Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқарудың құқықтық реттелуі. Құқық негіздері, 10 сынып, презентация, 1 - сабақ.


Төмендегі мәселелерді қалай

түсінеміз?

Мемлекеттік басқару органдары

Билік тармақтары

Билік бөлінісі

Теңдік пен теңгермешілік қағидаты

Мемлекеттік басқару органдарының маңызы қандай?

Бөлім: Әкімшілік құқық жүйесі

Тақырып:

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқарудың құқықтық реттелуі

Оқу мақсаты

10.2.2.1 мемлекеттік басқарудың құқықтық реттелу ерекшеліктерін графикалық сызба құру арқылы түсіндіру

Сабақ мақсаты

Мемлекеттік басқарудың құқықтық реттелу ерекшеліктерінің мәнін ашу

Прокуратура

Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы – тікелей ҚР Президентіне бағынатын мемлекеттік орган.

Прокуратура – ҚР Президент жарлықтарының және өзге де нормативтік-құқықтық актілердің дәлме-дәл және біркелкі қолданылуын, жедел-іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және атқару-орындаушылық іс жүргізудің заңдылығын жоғарыдан қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

Прокуратура органдары төменгі прокурорларды жоғары тұрған прокурорларға қатаң бағындыратын бірыңғай орталықтандырылған жүйені құрайды

ҚР Бас прокуратурасын Парламент сенатының келісімімен қызметке бес жыл мерзімге Президент тағайындайтын Бас прокурор басқарады.

Прокуратура органдары жүйесіне: Бас Прокуратура облыстардың прокуратуралары; республика астанасы мен республикалық маңызы бар қалалардың прокуратуралары; ауданаралық, аудандық, қалалық және оларға теңестірілген әскери және мамандандырылған прокуратуралар кіреді.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті

ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті (ҚР ҰҚК) — арнайы мемлекеттік орган болыпҚазақстан халқына бағынады. Басты бақылаушысы және басшыларын тағайындаушысы ҚР Президенті  болып табылады

Басты мақсаты - мемлекеттің қауіпсіздігін және біртұтастығын сақтау.

Басты қызметтері:

мемлекеттің, қоғамның, тұлғалардың қауіпсіздігі жолында мемлекеттік қауіпсіздік шараларын құрастыру және жүзеге асыру.

ҚР қажетті болған барлау қызметін жүзеге асыру ;

ҚР қауіпсіздігіне қауіп төндіретін басқа мемлекеттік немесе жеке тұлғалардың барлау қызметтерін анықтау, тексеріп жолын кесу.

ҚР біртұтастығына нұқсан келтіруі мүмкін болған, конституцияның күштеп өзгертілуіне немесе жойылуына әкелуі мүмкін болған террористтік не басқа да қызметтерді анықтап жолын кесу.

ҚР Президентін, мемлекеттік органдарды, Қарулы күштерді және басқа да әскери ұйымдарды бейбіт және соғыс кезінде байланыспен қамтамасыз ету.

Мемлекеттік және бақа да ұйымдарда, әскери қызметтерде шифрлік қызмет ұйымдастыру.

Қазақстан Респулбикасының мемлекеттік шекарасын күзету және қорғау.

Конституциялық Кеңес

Конституциялық Кеңес өкілеттіктері алты жылға созылатын жеті мүшесінен құралған. Конституциялық Кеңестің өмір бақилық мүшелігіне Республиканың Экс-Президенттері құқылы болып табылады. Конституциялық Кеңестің Төрағасын Республика Президенті тағайындайды және дауыс теңдей бөлінген жағдайда оның дауысы шешуші болып табылады.

Конституциялық Кеңестің екі мүшесі Республика Президентімен, екеуі Сенат төрағасымен, екеуі Мәжіліс төрағасымен тағайындалады. Конституциялық Кеңестің қалған мүшелері әр үш жыл сайын жаңартылып тұрады.

Конституциялық Кеңес:

Республика Президентінің сайлауы;

Парламент депуттарының сайлауы;

Республикалық референдум өткізудің дұрыстығы туралы мәселеге қатысты туған таласты шешеді.

Парламентпен қабылдаған және Президент қол қойған заңдардың Конституциямен сәйкестігін;

Халықаралық келісімдердің Конституцияға сәйкес бекітілуін қарайды.

Конституция нормаларына ресми түсінік береді;

Республика Президентін қызметінен мерзімінен бұрын босату туралы Парламентпен тиісті шешім қабылданғанша, Республика Президентін қызметінен босату туралы соңғы шешімге келгенге дейін белгіленген конституциялық рәсімдерді сақтау туралы ұйғарым жасайды.

Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімі қабылдаған күннен бастап күшіне енеді және шешім шағымдануға жатпайды, республиканың барлық аумағында жалпыға бірдей міндетті болып табылады.

Кері байланыс

Жалғастырыңыз:

Маған ... қызықты болды

Маған ... бұл болашақта қажет болады

Бұл ... қиындық туғызды

Осы ... мені ойландырды



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қауіпсіз каникул: балаларыңызды алаяқтардан қалай қорғауға болады
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері