Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша істерді қарастыратын уәкілетті органдар. Құқық негіздері, 11 сынып, сабақ жоспары.
Қоғамдық-гуманитарлық мектептер үшін
ӘБ жетекшісі_______Сүлейменова Г.М
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Әкімшілік іс жүргізу құқығының институттары | Мектеп: Шымкент қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||
Күні: сәуір | Мұғалімнің аты-жөні: Байтуреев Д.Ш. | ||||||
Сынып: 11 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабақ тақырыбы | Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша істерді қарастыратын уәкілетті органдар | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 11.4.3.1 - әкімшілік құқық бұзушылық бойынша істерді қарастыратын уәкілеттті органдардың (лауазымды тұлғалардың) құзыретін құқықтық жағдаяттар мысалында танысу ажырата білу. | ||||||
Сабақ мақсаттары | әкімшілік құқық бұзушылық бойынша істерді қарастыратын уәкілетті органдардың (лауазымды тұлғалардың) құзыретін жан-жақты шолу жүргізу | ||||||
Бағалау критерийлері | Білу және түсіну - Әкімшілік құқық бұзушылық ұғымының мәнін түсінеді және оларға қандай әрекеттер кіретінін біледі; - Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша істерді қарастыратын уәкілетті органдарды біледі; - Әкімшілік құқық бұзушылықтарды қарастыратын уәкілетті органдар қандай функциялар атқаратынын біледі. Қолдану Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша істерді қарастыратын уәкілетті органдардың функцияларын рольдік қойылым арқылы көрсетіп аша алады. | ||||||
Тілдік мақсаттар
| Пәнге қатысты терминология - әкімшілік іс жүргізу құқығындағы соттық талқылаулардың ерекшеліктері неде? Кодекстің 34-35 тарауларын қарастыра отыра анықтайды (оқылым, айтылым дағдылары).Әкімшілік құқық бұзушылық;
Мен...деп ойлаймын Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша істерді қарастыратын уәкілетті органдардың ерекшілігі(...) Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша соттың істі қарау ерекшеліктеріне (…) жатқызуға болады. Әкімшілік іс жүргізу құқығындағы соттық талқылаудың негіздері (...) | ||||||
Құндылықтарды дарыту |
| ||||||
Пәнаралық байланыстар | Тілдік пәндер, қоғамдық-гуманитарлық пәндер Мектеп бағдарламасы көлемінде гуманитарлық пәндер бойынша алған білімдері мен күнделікті өмірдегі әлеуметтік тәжірибелерін,сондай-ақ БАҚ. | ||||||
АКТ қолдану дағдылары | Берілген Интернет ресурстармен қажетті ақпаратты іздеу және өңдеу дағдылары | ||||||
Бастапқы білім | Мектеп бағдарламасы көлемінде 9 және 10 сынып «Адам. Қоғам. Құқық» пәні бойынша алған білімдері мен күнделікті өмірдегі әлеуметтік тәжірибелерін,сонымен қатар Қазақстандағы қазіргі кездегі құқықтық және саяси-әлеуметтік оқиғалардан хабардар. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақ кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 3 мин. Сабақтың ортасы | Сабақты ұйымдастыру.Сәлемдесу Б «Миға шабуыл» әдісі арқылы тақырыпқа бағыттау үшін келесідей сұрақтар қойылады: - Әкімшілік құқық бұзушылық дегеніміз не және оларға қандай әрекеттер кіреді? - Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша істерді қарастыратын қандай уәкілетті органдарды білесіз? - Әкімшілік құқық бұзушылықтарды қарастыратын уәкілетті органдар қандай функцияларды атқарады? Бүкіл сыныптық талқылаудың нәтижесінде жаңа тақырыпқа шығамыз. Дескриптор: - Әкімшілік құқық бұзушылық ұғымының мәнін түсінеді және оларға қандай әрекеттер кіретінін біледі; - Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша істерді қарастыратын уәкілетті органдарды біледі; - Әкімшілік құқық бұзушылықтарды қарастыратын уәкілетті органдар қандай функциялар атқаратынын біледі. ҚБ Оқушылар жауабына бірден ауызша кері байланыс беріледі. М Оқушыларды жаңа тақырыппен таныстырамыз. Оқушыларға бүгінгі сабақтың қандай оқу дағдылары мен оқу мақсаттары болатыны туралы пікірін сұраймыз. Бағдарлама бойынша қарастырылатын оқу дағдылары, оқу және сабақ мақсаттарымен таныстырамыз. Қ Бұл оқу үдерісінде оқушылар бойына Азаматтық жауапкершілік атты мемлекет құндылықтары дарытылады | Презентация ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекс, 2014 ж. 333-бабы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекс, 330-бабы ҚР Əкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 147-бабы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекс, 330-бабы | |||||
Т Сыныпты топтарға біріктіріп, топтарға құқықтық жағдаят беріледі. Сот ойыны ұйымдастырылады. Жағдаяттар бойынша берілген тапсырмаларға оқушылар өзара ақылдасып шешімдерін сахналық қойылым түрінде көрсетеді. І-топ. Шектеулі көлемде алкогольды ішімдік ішкен азамат көшенің ортасында өз бетімен үйіне қайтып келе жатады. Оны патрульдік полиция тоқтатып ішімдік ішкені үшін әкімшілік жауатылыққа тартатынын айтады. Сұрақ: кез келген азаматты ішімдік ішкені үшін әкімшілік жауаптылыққа тартуға болады ма? Қоғамдық тәртіпті сақтауға уәкілетті патрульдың бұл сәттегі әрекеті қаншалықты заңға сай келеді? ІІ-топ. Жұлдыздар отбасы – Аңыз Адам» журналында жарық көрген Адольф Гитлер жайлы материалдың қоғамда түрлі пікір тудырғаны мәлім. Соған орай, Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының өндірісіне «Отбасы баспасы» ЖШС-не қарайтын «Жұлдыздар отбасы – Аңыз адам», «Жұлдыз жорамал» мерзімді басылымдары мен меншік иесі Жарылқап Қалыбайға қатысты әкімшілік іс келіп түскен болатын. Сұрақ: Сот қаулысы негізінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің қандай бабы бойынша айыптауға құқығы бар? Бұл процесті қандай уәкілетті орган шешеді?. ІІІ-топ. Алматы қаласының тұрғындары Б.Ерден мен Б.Айтмағанбетов Антимонопольдік комитетке «Ксеll» компаниясының үстінен арызданған болатын. Соған орай тексеру жүргізген комитет Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық əкімшілік сотына шағым түсірді. Іс «Activ» брендімен көрсетілетін «Күндізгі лимитсіз» тарифтік жоспары бойынша есептеу механизміне жəне «Ксеll» брендінде абонент теңгерімінің 0-ге жеткенінде қызмет көрсетуді тоқтатпауына қатысты жүргізілді. Нəтижесінде соттың шешімімен «Ксеll» компаниясына 16 миллиард 53 млн теңге айыппұл тағылды. Алайда, бұл шешіммен келіспеген компания Алматы қалалық сотына апелляциялық шағым берді. Судья Қанат Молдашевтің қарауымен мамандандырылған сот тағайындаған 16 миллиард 53 млн теңге қысқарып, оның орнына ҚР Əкім шілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 147-бабы 3-бөлімімен 325 млн 850 мың 322 теңге айыппұл салынды. Осылайша, «Ксеll» компа ниясының апелляциялық шағымы жартылай қанағат тандырылды. Сұрақ: Жоғарыда аталған ұялы байланыс операторлардың тарифтік жоспары механизмі қолданыстағы заңға қайшы келе ме? Мамандандырылған әкімшілік сотының істі қайта қарау барысындағы шешімін қалай бағалайсыз? ІV-топ. Қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 330 бабының 1-бөлімімен аз. Г қатысты әкімшілік іс түсті. Іс материалдарына сәйкес азаматша аз.Г. 09 сәуір 2014 жылы А қаласы 7 шағын ауданының үйдің кіреберіс подъезінде азаматша аз.Т. жанжалдасып лас сөздер мен балағаттап қоғамдық орында құрметтемеушілік білдірген, яғни ҚР ӘҚБтК-нің 330 бабының 1-бөлімі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасаған. Сұрақ: Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша істі қарастыратын уәкілетті сот қандай қаулы шығаруы тиіс? Топтар өз шешімдерін рольдік қойылым түрінде көрсетеді. ҚБ Рольдік ойын қорытындысы бойынша мұғалім жалпы сыныптық түйін шығарып, ауызша бағалайды. Қ Бұл оқу үдерісінде оқушылар бойына Құрмет, Азаматтық жауапкершілік және қазақстандық патриотизм атты мемлекет құндылықтары дарытылады | Рөлдік ойын жүреді | ||||||
Сабақтың соңы 5 мин. | Үй жұмысы. Рефлексия Жалғастырыңыз: Бұл ... қиындық туғызды Осы ... мені ойландырды Маған ... қызықты болды | Слайд | |||||
Саралау Сабақта визуалдар мен аудиалдар үшін жеткілікті материалдар дайындалған. Тапсырманы оқушылардың өздеріне дауыстап оқыту және тақтада презентация ретінде көрсету қамтамасыз етілген. Топтық жұмыста қабілетті оқушылар басқа оқушыларға кейбір терминдер мен ұғымдарды түсіндіру, жағдаяттарды талдау жұмыстарын жүргізеді. | Бағалау Бағалау критерийі бойынша өзара бағалау және өзін-өзі бағалау. Сабақ барысында басымдық берілетін ең маңызды критерий – ғылыми тілді пайдалану | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы Компьютермен және басқа да техника түрлерімен жұмыс жасау ережелері | |||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?