М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ:

Қазақ әдебиеті

Қарағанды қ. ХББ НЗМ

Уақыты:

Мұғалімнің аты-жөні: Сулейменова М.М.

Сыныбы: 11 T1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Тарау:

Ғасырлық туынды.М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты

11.2.2.1 шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын анықтау

Сабақ мақсаты

«Бел-белесте» тарауындағы көтерілген мәселелер мен автор идеясына қатысты пікірлерін бүгінгі күнмен байланыстырады.

Бағалау критерийлері

Шығармадағы көтерілген мәселелерге қатысты дәлелдер келтіреді.

Мәселеге қатысты автор идеясын бүгінгі күнмен байланыстырады.

Тілдік міндеттер

Білім алушылар істей алады.

Автор идеясы, мәселелер, құндылықтар, дәлел, себеп, болжам, қорытынды

ПОПС формуласы

Бірінші сөйлем «Біздің ойымызша,... »

Екінші сөйлем «Себебі, оны былай түсіндіреміз … »

Үшінші сөйлем «Оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламыз … »

Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мынадай қорытынды шешімге келдік .... ».

Құндылықтарды қалыптастыру

Тіл мен мәдениет, тарихтың ортақтығы, ынтымақтастық, құрмет

Пәнаралық байланыс

Тарих

АТҚ қолдануы

Таныстырылым

Алдыңғы білімі

Оқушылар алдыңғы сабақта шығарманың жанрлық ерекшелігіне талдау жасады.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған қызмет түрлері:

Ақпарат көздері

Басы

3 мин

Қызығушылықты ояту

«Маңдайдағы стикер»

Оқушылар стикерлерге кейіпкерлердің атын жазып, бір-бірінің маңдайына көрсетпей жабыстырады. «Мен не істедім? деген сұрақ арқылы өзінің кім екенін кейіпкер әрекеттерін айта отырып, тауып алу керек.

Кейіпкер есімдері жазылған стикерлер

Ортасы

34 мин

Оқушыларға тарау тақырыбы, тілдік дағды мен оқу мақсаттары, бағалау критерийлері таныстырылады.

Ой шақыру сұрағы:

«Бел-белесте» тарауында қандай мәселелер көрініс табады? Оқушылар тақтаға тараудағы анықталған мәселелерден кластер құрайды.

Оқушылар 4 топқа бөлінеді. Әр топ өздері анықтаған мәселелердің бірін таңдайды. Топтағы оқушылар қалпақтың бір түсін өзара таңдау арқылы тиісті тапсырманы орындайды. Ж

Тапсырма 1. Т-Ж

«Алты қалпақ»

Ақ қалпақ - тараудағы автор көтерген мәселеге тараудан аргументтер келтіреді.

Сары қалпақ - мәселенің бүгінгі күндегі көрінісіне өмірмен байланыстыра отырып дәлелдер келтіреді.

Қара қалпақ - тараудағы автор көтерген мәселеге аргументтер келтіре отырып, автор көзқарасына қарсы пікір айтады.

Қызыл қалпақ - тараудағы өздеріне ерекше әсер қалдырған кейіпкерлер сөздерімен, эпизодтарды анықтап, әсерімен бөліседі.

Жасыл қалпақ - шығармадағы автр идеясына қызмет ететін құндылықтарды анықтап, бүгінгі күндегі көрінісіне талдау асау арқылы, құндылықтардың маңызды болу себебін түсіндіреді.

Көк қалпақ - автор идеясының бүгінгі күндегі маңыздылығы тұрғысына баға беріп, өзіндік тұжырым жасайды.

Әр топтың 6 оқушысы сынып алдында жұмыстарын ортаға салады. Өзге топтар сағат тілімен «Бағдаршам» арқылы кері байланыс береді.

Жасыл-айтылған ақпараттар дәлелді, сенімді, түсінікті

Сары-сұрағым бар, толықтырғым келеді, ұсынысы айтатын

Қызыл-келіспеймін, түсінбедім.

Дескриптор:

-шығармадан мәселенің көрінісіне дәлел болатын 5 аргумент кетіреді;

-мәселенің бүгінгі көрінісіне шынайы өмірден 5 дәлел кетіреді;

-көтерілген мәселеге қатысты автор пікіріне қарсы пікір айтып, өз ойын кем егенде 3 аргументпен дәлелдейді;

-тараудағы мәселеге қатысты ерекше әсер қалдырған тұстарын анықтап, әсер ету себебін түсіндіреді;

- шығармадағы автор идеясына қызмет етіп тұрған құндылықтарды анықтап, эпизодтармен байланыстырып дәлелдейді және ол құндылықтардың бүгінгі күндегі маңыздылығы туралы ой білдіреді;

- автор идеясының бүгінгі күндегі маңыздылығы туралы ойын ПОПС формуласы негізінде дәлелдеп, ой қорытындысын жасайды.

ПОПС формуласы

Бірінші сөйлем «Біздің ойымызша,... »

Екінші сөйлем «Себебі, оны былай түсіндіреміз … »

Үшінші сөйлем «Оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламыз … »

Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мынадай қорытынды шешімге келдік .... ».

Тапсырма 2. «Бұрыш» стратегиясы

  • Абайдың Бөжей асына атсалысуы- әке беделін ойлауы
  • Абайдың Бөжей асына атсалысуы – туысқандық парызын орындауы.
  • Екі ойлымын

Бағалау.

Оқушылар өзін-өзі бағалайды. Оқушылардың аттары жазылған қима қағаздарды таңдау арқылы бірнеше оқушылардың бағалаулары тыңдалады. Сабақ соңында оқушылар бағалау парақтарын мұғалімге тапсырады.

Оқушының аты-жөні

Бағалау критерийлері

Ұпай сандары 1-3 ұпай

Шығармадағы көтерілген мәселелерге қатысты дәлелдер келтіреді.

Мәселеге қатысты автор идеясын бүгінгі күнмен байланыстырады.

Таратпа материал, түрлі-түсті қалпақ суреттері

Бағдаршам

Бағалау парақтары

Соңы

3 минут

Рефлексия

Бүгінгі сабақтан өміріме қажетті қандай ой түйдім?

Қандай дағдыларыңызды дамыта алдыңыз?

Қай оқушының жұмысы сізге ерекше ұнады? Неге?

Келесі сабаққа қандай ұсыныс айтасыз?

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу