"Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқарудың құқықтық реттелуі. Құқық негіздері, 10 сынып, сабақ жоспары, 2 - сабақ


«Адам. Қоғам. Құқық» пәнінен ҚМЖ ӘБ жетекшісі________________

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Әкімшілік құқық жүйесі

Мектеп: Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Бейсенов М.Қ.

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқарудың құқықтық реттелуі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

10.2.2.1 мемлекеттік басқарудың құқықтық реттелу ерекшеліктерін графикалық сызба құру арқылы түсіндіру

 Сабақ мақсаты

Мемлекеттік басқарудың құқықтық реттелу ерекшеліктерінің мәнін ашу

 Бағалау критерийлері

Білу және түсіну

Мемлекеттік басқаруға тән белгілерді анықтайды

Қолдану

Мемлекеттік басқарудың құқықтық реттелу ерекшеліктерін графикалық сызба құру арқылы түсіндіреді

Талдау

«Мемлекеттік басқару органдарының маңызы қандай?» сұрағы аясында қорытынды шағын эссе жазады

 Тілдік мақсаттар

 

Пәнге қатысты терминология

  • Мемлекеттік басқару органдары
  • Билік тармақтары
  • Билік бөлінісі
  • Теңдік пен теңгермешілік қағидаты

Мен... деп ойлаймын

....қағидаттары сақталуы тиісті, себебі...

....органдарының билік әлеуетін кеңейту қажет, себебі...

...маңызды, сондықтан....

Құндылықтарды дарыту

  •  Құрмет (бір-бірін тыңдауы және уақыт ережелерін сақтау, заңға құрмет)
  •  Азаматтық жауапкершілік (заңды сақтау, міндеттерді орындау арқылы)
  •  Қазақстандық патриотизм (ҚР Конституциясы мен негізгі заңнамаларын оқып, үйрену арқылы)

Пәнаралық байланыстар

Тілдік пәндер, гуманитарлық пәндер

Мектеп бағдарламасы көлемінде гуманитарлық пәндер бойынша алған білімдері мен күнделікті өмірдегі әлеуметтік тәжірибелерін, сондай-ақ БАҚ көздерінен берілетін ақпараттарды қолданады.

АКТ қолдану дағдылары

Берілген Интернет ресурстармен қажетті ақпаратты іздеу және өңдеу дағдылары

Бастапқы білім

Мектеп бағдарламасы көлемінде 9 сынып «Адам. Қоғам. Құқық» пәні бойынша алған білімдері мен күнделікті өмірдегі әлеуметтік тәжірибелерін, сондай-ақ БАҚ көздерінен берілетін ақпараттарды қолданады. Сонымен қатар Қазақстандағы қазіргі кездегі құқықтық және саяси-әлеуметтік оқиғалардан хабардар.

Жаһандық азаматтылық

Әкімшілік құқықтың белгілерін талдай отырып, сол деңгейге жету жолдарын талқылау барысында әлемдегі басқа елдердің тәжірибелерін қарастырып, салыстыру.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-15 мин

Б Білімдерін тексеру және еске түсіру мақсатында оқушылармен жалпы сынып талқылауы жүргізіледі.

  • Прокуратура қай билік тармағына жатады. Тікелей кімге бағынады?
  • ҰҚК қай билік тармағына жатады. Тікелей кімге бағынады?
  • Конституциялық Кеңес қай билік тармағына жатады. Тікелей кімге бағынады?

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады

Қ Бұл оқу үдерісінде оқушылар бойына Азаматтық жауапкершілік және Құрмет атты мемлекет құндылықтары дарытылады

ҚР Конституциясы

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

http://adilet.zan.kz

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

http://www.akorda.kz/

Ағдарбеков Т. Мемлекет және құқық теорияся. – Алматы, 2003.

Сабақтың ортасы

15-75 мин

15-60 мин

60-75 мин

Т Мемлекеттік органдар тақырыбында мәтін беріледі. Топтар талқылау барысында мемлекеттік органдарды:

  • Билік тармақтарына бөлінуі бойынша;
  • Өкілеттік мерзімі бойынша (тұрақты, уақытша);
  • Құзыретті жүзеге асыру тәртібі бойынша (алқалық, жалғыз ілікті);
  • Құзыреттің сипаты бойынша (жалпы құзыретке ие органдар, арнайы құзыретке ие органдарға жіктейді).

Өз жұмыстарын постерде жариялайды. Постерлер тақтаға ілінеді. Әр оқушы постерлерді қарастырып өздері ең толық және дұрыс деп есептеген постерді + белгісімен бағалайды. Ең көп баға алған постерді құрастырған топ жалпы сынып алдында өз жұмыстарын қорғайды, сұрақтарға жауап береді.

ҚБ Оқушылар бірін-бірі басбармақ арқылы бағалайды және мұғалім ауызша кері байланыс береді

Қ Бұл оқу үдерісінде оқушылар бойына Құрмет, Азаматтық жауапкершілік және Қазақстандық патриотизм атты мемлекет құндылықтары дарытылады

Д Оқушылар жеке «Мемлекеттік басқару органдарының маңызы қандай?» сұрағы аясында дәптерлеріне қорытынды шағын эссе жазады

ҚБ Мұғалім оқушылардың дәптерін жинап алып, сабақтан тыс арқылы балл қою арқылы бағалайды

Е. Қуандықов, Ш. Маликова, С. Есетова. «Құқықтану». – Алматы: Дәуір, 2007 жыл.

Жоламан Қ.Д. «Мемлекет және құқық теориясы». – Алматы: Нұр-пресс, 2007.

Сапаргалиев Ғ. Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы. Оқу құралы. -Алматы, 1997жылы.

Ағдарбеков Т., Әлайдар А., Алайдаров А. Құқық негіздері. Оқу құралы. – Алматы: Нұр-пресс, 2008

Сабақтың соңы

75-80 мин

Жаңа тақырыпты қорытындылаймыз және бекітеміз.

Рефлексия

Жалғастырыңыз:

Маған ... қызықты болды

Маған ... бұл болашақта қажет болады

Бұл ... қиындық туғызды

Осы ... мені ойландырды

Саралау

Сабақта визуалдар мен аудиалдар үшін жеткілікті материалдар дайындалған. Тапсырманы оқушылардың өздеріне дауыстап оқыту және тақтада презентация ретінде көрсету қамтамасыз етілген.

Бағалау

Жетістік критерийі бойынша өзара бағалау және өзін-өзі бағалау.

Сабақ барысында басымдық берілетін ең маңызды критерий – ғылыми тілді пайдалану

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы Компьютермен және басқа да техника түрлерімен жұмыс жасау ережелері

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді