Мемлекет қоғамның саяси жүйесінде. Құқық негіздері, 11 сынып, сабақ жоспары.
Орта мерзімді жоспар бөлімі: Мемлекет және құқық: | Мектеп: | |||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||||||||||
Сынып: 11 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Мемлекет қоғамның саяси жүйесінде | |||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 11.1.1.5 қазақстандық қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементін анықтау. | |||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушыларға қоғамның саяси жүйесі дегеніміз не және оның негізгі элементтерін құқықтық құжаттардың негізінде анықтату. | |||||||||||||||||||||
Құндылықтар | Жауапкершілік | |||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар:
Меніңше, саяси жүйе ... білдіреді. Қоғамның саяси жүйесін білу қажетті мәселеге айналды себебі... | |||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | 10-сыныпта Құқық пәні мен Дүние жүзілік тарихтағы алған білімдерін қажетінше қолдану. | |||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Тақырыпқа сай бейнебаян және интернет ресурстар | |||||||||||||||||||||
Сабақтың басы Сабақтың ортасы Сабақтың соңы | Қызығушылықтарын ояту. Оқушыларға ой түрткі жасау, ой қозғау және шығармашылық идеяларға қарай бағыттау. Ол үшін бірнеше сұрақтар беру:
Саяси жүйе- саяси билік арқылы орталықтан басқарылатын қоғамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін, біртұтас организм ретіндегі күрделі құрылым. «Саяси жүйе» термині үш ғылыми түсінікті білдіреді: олар – «жүйе», «саясат», «қоғам». https://www.ektu.kz › files › Resource Саяси жүйе - билікті жүргізуші әлеуметтік топтар, таптар, ұйымдар мен мемлекеттер арасындағы өзара қатынастарды реттейтін, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін ұйымдар, мекемелер мен институттар жиынтығы. Оның негізгі элементтеріне мемлекет, саяси партиялар, дін орындары, қоғамдық-саяси ұйымдар және т.б. жатады. Саяси жүйені жіктеудің ең кең тараған түрі, оның саяси тәртібіне қарай тоталитарлық, авторитарлық және демо-кратиялық деп бөлінуі. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3 Анықтамаларын беру арқылы өздік түзетулер жасатқызып құқықтық академиялық ұғым мен термин сөздерді дұрыс айту дағдыларын қалыптастыру.
Жетекші сұрақтар арқылы толықтырылып болған соң бүгінгі тақырып пен оқу мақсаттары таныстырылады.
Тақырыпқа ену үшін сабақтың басында 3-мин. https://www.youtube.com/watch?v=9mFOIdp43so Бейнебаян көрсету онда мынадай сұрақтарға жауап түртіп отыруды сұрау: Қазір осы бейнебаянға байланысты сұрақтар болатынын ескерту. Атап айтқанда, олар: - Не көріп отырсыздар? - Қандай мәселелер қарастырылған? - Бұл мемлекет үшін,әрі қоғам үшін неліктен маңызды? т.б. Бейнебаяндағы басты ой не болып табылатындыгына баса назар аудара отырып тақырыпқа ену. Мағынаны ашу. (О/Б).Оқушыларға тақырыпқа қатысты бірінші мәтін үлестіріледі.(Қысқартылған өңделген түрі.)Осы мәтіннен саяси жүйе,оның элементтеріне қатысты онық мазмұны мен құрылымын анықтату және ұғымдарды қалай ажырататындығына көз жеткізу. Барлығы түсінікті болу үшін бірнеше түрткі болатын сұрақтар қою:
Сонымен ҚР. қоғамының саяси жүйесі мен оның элементтерін анық ажыратып алайық:
Саяси жүйені жіктеудің түрлеріне , оның саяси тәртібіне байланысты тапсырма беру. Тапсырманы орындата отырып оқушылардың саяси тәртіпті қалай анықтаган дағдыларын қарастыру.
Тоталитарлық, авторитарлық және демократиялық деп бөлінуі. Қазақстан таңдаған саяси жүйе демократиялық түрінің басқалардан ерекшелігін ауызша пікірлерін білу. Казақстанның саяси жүйесінің азаматтық қоғамдағы алатын орны қандай? ПТМС-формуласы бойынша түсіндір. Бағалауға арналған дескриптор беріледі.
Бүгінгі сабақтың негізгі идеясын ПТМС формуласы арқылы түсінеді. Ауызша бірнеше оқушыға сұрақтар қою арқылы толықтыртып түсінгендеріне көз жеткізу.
ББҮ өзін-өзі бағалау парақшасы бойынша өз мақсаттарына жетеді.Кеткен кемшілік тұстары талданып,келесіде сол кемшілікті жоюға қосымша тапсырмалар беріледі. Кері байланыс орнату.
| |||||||||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру