Қандай әрекет қылмыс деп танылады? Құқық негіздері, 9 сынып, дидактикалық материал.


Бұл салқын әрі қараңғы кеш болатын

 Бұл қарашаның салқын әрі қараңғы кеші болатын. Сағат 6 шамасы. Адамдар жұмыстан үйлеріне қайтып жатырды. Ванесса қала сыртына беттеп барады. Ол өте асығыс болатын. Бірақ ол үйге бара жатырған жоқ. Ванесса жолшыбай бір шыны (бөтелке) шарап сатып алды. Ванесса қайда бара жатыр деп ойлайсыздар?

 Ол кешкі ас ішуге досына бара жатырды. Оның досының аты Мартен болатын. Ол фермер болғандықтан қала сыртында тұрады. Ванесса радио тыңдап отырды. Ол жұмыстан кейін қатты шаршады, сондықтан бой жазғысы келді. Ванесса бір топ ағаштан аса бергенде жолдан бір нәрсені қағып өтті. Ол көлігін тоқтатып, сыртқа шықты.

Қалай ойлайсыз, ол нені қағып кетті?

 Ол өліп жатқан итті көрді. Ванесса итті жолдың шетіне сүйреп апарды да машинасына отырып жолын жалғастырды. Кенет Ванесса айнадан бір қара машинаның ілесіп келе жатқанын көрді. Ванесса машинасын оңға бұрса, ол да оңға бұрады, Ванесса машинасын солға бұрса, ол да солға бұрады. Соңынан қалмай келеді. Бұл машина неге қалмай келеді деп ойлайсыңдар?

 

Ванессаның ойынша бұл көліктің иесі манағы өлген иттің қожайыны болса керек. Ванесса не істеді?

 Ванесса көлігін тез жүргізе бастады. Соңындағы машина да сөйтті. Сағат 7 болғанда радиодан жаңалықтар беріле бастады. Радиодан: «Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Кеше түрмеден аса қауіпті қызмыскер қашып кетті. Сақ болыңыздар!» - деген хабарлма жолданды. (Жаңалық барысында полицияның кеше түрмеден қашып шыққан қылмыскерді іздеп жатқандығы және оның өте қауіпті екендігі хабарланды). Ванесса қандай күйде болды деп ойлайсыздар?

 Ванесса қатты қорықты. Ол соңындағы көлікте сол қызмыскер отыр деп ойлады. Машинасын қатты жүргізді. Мартеннің фермасына жақын қалды, бірақ соңындағы машина да таяп (жақын/қатар) келеді. Ванесса Мартеннің үйіне келіп жетті де, машинадан дереу шығып есікке жүгірді. «Мартен, аш, көмектес, көмектес!» - деп айқайлады, қоңырауды басты.

Мартен қайда деп ойлайсыздар?

Бұл уақытта Мартен ас үйде тамақ пісіріп жатты. Ол Ванессаның айқайын естіген соң, қолына тапаншасын ала жүгірді. Ол есікті ашты. Сол сәтте, қара машина келіп Ванессаның машинасының қасына тоқтап жатты. Машинадан ұзын бойлы жігіт шықты. Бұл жігіт кім деп ойлайсыздар?

 «Бұл түрмеден қашқан қанішер, бізді өлтіреді» - деп Ванесса айқайлап жіберді. «Жоқ, жоқ, мен қылмыскер емеспін, түрмеден қашқан қылмыскер сіздің машинаңыздың артында» - деді жігіт.

Қылмыскер Ванессаның машинасына қалай мінген?

 «Мен сіздің соңыңыздан келе жатырдым. Кенет сіз итті қағып кеттіңіз, сосын оны жолдың бойына шығарып тастадыңыз. Сіз тоқтаған жерде, ағаштың түбінде бір ер адам тұр еді. Ол дереу сіздің машинаңыздың артына тығылды. Мен оны танып қойдым. Оның суреті газетте жарияланған болатын. Ол түрмеден кеше қашып кеткен. Сол себепті мен сіздің соңыңыздан ердім» - деді жігіт. Мартен қолындағы тапаншасын кезеп, машинаның артын ашты да: «Шық қане, көтер қолыңды!» - деп айқайлады. Ол қылмыскер богажда жатыр екен. (New English File Teacher’s Book Pre-intermediate Photocopiable, Oxford University Press 2005).



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді