Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқарудың құқықтық реттелуі. Құқыұ негіздері, 10 сынып, сабақ жоспары.


Әкімшілік құқық жүйесі

Сабақ тақырыбы:

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқарудың құқықтық реттелуі

10 сынып

Оқу мақсаты:

  • 10.2.2.1 мемлекеттік басқарудың құқықтық реттелу ерекшеліктерін графикалық сызба құру арқылы түсіндіру

Сабақ мақсаты

  • мемлекеттік басқарудың құқықтық реттелу ерекшеліктерін графикалық сызба құру арқылы түсіндіру

Бағалау критерийлері

  • Қазақстан Республикасының басқару жүйесінің ерекшеліктері туралы графикалық сызба негізінде жасап, қорғайды;
  • Мемлекеттік және құқық қорғау органдар туралы постер жасап қорғайды.

Тілдік міндеттер

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • Мемлекеттік басқару органдары
  • Билік тармақтары
  • Билік бөлінісі
  • Теңдік пен теңгермешілік қағидаты

Мен... деп ойлаймын

....қағидаттары сақталуы тиісті, себебі...

....органдарының билік әлеуетін кеңейту қажет, себебі...

...маңызды, сондықтан....

Құндылықтардыдарыту

Өзін қандай да бір ұлттың өкілі ретінде сезіну

- патриотизм

- ұлттық сана-сезім

- тәуелсіздік

- ар-ождан бостандығы

Пәнаралық

байланыстар

Қазақстан тарихымен байланысты, өйткені мемлекеттің құқықтық пен билік жүйесін Қазақстан тарихынан да қарастырылады.

АКТ қолдану

дағдылары

Интернет ақпарат материалдарын пайдалану.

Алдыңғы білім

Қазақстан Республикасы конституциялық құқығының институттары

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Дерек көздері

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы

  • Ұйымдастыру кезеңі.
  • Ой шақыру. Тақырыпты шешу үшін оқушыларға әртүрлі мемлекеттік органдар бейнеленген суреттер көрсету.
  • Оқушыларды сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.

Б Білімдерін тексеру және еске түсіру мақсатында оқушылармен жалпы сынып талқылауы жүргізіледі.

  • Мемлекеттік басқару органдары
  • Билік тармақтары
  • Билік бөлінісі
  • Теңдік пен теңгермешілік қағидаты

Талқылау соңында оқушылар мемлекеттік басқару органдарының маңызы қандай? сұрағы аясында қорытынды жасалады

  • Топтық жұмыс.

М Қазақстан Республикасының басқару жүйесінің ерекшеліктері тақырыбында мұғалім таныстырылым жасайды. Мысалы: Прокуратура, ҰҚК, Конституциялық Кеңес қай билік тармағына жатады. Тікелей кімге бағынады?

Т Топтарға Қазақстан Республикасының басқару жүйесінің ерекшеліктері туралы мәтін беріледі.

1-топ: Парламент пен Үкімет үйі

2-топ: Конституциялық Кенес

3-топ: Прокуратура

4-топ: Ұлттық Қауіпсіздік комитеті.

Топтар өз жұмыстарын графикалық сызба негізінде жасап, қорғайды

Т Мемлекеттік органдар тақырыбында мәтін беріледі. Топтар талқылау барысында мемлекеттік органдарды:

  • Билік тармақтарына бөлінуі бойынша;
  • Өкілеттік мерзімі бойынша (тұрақты, уақытша);
  • Құзыретті жүзеге асыру тәртібі бойынша (алқалық, жалғыз ілікті);
  • Құзыреттің сипаты бойынша (жалпы құзыретке ие органдар, арнайы құзыретке ие органдарға жіктейді).

Өз жұмыстарын постерде жариялайды. Постерлер тақтаға ілінеді. Әр оқушы постерлерді қарастырып өздері ең толық және дұрыс деп есептеген постерді + белгісімен бағалайды. Ең көп баға алған постерді құрастырған топ жалпы сынып алдында өз жұмыстарын қорғайды, сұрақтарға жауап береді.

Оқушылардың білімдерін бекіту үшін келесі тапсырма беріледі.

Тапсырма: төмендегі кесте бағандарын сәйкестендіріп, бір – біріне қатыстығын анықтаңыздар.

Дескриптор: төмендегі кесте бағандарын сәйкестендіріп, бір – біріне қатыстығын анықтай алады.

Президент

Парламент

Үкімет үйі

Сот жүйесі

  • республикалық бюджетті қабылдайды және бекітеді.
  • жаңа заң жобасын ұсынады.
  • Республиканың бүкіл аумағында міндеті күші бар қаулылар шығарады.
  • қабылданған заңдарға қол қояды.
  • заңның бұзылған/бұзылмағанын анықтайды
  • мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады
  • республикалық бюджетті ұсынады.
  • тұрмыстық мәселелер бойынша түскен арыздарды қарастырады.

Слайд-презентация

ҚР Конституциясы

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

http://adilet.zan.kz

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

http://www.akorda.kz/

Нұрпейсов Е. Котов А. Қазақстан Республикасы: хандық биліктен Президенттік Республикаға дейін. – Алматы, 1995

Сабақтың соңы

Кері байланыс:

  • Қиын болды…
  • Бүгін мен білдім…
  • Қызықты болды…

Бағалау. Мұғалім оқушыларға оқу мақсатына жеткенің немесе жетпегенін айтады.

Үй тапсырмасы. Қайталау.

Стикерлер

Қосымша ақпарат

Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау. Оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-ны қолдану

Құндылықтарменбайланыс

(тәрбие элементі)

Талқылау үрдісі кезінде барлық оқушылардың бірегей қатысуын қадағалаймын.

Дәйекті дәлелдерге ғана негізделген қорытындыға жетудің мағынасының мәні, сыныптағы қабілеті төмен оқушы дәлелдерге негізделе отырып кем дегенде өзін ойын білдіре алады, ал қабілеті жоғары оқушы тәуелсіз, негізгі жауап береді.

Рефлексия

Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Салымдар түрі: қалайша неғұрлым көп пайда табуға болады
» Қауіпсіз каникул: балаларыңызды алаяқтардан қалай қорғауға болады
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ