Қандай әрекет қылмыс деп танылады? Құқық негіздері, 9 сынып, қосымша материал 4.
1-жағдаят:
Достар бірігіп табиғатқа дем алуға шығады. А деген азамат өзімен бірге тапанша алып шығады. Ойын кезінде В деген азамат тапаншаны алып, С деген азаматқа кезейді. Бірақ А деген азамат оның қолын бұрып қалғанда оқ Д деген азаматқа тиеді.
- Қылмыс субъектісі
- Қылмыстың субъективті жағы
- Қылмыс объектісі
- Қылмыстың объективті жағы
2-жағдаят:
Ауылында қысқы демалыс кезінде 9-сынып оқушысын сыныптастары соққыға жығып, жазым қылды. Ауылда өтіп жатқан «Көңілді тапқыштар клубы» сайысына кеткен 9-сынып оқушысы Медет Жасымбай сол күні үйіне қайтып оралмады. Отбасына суық хабарды жасөспірімнің сыныптастары жеткізген. Әзіл кешінен кейін Медетті үш құрдасымен бірге 11-сыныпта оқитын топ оқушы мектеп маңындағы ескі ғимаратқа шақырып алып, «ақша әкелмедіңдер» деп соққыға жыққан. Куәгерлердің айтуынша, Медет сол жерде-ақ жан тапсырыпты.
- Медеттің өліміне себепші болған балаларды қандай жаза күтіп тұр?
- Қатаң режимдегі түрмені қалай түсінуге болады?
- Егер бір оқушы марқұм Медет секілді жоғары сынып оқушыларынан әлімжеттік көрсе, шағымын қайда барып айтқаны дұрыс?
- Жалпы әлімжеттіктен қалай құтылуға болады?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?