М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары.


САБАҚ: Қазақ әдебиеті

Мектеп: Өскемен қаласы ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

СЫНЫП: 11-сынып

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

М.Әуезов «Абай жолы» романы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

11.2.3.1 шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдай отырып, автор стилін анықтау.

Сабақтың мақсаттары

Көркемдегіш құралдар (психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) және айшықтау, автор стилі

Бағалау критерийлері

Шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдай отырып, автор стилін анықтайды.

Пәнаралық байланыстар

Тарих, қазақ тілі

Осыған дейін меңгерілген білім

Оқушылар алдыңғы сабақта алған білімдеріне сүйенеді, білімдерін толықтырады.

Жоспар

Жоспар

ланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Дерек көздері

Сабақтың басы

5 минут

5 минут

Ұйымдастыру: 

- Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру: тақтадағы портретті көркемдік құралдармен сипаттаңыз

Қандай көркемдік құралдарды білесіз? Тез арада аталған құралдарға мысал келтіріп, жалғастырайық (мұғалімнің көмегімен)

Көркемідік құралдарға қатысты ұсынылған мысалдар арқылы топқа бөлінеді

ОМ, БК таныстырылады.

15 минут

10 минут

1-тапсырма. Ой картасымен жұмыс.

Тапсырма алды дайындық:

психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис

Ұсынылған үзіндіден кез келген көркемдік құралдарды анықтаңыз (кемінде бесеу). Үзіндіден мысал келтіре отырып, қолданылу мақсатын түсіндіріңіз.

Ескерту: әр топқа үзінділерді мұғалім алдын ала дайындап ұсынады, оқушылардың дайындық деңгейіне байланысты романнан үзінділерді өздеріне таңдатуға болады

  • Үзіндіде анықталған көркемдегіш құралдардың қолданылу мақсатын түсіндіріңіз?
  • Автор негізінен қандай көркемдік құралдарды көбірек қолданған?

Дескриптор

  • Көркемдегіш құралдарды дәлел келтіре отырып жазады.
  • Айшықтау амалының қолданылу мақсатын анықтайды.

2-тапсырма.

«Ой картасы» әдісі арқылы сызбаға шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдай отырып, автор стилін анықтап түсіндіреді. Мұғалім әр жерде шашылып бір-бірімен байланыса жасалынған тек көркемдік құралдардың атауы ғана бар бос ой картасын ұсынады.

Орындау барысы:

  • Әр топ көркемдік құралды таңдап алады: фигура (психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис), троп (метафора, эпитет, теңеу, гротеск, антитеза)
  • Әр топ романнан үзінділерді таңдайды. Үзіндіде таңдаған мысал бойынша қолданылған көркемдік құралдардың мысалын ой картасының бос ұяшықтарына жазады (кемінде үш мысал және үш мысалды өздері ойластырып жазулары тиіс)
  • Ой картасына көркемдегіш құралдардың қолданылу мақсатын түсіндіріп жазады
  • Ой картасының ортасына арнайы түспен автордың көркемдік құралдарды қолданудағы пайымды тұжырымын жазады (қабілеті жоғары оқушыларға)

Дескриптор:

  • Көркемдік құралдарды дәл таба алады
  • Көркемдегіш құралдардың қолданылу ерекшелігін анықтай алды
  • Мәтінге сілтеме жасай отырып дәлел келтіре алды
  • Жалпы ерекшеліктерге байланысты пайым жасай аладые ерекшеліктерді анықтай алды

Ескерту: мұғалім барлық мысалдарды оқушылармен бірге талдауы тиіс, ұсынған үзінділердің барлығында аталған көркемдік мысалдың көрінісі болуы міндетті

Мәтін.

Кеспе қағаздар

5 минут

Рефлексия. Мұғалім сабақ соңында оқу мақсатына қайта оралып, оған қаншалықты жеткендіктерін талқылап, «Үш Қ (қызықты, қиын, қажетті) әдісі арқылы оқушылардың оқу мақсатын игерулері мен қажеттіліктерін анықтайды, алдыңғы сабақты жоспарлайды

Қосымша ақпарат

Саралау, қабілетті оқушылармен қалай жұмыс жасайсыз?

Бағалау – оқушылардың оқуын қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыстар.

Денсаулық және қауіпсіздік тексерісі.

АКТ байланыстары.

Құндылықтар байланыстары.

Қабілеті жоғары оқуышлар бағалауға тікелей қатысады, әр жауапқа арнайы бағытталған қосымша сұрақтар қойылады, тереңірек ойлануға мүмкіндік жасаймын. Қойылатын сұрақ сынптағы негізгі жауапқа қатысты құрылады.

Бағалау нақты көрсетілген критерийлер арқылы бағаланады, кері байланыс беріліп неғұрлым жалпылықтан нақтылыққа ауысуын қадағалаймын

Қорытындылау

Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары жетімді болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқу атмосферасы қалай болды?

Менің жұмысым жоспарлы болды ма?

Мен уақытымды дұрыс жоспарлай алдым ба?

Жоспарыма қандай өзгертулер енгіздім және неге?

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Сол жақ бағаннан өз сабағыңызға қатысты ең орынды келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не (оқытуды да, оқуды да қатар қарастырыңыз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді (оқытуды да, оқуды да қатар қарастырыңыз)?

1:

2:

Бұл сабақтан мен келесі сабағыма әсер ететін, сынып туралы немесе оқушылар жайында нені білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу