Қандай әрекет қылмыс деп танылады? Құқық негіздері, 9 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

9.2E Қылмыс ұғымы

Мектеп:

Сағат саны: 1

Күні:

Мұғалімнің аты - жөні:

Сынып: 9

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Қандай әрекет қылмыс деп танылады?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

Қылмыс ұғымы, қылмыс жасау сатылары мен жіктелуін түсіндіру.

 Сабақтың мақсаты

9.7.2.1 қылмыстың белгілері мен түрлерін ажырату

 Бағалау

 критерийлері

  • Қылмыс ұғымына анықтама береді;
  • Қылмыс құрамы мен қылмыс жасау сатыларын түсіндіреді;
  • Қылмыс түрлерін жіктейді;
  • Құқықтық мәселені талдап, шешу жолдарын ұсынады.

 Тілдік мақсаттар

Қылмыс, қылмыс құрамы, қылмыстың объектісі, қылмыстың субъектісі, қылмыстың объективті жағы, қылмыстың субъективті жағы, қылмыс жасау сатылары.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Оқушылар  кейс-стади технологиясы бойынша тапсырмаларды орындау арқылы жазылым және айтылым дағдыларын дамытады.

Қылмыс дегеніміз ...

Қылмыстың жасалуы мына сатылардан тұрады: ...

Қылмыстың мынадай түрлері бар ... / қылмыс былайша жіктеледі ...

Мен келісемін (-пеймін), себебі …

Қылмыстың белгілеріне мыналар жатады: ...

Менің ойымша бұл топтың жұмысы нәтижелі болды, себебі ...

Қылмыстың субъективті жағы дегеніміз ...

Құндылықтарды дамыту

Құндылықтар:

-тұлғааралық қарым-қатынасты дамытуға және бағалауға мүмкіндік беретін жұптық және топтық жұмыстарды қолдану;

- жеке тұлғаның пікірін ескеру және әрбір ойдың құндылығын құрметтеу;

- оқушы бойында дарытатын құндылықтар: патриотизм, ұлттық сана-сезім, төзімділік.

Пәнаралық байланыстар

Өзін-өзі тану, экономика.

АКТ қолдану дағдылары

Ғаламтордан ресурстар табу дағдылары дамытылды.

Алдыңғы меңгерілген білім

Қылмыстық құқық ұғымын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың қезеңдері

Сабақта орындалатын іс - әрекеттер

Оқыту ресурстары

Қызығушылықты ояту

5 мин

2 мин

БСМ Кадрлап бөлу. «Бұл салқын әрі қараңғы кеш болатын» атты тақырыптағы әңгімені жеке-жеке оқушыларды шақырып, кадрлап бөліп оқытылады. Әр бөлінген кадрда қойылған сұрақтарға ауызша жауап беріп отырады.

Бұл салқын әрі қараңғы кеш болатын

  • Ванесса қайда бара жатыр деп ойлайсыздар?/ досына/
  • Қалай ойлайсыз, ол нені қағып кетті? /итті/
  • Бұл машина неге қалмай келеді деп ойлайсыздар? /иттің қожайыны деп ойлайды/
  • Ванесса не істеді? /машинасын тез жүргізді/
  • Ванесса қандай күйде болды деп ойлайсыздар? /қатты қорықты/
  • Мартен қайда деп ойлайсыздар? /ас үйде/
  • Бұл жігіт кім деп ойлайсыздар? /кездейсоқ жолаушы/
  • Қылмыскер Ванессаның машинасына қалай мінген? /итті қағып кеткенде/

М Оқушылар тақырыптың қылмыспен байланысты болатынын болжайды. Мұғалім сабақ тақырыбы, оқу мақсаты және жетістік критерийлерімен таныстырады.

1-қосымша

Мағынаны тану

8 мин

15 мин

5 мин

Ж Болжау әдісі. Жұпта қылмыстың анықтамасын жазып, қылмыстың белгілерін жұппен талқылап, мысал келтіреді.

Қылмыс -

1 белгі

2 белгі

3 белгі

4 белгі

Мысалы,

1-2 топтың жауаптарын тыңдатып, тақтада қылмыстың анықтамасы мен белгілері көрсетіледі. Оқушылар өз жауаптарын тексереді (өзін-өзі бағалау).

М Қылмыстың анықтамасы және белгілері бойынша қысқаша шолу жасап, мысал келтіреді.

Қылмыс - ҚР Қылмыстық Кодексі бойынша жазалау мүмкіндігімен тыйым салынған, қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік. Қылмыстың белгілеріне мыналар жатады:

1

2

3

4

Қоғамға қауіптілігі

Заңға қайшылығы

Айыптылығы

Жазаланатындығы

Ж/Т Зерттеу және талдау сұрақтары

Сынып оқушыларын 4 топқа бөлу.

1-топ: Қылмыстың жіктелуі

2-топ: Қылмыс жасау сатылары

3-топ: Қылмыс құрамы

4-топ: Қылмысқа қатысушылардың түрлері

Оқушылардың міндеті: өз тақырыптары бойынша таратпа материалдардан ақпаратты жинақтап, басқа топтарға түсіндіру.

Әр топқа бағалау парағы үлестіріледі (өзара бағалау).

(Ж/Д) 2-тапсырма. Оқушылар жағдаяттың не біреуін не екеуіне де жауап беруге болады. /жасырын дифференциация/ Жағдаятты

оқып, берілген сұрақтарға жауап береді.

1-жағдаят:

Достар бірігіп табиғатқа дем алуға шығады. А деген азамат өзімен бірге тапанша алып шығады. Ойын кезінде В деген азамат тапаншаны алып, С деген азаматқа кезейді. Бірақ А деген азамат оның қолын бұрып қалғанда оқ Д деген азаматқа тиеді.

Қылмыс субъектісі

Қылмыстың субъективті жағы

Қылмыс объектісі

Қылмыстың объективті жағы

2-жағдаят:

Ауылында қысқы демалыс кезінде 9-сынып оқушысын сыныптастары соққыға жығып, жазым қылды. Ауылда өтіп жатқан «Көңілді тапқыштар клубы» сайысына кеткен 9-сынып оқушысы Медет Жасымбай сол күні үйіне қайтып оралмады. Отбасына суық хабарды жасөспірімнің сыныптастары жеткізген. Әзіл кешінен кейін Медетті үш құрдасымен бірге 11-сыныпта оқитын топ оқушы мектеп маңындағы ескі ғимаратқа шақырып алып, «ақша әкелмедіңдер» деп соққыға жыққан. Куәгерлердің айтуынша, Медет сол жерде-ақ жан тапсырыпты.

  • Медеттің өліміне себепші болған балаларды қандай жаза күтіп тұр?
  • Қатаң режимдегі түрмені қалай түсінуге болады?
  • Егер бір оқушы марқұм Медет секілді жоғары сынып оқушыларынан әлімжеттік көрсе, шағымын қайда барып айтқаны дұрыс?
  • Жалпы әлімжеттіктен қалай құтылуға болады?

2-қосымша

http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1400000226

ҚР Қылмыстық кодексі

3-қосымша

4-қосымша

Ой-толғау

5 мин

Рефлексия.

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?