) жауапкершіліктен босату немесе оны негізсіз шектеу;
  • сатушы (дайындаушы, орындаушы) шарттық міндеттемелерін толық немесе ішінара орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда тұтынушының құқықтарын болғызбау немесе шектеу;
  • өтеулі тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша сатушы (орындаушы, дайындаушы) қосымша таңған тұтынушылардың міндеттерін белгілеу;
  • тұтынушы шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған жағдайда оның мөлшерден тыс қомақты (тауар, көрсетілетін қызмет, жұмыс құнының отыз пайызынан астам) соманы төлеуі бойынша талапты белгілеу;
  • сатушыға (орындаушыға, дайындаушыға) шартты өзгерту және бұзу негiздерi мен тәртібі туралы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің нормаларын сақтамастан, шартты біржақты тәртіппен өзгерту және (немесе) бұзу құқығын беру;
  • сатушыға (орындаушыға, дайындаушыға) шартты бұзған жағдайда ұсынылмаған тауар (көрсетілмеген қызмет, жұмыс) үшін төленген ақшалай соманы қайтармау құқығын беру;
  • сатушыға (орындаушыға, дайындаушыға) тауардың шарт талаптарына сәйкестігін анықтау құқығын беру немесе оған шартты түсіндіру құқығын беру
  • тұтынушыға шартты бұзу құқығын берместен, сатушыға (орындаушыға, дайындаушыға) бағаны ұлғайту мүмкіндігін беру;
  • сатушының (орындаушының, дайындаушының) өкілдері алған міндеттемелер бойынша оның жауапкершілігін шектеу;
  • егер сатушы (орындаушы, дайындаушы) өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда, тұтынушының барлық міндеттемелерді орындау міндетін белгілеу;
  • міндеттемедегі адамдардың ауысуы туралы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің нормаларын сақтамастан, сатушыға (орындаушыға, дайындаушыға) шарт бойынша өз құқықтарын және міндеттерін үшінші тұлғаға беру құқығын беру;
  • тұтынушылардың құқықтарын және заңды мүдделерін бұзатын және (немесе) оларға қысым жасайтын өзге де талаптар.

Егер сіз тауарды сатып алғаннан кейін  қандай да бір кемшілік немесе тауар бастапқыда бүлінген болып, бірақ сіз оған бірден көңіл аудармаған болсаңыз не істеу керек?

Тиісті емес сападағы тауар сатылған тұтынушы, егер сатушы (дайындаушы) оған тауардағы кемшіліктер жөнінде айтпаса, өз таңдауы бойынша:

  • сатып алу бағасын мөлшерлес кемітуді;
  • тауардың кемшіліктерін өтеусіз жоюды;                                 
  • тауардағы кемшіліктерді жоюға жұмсаған өз шығыстарын өтеуді;
  • соған ұқсас маркалы (модельді, артикулді) тауарға ауыстыруды;
  • сатып алу бағасын тиісінше қайта есептей отырып, басқа маркалы (моделді, артикулді) сондай тауарға ауыстыруды;
  • шартты бұзуды және тауар үшін төленген ақшалай соманы қайтаруды талап етуге құқылы.

Сатушы (дайындаушы) жарамдылық мерзімі өткен соң сатылған, техникалық регламенттерде, өнімдер жөніндегі нормативтік құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін, оның ішінде зияткерлік меншік құқықтары бұзыла отырып шығарылған тауарды оның пайдаланылғанына, тауарлық түрінің, тұтынушылық қасиеттерінің, пломбаларының, заттаңбаларының сақталуына-сақталмауына қарамастан, тауар сатып алынған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде ауыстыруды немесе сатып алынған тауар үшін ақшалай соманы тұтынушыға қайтара отырып, қайтаруды қамтамасыз етуге міндетті. Ауыстыру Заңның 30-бабына сәйкес жүргізіледі.

Тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуына құқығы

Тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды тиісті мемлекеттік органдар, сот және төрелік өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.

Тұтынушы тауарды (жұмысты, көрсетілген қызметті) сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) өз құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықты жою туралы және осы бұзушылықтардан тұтынушыға келтірілген залалды (зиянды) ерікті түрде өтеу туралы кінә қойып жүгінуге құқылы.

Егер сатушы (дайындаушы, орындаушы) қойылған кінәға күнтізбелік он күн ішінде жауап бермесе немесе бұзушылықтарды жоюдан және келтірілген залалды (зиянды) ерікті түрде өтеуден бас тартса, тұтынушы сотқа жүгінуге құқылы.

 

Егер сатушы сізге тауарды қайтару/айырбастаудан бас тартатын болса не істеу керек?

  • Сіз сатушыға (дайындаушыға) ресми сотқа дейінгі талабыңызды қоя аласыз.
  • Егер сатушы (дайындаушы) күнтізбелік он күн ішінде жауап бермесе Сіз сотқа жүгінуге құқылысыз.
  • Талап етілетін жер бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша қоғамдық бірлестікке жүгінуге не "ыстық желі" телефоны бойынша кеңес алуға.

https://egov.kz/cms/kk/articles/shkola_potrebitelya



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Салымдар түрі: қалайша неғұрлым көп пайда табуға болады
» Қауіпсіз каникул: балаларыңызды алаяқтардан қалай қорғауға болады
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ