М.Әуезов «Абай жолы» романы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары.


САБАҚ: Қазақ әдебиеті

Мектеп: Өскемен қаласы ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

СЫНЫП: 11-сынып

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

М.Әуезов «Абай жолы» романы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

11.2.3.1 шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдай отырып, автор стилін анықтау.

Сабақтың мақсаттары

Көркемдегіш құралдар (психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) және айшықтау, автор стилі

Бағалау критерийлері

Шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдай отырып, автор стилін анықтайды.

Пәнаралық байланыстар

Тарих.

Осыған дейін меңгерілген білім

Оқушылар алдыңғы сабақта алған білімдеріне сүйенеді, білімдерін толықтырады.

Жоспар

Жоспар

ланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Дерек көздері

Сабақтың басы

5 минут

5 минут

Ұйымдастыру: 

- Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру: тақтадағы бейнені сөзбен сипаттаңыз

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

- Кемшіліктер мен қателіктерді анықтау;

- Қатемен жұмыс.

15 минут

10 минут

1-тапсырма. Кесте-сызбамен жұмыс. Шығарманың бөлімдері топтастырылған кесте-сызбаны басшылыққа ала отырып, көркемдегіш құралдармен жұмыс жүргізу. Басты оқиғаларды іріктеп алып, төмендегі үлгі негізінде көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалы арқылы автор стилін анықтайды. Сол бойынша топтың есебі тыңдалады. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

Негізгі бөлімдер

Үзінді

Көркемдегіш құралдар

Айшықтау амалдары

1

«Қайтқанда»

2

«Қат-қабатта»

3

«Жолда»

4

«Шытырманда»

5

«Бел-белесте»

  • Кестеде анықталған көркемдегіш құралдардың қолданылу мақсатын түсіндіріңіз?
  • Автор негізінен қандай көркемдік құралдарды көбірек қолданған?

Дескриптор

  • Көркемдегіш құралдарды дәлел келтіре отырып жазады.
  • Айшықтау амалының қолданылу мақсатын анықтайды.
  • Автор стилін анықтай алады.

2-тапсырма.

«Балық қаңқасы» әдісі арқылы сызбаға шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдай отырып, автор стилін анықтап түсіреді.

Орындау барысы: 

*Басы- әр топ бірін таңдап алады (портет, пейзаж, диалог, авторлық шегініс, құрылымы)

*Үстіңгі сүйектері – үзіндіде ең жиі қолданылған көркемдік құралдар

*Астыңғы сүйектері - көркемдегіш сөздерге мәтіннен тапқан дәлелдер жазу

*Құйрығы - автор стилі жайлы түйінді сөз

Дескриптор:

  • Көркемдік құралдарды дәл таба алады
  • Көркемдегіш құралдардың қолданылу ерекшелігін анықтай алды
  • Мәтінге сілтеме жасай отырып дәлел келтіре алды
  • Жалпы ерекшеліктерге байланысты пайым жасай аладые ерекшеліктерді анықтай алды

Мәтін.

Кеспе қағаздар

«Балық қаңқасы» сызба қағазы

5 минут

Рефлексия. Мұғалім сабақ соңында оқу мақсатына қайта оралып, оған қаншалықты жеткендіктерін талқылап, «Бес саусақ» стратегиясы арқылы оқушылардың деңгейін анықтайды.

Қосымша ақпарат

Саралау, қабілетті оқушылармен қалай жұмыс жасайсыз?

Бағалау – оқушылардың оқуын қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыстар.

Денсаулық және қауіпсіздік тексерісі.

АКТ байланыстары.

Құндылықтар байланыстары.

Қабілеті жоғары оқуышлар бағалауға тікелей қатысады, әр жауапқа арнайы бағытталған қосымша сұрақтар қойылады, тереңірек ойлануға мүмкіндік жасаймын. Қойылатын сұрақ сынптағы негізгі жауапқа қатысты құрылады.

Бағалау нақты көрсетілген критерийлер арқылы бағаланады, кері байланыс беріліп неғұрлым жалпылықтан нақтылыққа ауысуын қадағалаймын

Қорытындылау

Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары жетімді болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқу атмосферасы қалай болды?

Менің жұмысым жоспарлы болды ма?

Мен уақытымды дұрыс жоспарлай алдым ба?

Жоспарыма қандай өзгертулер енгіздім және неге?

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Сол жақ бағаннан өз сабағыңызға қатысты ең орынды келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не (оқытуды да, оқуды да қатар қарастырыңыз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді (оқытуды да, оқуды да қатар қарастырыңыз)?

1:

2:

Бұл сабақтан мен келесі сабағыма әсер ететін, сынып туралы немесе оқушылар жайында нені білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу