Қандай әрекет қылмыс деп танылады? Құқық негіздері, 9 сынып, қосымша материал 3.


1. Қылмыстың жіктелуі. Қылмыстарды жіктеу – бұл қоғамға жасалған қауіпті әрекетті ауырлық дәрежесі мен сипатына байланысты топтарға бөлу болып табылады. Қылмыстық кодексте барлық қылмыстар төрт топқа бөлінген:

-онша ауыр емес қылмыстар; (преступления небольшой тяжести)

- орташа ауыр қылмыстар; (преступления средней тяжести)

-ауыр қылмыстар; (тяжких преступлений)

-ерекше ауыр қылмыстар; (особо тяжких преступлений)

  • Жасалғаны үшін ең ауыр жаза екі жыл бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай – ақ жасалғаны үшін ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын абайсыза жасалған әрекет – онша ауыр емес қылмыс деп танылады.
  • Жасалғаны үшін ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай – ақ жасалғаны үшін бес жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза абайсыза жасалған әрекет – орташа ауыр  қылмыс деп танылады.
  • Жасалғаны үшін ең ауыр жаза он екі жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет – ауыр  қылмыс деп танылады.
  • Жасалғаны үшін ең ауыр жаза он екі жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза немесе өлім жазасы қасақана жасалған әрекет – аса ауыр  қылмыс деп танылады.

2. Қылмыс жасау сатылары. (Стадии совершения преступления.)Қылмыс жасау сатылары қасақана қылмыстың дамуының белгілі бір сатылары. Заңда үш саты белгіленген: қылмысқа дайындалу; қылмыс жасауға оқталу (покушение на совершение преступления); аяталған қылмыс (оконченное преступление).Қылмысқа дайындалу – бұл адамның қылмыс жасау құралдары мен қаруларын іздеу, дайындау немесе ыңғайлауы, бірге қылмыс жасаушыларды іздеуі, қылмыс жасауға сөз байласу немесе қылмыс жасауға қасақана басқа да қолайлы жағдайлар жасауы, егер қылмыс мұндай жағдайда адамның еркінен тыс мән – жайларға байланысты аяғына дейін жеткізілмесе.Қылмыс құралдарын сатып алу тәсілдері заңды болуы мүмкін: қаруды заңға сәйкес сатып алу, сыйлық ретінде алу,немесе заңсыз да болуы мүмкін: қаруды, мөрлерді, кілттерді және т.б. ұрлау.Дайындау – бұл шикізаттардан қылмыс жасау үшін қарулар мен құралдардың жартылай фабрикаттарын жасау.Бейімдеу – затарды өңдеу, сол арқылы олар қылмыс жасау үшін жарамды болады (мысалы, кілттің түрін өзгерту).Қылмыс жасауға оқталу деп – адамның еркінен тыс мән – жайларға байанысты, аяғына дейін жеткізілмеген жағдайда адамның қылмыс жасауға тікелей бағытталған қасақана әрекеті немесе әрекетсіздігі танылады.Аяталған қылмыс. Егер адам жасаған әрекетте қылмыс құрамының барлық белгілері болса, онда қылмыс аяталған болып есептеледі. Кейбір қылмыстар бегілі бір қоғамға қауіпті жағдай туғызғанда ғана аяқталған болып есептеледі. Яғни, бұл қылмыстың материалдық құрамы (мысалы, адам өлтіру өлім туындаған жағдайда аяқталған деп есептеледі. Егер өлім болмаса, онда адам өлтіруге қастандық жасау болып табылады).3. Қылмыс құрамы. (состав преступления)Қандай қылмыс жасалғанын анықтау үшін «қылмыс құрамы» сияқты ерекше ұғым бар, мысалы, ұрлық немесе бұзақылық, кісі өлтіру немесе қарақшылық.Қылмыс құрамы деп қоғамға қауіпті әрекетті қылмыс ретінде сипаттайтын объективті және субъективті белгілердің жиынтығын айтады.Қылмыс құрамы элементтерден құралады. Егер осы элементтің біреуі болмаса қылмыс жасалды деп айта алмаймыз. Қылмыс құрамының элементтері бұл – объект және объективті жағы, субъект және субъективті жағы.    Қылмыс субъектісі жай, белгілі бір жасқа толған және есі дұрыс боғандықтан өз әрекетін (немесе әрекетсіздігін) бағалай алатын қабілеті бар адам болуы керек.    Қылмыс объектісі (Объект преступления) – бұл қылмыстық іс – қимылға бағытталған және зиян келтіруі мүмкін қоғамдық қатынастардың жиынтығы, мысалы, өмір, жеке меншік, ар – ұят, абырой.    Қылмыстың объективтік жағы (Объективная сторона преступления) - әрекет деген жалпы ұғымды беретін адамның әрекет немесе әрекетсіздік нысанындағы сыртқы көрінісі.    Қылмыстың субъективтік жағы – бұл адамның өз іс – қимылына психикалық көзқарасы. Ол қасақаналық және абайсыз нысанында көрініс табады.

Қылмыстың субъективтік жағы. (Субъективная сторона преступления.)Қылмыстың субъективті жағы – бұл қылмыс жасаумен тікелей байланысты адамның психикалық әрекеті. Қылмыстың субъективті жағының мазмұны кінә, ниет және мақсат сияқты белгілердің көмегімен ашып көрсетіледі. Кінә - бұл адамның қылмыстық заңмен қарастырылған қоғамға қауіпті іс – қимылды жасауға деген психикалық көзқарасы. Кінә мынадай элементтерден тұрады: сана (интеллектуалдық элементі) және ерік (ерік элементі).Қылмыстың ниеті – қылмыс жсаған адамның жетекшілікке алатын саналы ниеті, яғни пайдакүнемдік, қызғаныш, көре алмаушылық, қорқақтық және т.б. болуы мүмкін.Қылмыстың мақсаты – тілейтін нәтиже туралы ой, оған кінәлі қол жеткізуге тырысады. Мысалы, оңай олжа табу мақсаты, трансплантациялау үшін органдарды немесе тканьдарды пайдалану мақсаты, сату мақсаты, халықты қорқыту мақсаты және т.б.

4. Қылмысқа қатысушылардың түрлері (Виды соучастников преступления.)Қылмысқа қатысушылардың рөліне байланысты, оларды ұйымдастырушы (организатор), орындаушы (исполнитель), айдап саушы (подстрекатель) және көмектесуші (пособник) деп бөледі.Орындаушы – бұл нақты қылмыс құрамының объективтік жағына кіретін әрекеттерді толықтай немесе ішінара орындайтын адам. Қарақшылықта орындаушы ретінде затты тартып алған ғана емес, сонымен бірге жәбірленушінің қарсыласуын жеңу үшін күш қолданатын адам да қылмыстық орындаушы болып табылады. Қылмыстың орындаушысы заңға сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтын, басқа адамдарды пайдалану арқылы қылмыс жасаған адам да қылмыстың орындаушысы болып есептеледі. Қылмыстық құқықта мұндай жағдайлар тікелей орындаушы деп аталады. Қылмыскер қылмыс жасау үшін жасөспірімді немесе ақыл – есі кем адамды пайдаланатын жағдай сияқты.Ұйымдастырушы – қылмыс жасауды ұйымдастырған немесе оның орындауына басшылық еткен адам.Ұйымдастырушы ретінде көбіне нақты қылмыстарды тікелей жасаудан қашатын ең тәжірибелі, қауіпті қылмыскерлер болады. Көпшілік жағдайда ұйымдастырушы – бас бастамашы, негізгі басқарушы және қылмыс жоспарының авторы болады. Басқа адамды азғыру, сатып алу, қорқыту жолымен немесе өзге де жолмен қылмыс жасауға көндірген адам айдап салушы деп танылады.Жоспарлы орындаушының субъективтік қасиеттерін ескере отырып, айдап салушы бопсалауды және мадақтауды, оның пайдакүгемдік ниетін пайдаланады, ал кейде сөз арасында айтылған емеуріннің өзі де жетіп жатады.Кеңестерімен, нұсқауларымен, ақпараттар жинауымен қымысты жасайтын қару немесе құралдар берумен немесе қылмысты жасаудағы кедергілерді жоюымен қылмыстың жасалуына жәрдемдескен адам көмектесуші деп танылады. Сондай – ақ көмектесуші ретінде қылмыскерді, қаруды немесе қылмыс жасаудың өзге де құралдарын, қылмыстың ізін және қылмыстық жолмен табылған заттарды жасыруға, сол сияқты осындай заттарды сатып алуға немесе өткізуге күні бұрын уәде береді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?