М. Райымбекұлы «Көшбасшы» поэмасы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 7 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Әдебиеттегі сын-сарын

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

М. Райымбекұлы «Көшбасшы» поэмасы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.3.2.1. Көркем шығарманың жаңашылдығын ғаламдық тақырыптармен байланыстыра отырып, сыни тұрғыдан баға беру.

 Сабақ мақсаты

Шығарманың жаңашылдығын ғаламдық тақырыптармен байланыстыру, сыни тұрғыдан баға беру.

 Бағалау критерийлері

Шығарманың жаңашылдығын ғаламдық тақырыптармен байланыстырады;

Сыни тұрғыдан баға береді.

Құндылықтарды дарыту

Қазақстандық патриотизм және адамгершілік жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, еңбек және шығармашылық, ашықтық, академиялық шыншылдық, өмір бойы білім алу, әлемдік азаматтық

АКТ қолдану дағдылары

презентация

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу. Оқушыларды төрт топқа бөлу.

Сабақ тақырыбы, ОМ, сабақ мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады.

Сабақтың ортасы

5 минут

7 минут

5 минут

8 минут

10 минут

1-тапсырма.

Тыңдалымалды тапсырма

Кие деген не? Қазақ танымында нені киелі, қасиетті санайды?

«Көптеген елдердi араладым... Бiрақ бәрi де өзiм туып-өскен қазағымның жерiне, Алатаудың бiр бөктерiне жанбастай жығылған үш қоңыр төбеге жетпедi. Балалығымның, сағынышымның алтын қазығы сонда екен»...- деген Елбасы сөзінің мән-мағынасы талданады.

Тыңдалым тапсырмасы

Мұғалім оқушыларға Маралтай Райымбекұлының «Көшбасшы» поэмасының «Кие» бөлімін оқып береді. Оқушылар сыни тұрғыдан баға береді.

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма

Оқушылар үлкен идея немесе тұжырымдарды салыстыру мен сәйкестендіруді қажет ететін концептуалды сұрақтар, бірнеше көзқарасты салыстыратын, талқылауға болатын, тура жауабы жоқ, теория мен перспективаларды бағалайтын пікірталастық сұрақтар құрастыра алады. Сұрақтар құрастыру барысында поэманың мына жолдарына назар аударылуы керек:

  • Тағдырды Алла ғана нәсiп етiп,

Тарихты Тұлға ғана жасай алмақ!

  • Жаралған жан әлемi Күлтегiндей,

Халықтың арман, тiлек, бақытынан.

Дескрипторлар:

  • «Кие» бөліміне сыни тұрғыдан баға береді;
  • Әртүрлі сұрақтар құрастырып, жауап бере алады.

2-тапсырма.

Жазылымалды тапсырма

«Кезбе тілші» әдісі арқылы топ мүшелері рөлге бөлініп, берілген мәтін бойынша ақпарат, идея жинақтайды.

  • оқушы: Мәтіндегі оқиғалар туралы хабарлайды.
  • Телестудиядағы диктор: жиынтық ақпарат береді.
  • Тілші: оқиға орнынан ақпарат береді.
  • Тілші сұхбат алатын куәгер.

Мирас болған мынау ұлы мекенiм,

Мекенiмдi ту көтерiп өтемiн.

Айтып кеткен баяғыда-ақ бабамыз

Елдi бұзар – алауыздық екенiн.

Қадам басқан күллi әлем төрiне

Бiрлiк керек менiң бейбiт елiме.

Көлеңкесiн түсiрмейтiн ешқашан

Қазағымның түп-тұқиян, тегiне.

Ұлт мүддесi – амандығы әманда,

Ұлт мүддесi – рухымда, санамда.

Жер бетiнде қазақ дейтiн ел барын

Мойындату мынау ұлы ғаламға.

Жазылым тапсырмасы

Оқушылар «Көшбасшы» поэмасының «Ұлттық идея» бөлімін оқып, үзіндінің жаңашылдығын ғаламдық тақырыптармен байланыстыра отырып, қарасөзге айналдырып жазады.

«Ұлттық идея»

Құт пен дәтiн ала туған жатырдан,

Танауына исi келiп ақырған.

Бесiгiмде саумалынан нәр берiп,

Сары далам сары қымыз сапырған.

Кетiп қалған ой-санасы шырқауға,

Ынтық болған менiң бабам сұңқарға.

Жазықтық пен биiктiктi өлшем ғып,

Тақым салған тай үйретiп, тұлпарға.

Арқау болған фәни жалған жырына,

Домбырама бұрыла кет, бұрыла...

Қара жылан қар бетiне қаптаған,

Басу айтып қара қобыз мұңына.

Боз жiбектен боз үйдегi басқұрым,

Ақ жолынан адаспаса жақсы ырым.

Алты Алаштың зары қысып ақыны;

Дат! – дегенде... «Айт!» – дейтұғын, тақсырым.

Дескрипторлар:

  • Абзац пен бөліктерге бөліп, қарасөзге айналдырып жазады;
  • Үзіндінің жаңашылдығын ғаламдық тақырыптармен байланыстырады.

Сабақтың соңы

2 минут

Кері байланыс: «3 Қ»

Не қызық болды?

Не қажет болды?

Не қиын болды?

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу