Оралхан Бөкейдің «Атау кере» романы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.


Сабақ жоспары. Қазақ әдебиеті

Сабақ:

Мектеп:

Уақыты:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы: 10 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім/ сабақтың тақырыбы

«Уақыт пен кеңістік». Оралхан Бөкейдің «Атау кере» романы

Оқыту мақсатына сілтеме

Қазақ әдебиетіндегі ұлттық құндылықтардың әлемдегі орнын білу. Ұлттық құндылықтардың маңыздылығын ғаламдық тақырыптағы контекстермен байланыстыру.

 Сабақ мақсаты:

Қазақ әдебиетіндегі ұлттық құндылықтардың әлемдегі орнын білу үшін ұлттық құндылықтардың маңыздылығын ғаламдық тақырыптағы контекстермен байланыстыра талдайды.

 Бағалау критерийі

  • қазақ әдебиетіндегі ұлттық құндылықтардың әлемдегі орнын білу үшін ұлттық құндылықтардың маңыздылығын ғаламдық тақырыптағы контекстермен байланыстыра талдайды.

 Құндылықтарды игерту

  • өзіне және айналадағы адамдарға құрмет;
  • ынтымақтастық;
  • жауапты азаматтық позиция;
  • ұлттық құндылықтарды пайымдау арқылы елжандылық қасиеттерін бойына дарытады.

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың жеке және жұптаса, топтаса отырып, жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу дағдылары негізінде жүзеге асады.

 АКТ-ны қолдану

  дағдылары:

Таныстырылым. Оқушылардың өз таныстырылымы.

 Пәнаралық байланыс

Тарих, қазақ тілі, орыс әдебиеті, әлем әдебиеті

 Тілдік міндеттер

Пәнге байланысты сөздер және терминдер:

ұлттық құндылықтар, автор ұстанымы, т.б.

Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер:

Менің байқағаным,...

Менің ойымша,...

Мен ойлаймын...

Алдыңғы білім

Шығарманың сюжеттік-композициялық құрылымын талдап, жанрлық ерекшелігін ажырата алды.

Жоспар

Уақытты жоспарлау

Сабақ мазмұны

Дереккөздері

Басы

3 минут

Қызығушылықты ояту.

Оқушылар «Шаттық щеңберіне» жиналады. Оқушылар қалауы бойынша сұрақты талқылап сөйлейді. Сабақ мазмұнына болжам жасайды.

Қойылатын сұрақ:

Шығармадағы будан аралар арқылы автор қандай ойды жеткізгісі келген?

Топқа бөлу кейіпкерлер есімдері арқылы жүзеге асады, ол үшін үзіндінің қай кейіпкерге қатысты екенін ажырата алуы керек.

Топ атаулары: Таған, Ерік, Айна, Нүрке, Бекзат, Шал

1-топ. Таған

Неге біз осы... жанымызда жанып тұрған отты не су құйып өшіреміз, не болмаса май құйып лаулата өртеп жібереміз. Неге біз осы бұл дүниенің барлық мүлкін арғы дүниеге арқалап кетердей, мұрнымыздан қан аққанша дүние-боқ жиямыз, а? Айтыңдаршы, ағайын, салт басым, сабау қамшымнан басқа түгім жоқ менің сендерден қай жерім кем? Кімнің тұнығын шайқаппын, кімдердің ырысын ішіп тауысыппын. Соншалықты неге жек көресіңдер. Мен — талантпын. Менің білетінімнің, тәңірім-ау, бес процентін игерсеңдер, әлдеқашан данышпан болып әлемнің билігін қолдарыңа алмайсыңдар ма?

2-топ

Сені аттың артына мінгестіре алмаймын. Жол ұзақ, тау биік, жас мал еңгезердей екі жігітті көтере алмай қызыл май болып, өкпесі күйіп кетеді. Біздер қайбір қаңбақтай жеңіл едік. Екеуіміз де бұрынғы палуанбыз. Қазақша күрестен...— деп мысқылдады.

3-топ. Айна

Оған кім кінәлы? Осы маған тағылған кінәнің барлығын өзіңе қайырсам қайтесің... Осы менен күткен мінез-құлықты, қылықты өзіңнен іздеп, көксемейді деп ойлайсың ба? — Соңғы кезде сенің де бір нәрсеге басың қатып, сенделіп жүргеніңді сезбейді дейсің бе? Менің сұлулығымды сусындап тауысқандай, тіпті бұл өмірде бар-жоғыммен де санаспай сансырайсың, өз-өзіңнен сандалып шаршайсың, өз-өзіңнен өзегің жанып өкпелейсің. Неге? Өтірік сөйлесек те, өтірік өмір сүруге болмайды ғой...

4-топ. Нүрке

Мен Еріктің әкесі Қандауырға тұрмысқа шыққан жылы, жарықтық атамыз, атын атау әдепсіз болар, қайын атамды айтамын,— деп пысықтай түсіндірді,— Меккеден оралып, қажы атанып қайтқан. Үркердей үш келінін бірдей, оның ішінде мен де бар, мұсылманша оқытып, хат танытты. Мен сол күннен бастап бес уақ намаз оқып, шариғаттың шәлісін жамылдым. Оны өзің де білесің, Айнажан, екі аяқтан айрылғанша, ораза-намазды қаза қылғаным жоқ. Қайын атамыздың ісләм діні жайында, пайғамбарлар мен сақабалар туралы әңгімесі бізді ешқашан жалықтырмайтын және біз күмән-күдіксіз сенетінбіз. Алғашында мен қазақ тілін жарытып білмейтінмін, мұқым ауыл балалары шүлдірлегенімді қызық көріп, сөйлете беруге әуес еді... Иә, ол да бір дәурен, қимас шақ еді-ау.

5-топ . Бекзат

Менің сенен басқа ешкімім жоқ. Қазақтың «көзімді ашып көргенім, аузымды ашып сүйгенім» дейтіні осы шығар. Екі көзім төрт болып бір жыл бойы күтемін. Тәңірім-ау, неге ғана екі-үш рет келмейді екенсің жылына...

6-топ. Шал

Ұлымның аты — Қозы, қызымның есімі — Баян, ырымдап әдейі қойдым,— деді әңгімеге ықылас білдіріп. — Егер тегін қуаласаң, бірі — батыстан, бірі — шығыстан. Әдейі Қазақстанның екі қиыр шетіндегі балалар үйінен алып келдім. Қандары араласып, балталаса бөлінбейтін ұжымды ел болсын дегенім...

Оқушылар сұрақты оқып, топтарында талқылайды әрі бұл проблеманы айқындау кезеңі ретінде өткізіледі.

№ 2 таныстырылым

Ортасы

38 мин

Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерін таныстыру.

Проблеманы айқындау кезеңі:

  • Шығармада қандай ұлттық құндылықтар көрініс тапқан?
  • Шығармадағы ұлттық құндылықтардың әлемдік контексте алатыг орны қандай?

Ойларын үздіксіз екі минут жазады. Топта талқылайды, ортаға салып айтады.

Проблеманы зерттеу және шешу кезеңі:

Тапсырма

«Кубизм» әдісі

1-топ Байланыстыр. Автор сынға алған заман адамының құндылыққа қайшы мінез –құлықтарын анықтап, Шыңғыс Айтматовтың «Борандыбекет» романындағы құндылыққа кереғар ұғымдармен байланыстыр. Ойларыңызды «Ментальді карта» түрінде ұсыныңыздар.

2-топ

Салыстыр. Екі түрлі салыстырмалы талдау жүргізіңіздер. 1) Нүрке кемпірдің бойындағы қазақ халқына тән ұлттық құндылықтар мен табиғи болмысының арасындағы қайшылықтарды салыстырыңыздар. 2) Нүрке кемпірдің бойындағы қайшылықты Габриэль Гарсия Маркестың «Жүз жылдық жалғыздық» романындағы Урсула бейнесімен салыстырыңыздар. «Венн диграммасы» түрінде ұсыныңыз.

3-топ Зертте. Еріктің бейнесі арқылы ұлттық құндылыққа қайшы келетін кереғар ұғымдарды зерттеп, идеясын анықтаңыздар. Шығарма идеясының ұлттық мүддені қорғауда алатын орнына баға беріңіздер, ойларыңызды «Ментальді карта» түрінде ұсыныңыздар.

4-топ Қолдан. Тағанның бейнесі арқылы ұлттық құндылықты дәріптейтін және оған қайшы келетін кереғар көріністерді негізге ала отырып, «НЕГЕ БІЗ ОСЫ!» деп басталатын монолог жазыңыз. Топтағы әр оқушы жазған монологтарын жинақтап, ұлттық құндылықтар мәселелісн көтерген ортақ газет шығарып, ұсыныңыздар.

5-топ

Ескерту: Мұғалім қалауы бойынша төменде берілген 2 түрлі тапсырманың бірін таңдап ұсына алады.

  • Дәлелде. Үзіндідегі берілген ұғымдарды ұлт тағдыры мен ұлттық құндылықтардың сынға түсуі мәселесімен байланыстыра отырып, мәтіннен нақты мысалдар келтіріп, талдайтын «Ұлт тағдыры сынға түскенде...» деген тақырыпта әлем халықтарының тәжірибесіне сілтеме жасай отырып, ток-шоу ұйымдастырыңыздар. Топтағы оқушылармен бірге сынып оқушыларын талқылауға шақыратындай кең ауқымды болуын ескеріңіздер.

Талқылауға ұсынылатын үзінді: «Шығармадағы Тағанның табиғат туралы ойлары былайша беріледі: «... Табиғат жаратқан алқам-салқам болмайды, ол - әмісе әдемі, әмісе сүйкімді, әрі шыншыл, әрі ақылды, сондықтан да адамдар секілді қателеспейді. Табиғат – мәңгілік тірі, өтірік айтпауды, алдап – арбамауды табиғатан үйрену керек, өйткені ОНЫҢ (табиғаттың) жүрегі таза». Шығармада жеңіліс пен жеңіс, түңілу мен үміт, қиянат пен қайырым, аярлық пен адамдық, марғаулық пен махаббат арасындағы тартысты күрес, өткен тарих пен бүгінгі нақтылықтың ажырамас аясындағы ұлт тағдыры мен келешегі таразыға тартылған романның кесек-кесек идеяларының түйіні кульминациялық сәтіне жетіп, ширақ та шымыр тарқатылады. Шеберлік құдыреті дегеніміздің құпиясы да осы болса керек! Автор көтерген ұлттық құндылықтардың ішіндегі маңыздысы ретінде аталатын адамның өзінің табиғи жаратылысына тән өз ділін аңсаудың шешуші сәтте жеңіске жетуі мәселесі еріксіз ойлантады емес пе!?» 

  • Автор көтерген ұлттық құндылықтардың (салт-сана, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, діл мен дін) қазіргі кезеңде жаңа сипат алып, салтанат құрғанын дәлелдейтін және құндылықтарды насихаттайтын белгілі бір орталықтың (ұлттық киім шығаратын фабрика, түрлі отандық брендтер, ұлттық өнер түрлеріне баулитын үйірмелер, т.б.) ашылуын жұртқа жариялап жеткізетін креативті жарнама әзірлеңіз.

6-топ

Ескерту: Мұғалім қалауы бойынша төменде берілген 2 түрлі тапсырманың бірін таңдап ұсына алады.

Талда.

  • Берілген үзіндіні негізге ала отырып, автор сипаттаған келеңсіздіктерді отарлау кезіндегі тарихи оқиғалармен байланыстырып, талдау жасап, себеп-салдарын сипаттайтын «Тарих беттерінен» деген зерттеу жұмысының нәтижесі түрінде 5 слайдтан тұратын таныстырылым әзірлеңіздер.

Талдауға негіздеме ретінде ұсынылатын үзінді: Тағанның «біздер тарих-ананы қатты ренжіттік, өз ұлтымыздың тарихын кісенде ұстадық, киесі ұрады деп білмедік. Шала-жансар оқулыққа сендік, шала сауаттыларға сендік, шабына от түссе де айтайық: өкімет басында отырғандардың бар-барлығына сендік, олардың ақ дегені – алғыс, қара дегені – қарғыс болды. Міне сондықтан да халық адасты... адам жадынан, есіне айрылды», – деп келетін батыл лекциялары тыңдаушыларға мемлекеттік жүйенің тоқырағандығын, басқару тетіктерінің тозғандығын айқара ақтарып беретіні белгілі. Жалпы, кеңестік жүйенің «химиялық қаруына» айналған алькаголді ішімдік жекелеген адамдардың ғана емес, тұтас бір ұлттардың азып-тозуына дейін жеткізгені сібір халықтарының тағдырынан әбден мәлім жайт. Мұндай қыл көпірден қазақтардың аман өтуі дәстүрлі тағамының құрамында ежелден айран, боза, қымыз сынды ашыған сусындардың болуы, яғни ағзаның дайындығынан ғана құдай сақтаса керек.

  • Романдағы нақыл сөздер мен кейбір маңызды идея туғызатын ойларды теріп алып, талдап, идеялардың ұлттық мүддені қорғауда алатын орнын баға беріп сызба, кесте түрінде ұсыныңыздар.

Дескриптор:

  • ұлттық құндылық қатысты ұғымдарды тауып, идеялық мазмұнын ашудағы орнына баға береді;
  • әлем әдебиетімен, әлемдік контекспен байланыстырып, талдайды;
  • автордың негізгі ойын қазіргі кезеңмен салыстыра бағалайды;
  • ойын ұсынылған жоба түрінде жеткізеді.

Кері байланыс

  • Тапсырмаларды орындауда қандай қиындық болды?
  • Тапсырманы толық орындай алдыңыз ба?
  • Сізге топтың көмегі қажет болды ма?

Бағалау парағы

Тапсырмалар

Критерийлер

Көрсеткіштер + -

Өзіңіз және өз тобыңыз

Пікір/

көзқарас

  • Нақты айқындалған.
  • Басқалардың түсінуі үшін қиындық туғызбайды.

Дәлел/

аргумент

  • Шығармадағы кейіпкер сипаттарына және қоғамдағы кең қолданыстағы құндылықтарға, сілтеме жасалады.
  • Нанымды және сенуге тұрарлық.

Мысал

Шығармадан мысалдарға сілтеме жасап, анық көрсетеді.

Қорытын-дылау

  • Көзқарас пен пікірді нақты, қысқа әрі нұсқа ұсынады.
  • Проблеманы шешуде қолданыс табатын нақты ұсыныстар келтірілген.

№3 -слайд

№4 -слайд

https://imektep.kz/kz/game#true_false-1584

№5 -слайд

https://www.youtube.com/watch?v=QI94Ui1my_0

https://qazaquni.kz/2015/03/03/34209.html

№6-слайд

Рефлексия

2 мин

«3-2-1» әдісі

Сабақта сен үшін маңызды 3 аспекті

Қиындық туғызған 2 жағдай

Сезіміңді білдіретін 1 сөз

№14 -слайд

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу