Мемлекет қоғамның саяси жүйесінде. Құқық негіздері, 11 сынып, дидактикалық материал.
Қажетінше пайдалану.
Булгакова Д. А., Истаев А. Ж.Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы (оқу- әдістемелік құрал).- Алматы: Заң әдебиеті, 2004.- 222 бет. Терминологиялық сөздік.
Алдарбеков Т., Әлайдар А., Алайдаров А. Құқық негіздері. Оқу құралы.-Алматы: Нұр-пресс, 2008.-264 б
Булгакова Д. А., Истаев А. Ж.Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы (оқу- әдістемелік құрал).- Алматы: Заң әдебиеті, 2004.- 222 бет.
4 САЯСИ ЖҮЙЕ ҰҒЫМЫ
Қазіргі таңдағы саясаттануда «Саяси жүйе» түсінігі маңызды орын алады, өйткені ол сан қырлы саяси байланыстарды зерттейді, қоғамда қалыптасқан қатынастарды,билік қағидаттары мен әр түрлі институттарды қарастырады. Саяси жүйе қоғамның саяси тыныс-тіршілігіндегі билік жүргізу негізін ұйымдастырудың қайнар көзі болып табылады.
Саяси жүйе- саясатпен айналысатын субъектілердің өзара әрекет етуінің нақты тарихи нысаны. Ол субъектілер арасында саяси қатынастарды белгілі дәрежеде жинақтап ұйымдастырады, саяси қызметті өз үстемдігі арқылы тәртіпке келтіреді, олардың ара-жігін анықтап, шекараларын белгілейді.
Саяси жүйе- саяси билік арқылы орталықтан басқарылатын қоғамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін, біртұтас организм ретіндегі күрделі құрылым.
Отандық және шетелдік саяси әдебиеттерде саяси жүйе түсінігіне байланысты әр түрлі көзқарастар айтылып жүр.
Қоғамның саяси жүйесі жөнінде де бірқатар теориялар бар. Олардың қатарына американдық ғалым Д.Истонды, американдық саясаттанушы Г.Алмондты, Т.Парсонстың теориясын, К.Доичтың теориясын (кибернетикалық теория), Ресейлік саясаттанушылар М.Г.Анохинның, Ф.М.Бурлацкийдің, Р.А.Матвеевтің және басқалардың теорияларын жатқызуға болады. Американдық ғалым Д.Истон саяси жүйе теориясының негізін қалаушы болып есептеледі. Ол саяси жүйені ресурстар мен құндылықтарды бөліп беретін қоғамдық билікті қалыптастырушы және жұмыс істететін механизм деп қарастырады. Тағы бір американдық саясаттанушы Г.Алмонд саяси жүйені бір жағынан, тұрақтылықты қолдау кезінде қоғамдағы жаңғыртуды жүзеге асыруға көрсетілетін қабілеттілік, ал екінші жағынан, элементтердің өзара байланысының жиынтығы деп сипаттайды. Бұл ретте әрбір элемент бүкіл жүйеге қажетті маңызды қызметтерді атқарады(мемлекет, партия).
«Саяси жүйенің» тұжырымдамасы Ресей мен Қазақстан қоғамтанушыларының күшімен таяуда ғана жасалынды. «Саяси жүйе» термині үш ғылыми түсінікті білдіреді: олар – «жүйе», «саясат», «қоғам».
Біріншісі- жүйелік сипаты бар, белгілі бір тұтастықты көздеген қоғамдық көрініске көңіл аударуды мақсат тұтады. Оның құрамындағы элементтер өзара байланысты, бір-бірімен өзара әрекеттеседі. Жүйе түсінігінің өзі қоршаған ортамен үздіксіз бірлікте болудың қажеттілігін, олардың арасындағы өзара тәуелділікті білдіреді.
«Саяси» деген сөз зерттеліп отырған жүйенің сипатын көрсетеді. Сонымен саяси жүйе дегеніміз қоғамдық өмірдің саяси жүйесімен оның тығыз байланыста болатындығын білдіреді. «Қоғам» түсінігі саяси жүйенің деңгейін көрсетеді.
Саяси жүйе- бұл әлеуметтік топтардың қажеттіліктері мен мүдделерін анықтайтын институционалдық білімнің жиынтық кешені, ол тиісті аймақта жария билікті жүзеге асыру жөніндегі өзара іс-әрекетті қалыптастырады және ұйымдастырады.
Саяси жүйе- аса қажетті механизм. Тек соның тікелей әсер етуі арқылы ғана толық билік пен халықтың егемендігі жүзеге асырылып, қамтамасыз етіледі.
Саяси жүйе қоғам мен мемлекет арасындағы қатынасты ұйымдастырады, саяси үрдістерді, саяси қызметтің жағдайларын, саяси ілгерілеу мен ұмтылыстарды сипаттайды. Саяси қызметтің бір түрі болып саналатын саяси жүйе саясат субъектілерінің өзара іс-қимылы нәтижесінде пайда болатын жағдайлардың мән-мазмұнын ұйымдастырушы ролін аиқарады. Саяси жүйе саяси үрдістерді реттеудің қалай жүріп жатқанын, саяси биліктің құрылуы мен қызмет істеу жағдайын көрсетеді, өндіріс пен мемлекеттік билікті пайдалану негізінде әлеуметтік қатынастар арасында игіліктерді бөледі.
Қоғамның саяси жүйесі бірқатар құрылымдық элементтерден немесе негізгі жүйешелерден тұрады.
Қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементтері мыналар: саяси қарым-қатынас; саяси принциптер мен құқықтық нормалар; саяси институттар; саяси сана; саяси мәдениет пен оған саяст тұрғыда қатысу.
Саяси қарым-қатынас – бұл саяси және мемлекеттік билікті қалыптастырып құру мен оның қызмет етуін реттеу жөніндегі саяси өмірдегі субъектілер арасындағы қарым-қатынастар. Саяси принциптер мен құқықтық нормалар- қолданылып отырған саяси жүйе шеңберінде саяси қарым-қатынастарды тәртіпке келтіре отырып, оларды реттейді. Саяси институттар- саяси мекемелер болып саналады, яғни бүкіл саяси жүйенің матариалдық негізін құрайды.
Саяси жүйелердің типологиясы осы аталған үш түр арқылы шектеліп қалмайды. Үкіметті саяси партиялар арқылы құруға байланысты қазіргі таңдағы саяси жүйелердің типологиясы да кең түрде белгілі бола бастады. Осындай белгілер бойынша қоғамның бір партиялық , қос партиялық және көп партиялық саяси жүйелері болады.
Жоғары айтылғандардың барлығын қорытындылайтын болсақ, Қазақстанның саяси жүйесі қоғамды дамытудың өтпелі кезеңінің міндеттерін жүзеге асыру мен оны аяқтау жөніндегі әрқилы саяси субъектілердің қызметтерін үздіксіз жүргізуде, бір-бірімен байланыстыруды және үйлестіруді қамтамасыз етуде деп айтуға толық негіз бар. Ол қоғамдық қатынастардың тепе-теңдігін орнатуға мүмкіндік береді, Қазақстан халқының әлеуметтік проблемаларын шешуге, тұрмыс дәрежелерін жақсартуға бағытталған жодарды қарастыруда. Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев Республиканың қоғамдық дамуы жолындағы ортақ негізгі мақсаттарды оңды шешуге барлық күштерді жұмылдыруда.
Қолданған әдебиеттер:
- Жамбылов Д. Саясаттану негіздері: Оқу құралы.- Алматы: Жеті жарғы, 1998.-240б.
- Қапесов Н. Саясаттану: Оқу құралы.- Алматы: Жеті жарғы, 2003.-216б.
- Ақиқат.- 2001, № 12, 19-23б.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру