Қандай әрекет қылмыс деп танылады. Құқық негіздері, 9 сынып, дидактикалық материал.


 1-қосымша

 

 Қылмыс – қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік. Қылмыс – бұл құқық бұзылушылықтың бір түрі. Жеке адамға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтірмеген және зиян келтіру қаупін туғызбаған іс-әрекет немесе әрекетсіздік қылмыс болып табылмайды.

 Қылмыс белгілері:

 1. Қоғамға қауіптілігі

 2. Заңға қайшылығы

 3. Айыптылығы

 4. Жазаланатындығы

 

 Қылмыс түрлері:

 1. Онша ауыр емес қасақана жасаған әрекеті – 2 жыл, абайсызда жасаған әрекеті – 2 жылдан аспайтын мерзімге;

 2. Ауырлығы орташақасақана жасаған әрекеті – 5 жыл, абайсызда жасаған әрекеті – 5 жылдан аспайтын мерзімге;

 3. Ауыр – қасақана жасаған әрекеті – 12 жылдан астам мерзімге;

 4. Аса ауыр – қасақана жасаған әрекеті – 12 жылдан астам мерзімге немесе өлім жазасы көзделсе.

 

 Қылмыс қасақана және абайсыз болуы мүмкін. Абайсызда жасалған қылмыс менмендікпен (высокомерие, чрезмерная уверенность) немесе немқұрайлылықпен (халатность) жасалған әрекет болып бөлінеді.

 

 Қылмыс құрамы

 1. Қылмыстың субъектісі – ол қылмыс жасаған уақытта ақыл-есі дұрыс 16 жасқа толған адам.

 2. Қылмыс объектісі – бұл қылмыстық іс-қимылға бағытталған және зиян келтіруі мүмкін қоғамдық қатынастардың жиынтығы, мысалы: өмір, жеке меншік, ар-ождан, абырой.

 3. Қылмыстың субъективтік жағы – бұл адамның өз іс-әрекетіне психикалық көзқарасы. Ол қасақана және абайсызда болуы мүмкін.

 4. Қылмыстың объективтік жағы – қылмыстың орын алуына әкелген себеп-салдарлар.

 

 Оқиғаны зерттеп, қылмыс құрамын анықтаңыз.

 Ақтау қаласының тұрғыны Жаңбырбаев отырыстан кейін өзінің мас күйіне қарамай, көлігін айдап шығуға бел буды. Мас күйінде көлік айдамауын өтінген Қозыбаевты «Бір көше ғана жүреміз, ештеңе болмайды», – деп сендіріп, көлігіне отырғызып алады. Осылайша, көшенің қиылысына жете бергенде ауыр жол көлік оқиғасына түседі. (1-суретте көрсетілген) Жаңбырбаев жеңіл жарақат алғанымен, Қозыбаев ауыр жарақат алады.

.

  •  Қылмыс субъектісі ______________________________________________________

 (аты-жөні)

 

  •  Қылмыс объектісі _______________________________________________________

 

 

  •  Қылмыстың түрі ________________________________________________________
  •  Қылмыстың субъективтік жағы ___________________________________________
  •  Көліктің жылдамдығы __________________________________________________

1-сурет.

 

 

 

Көліктің жылдамдығы, км/сағат

Жылдамдығына сәйкес тежелу ұзақтығы

40 км/сағат

9 метр

50 км/сағат

14 метр

60 км/сағат

20 метр

70 км/сағат

28 метр

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?