Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы 1, 2-том. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары. Қазақ әдебиеті

Сабақ:

Мектеп:

Уақыты:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы: 11 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім/ сабақтың тақырыбы

Ғасырлық туынды

Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы 1, 2-том

Оқыту мақсатына сілтеме

11.2.1.1 Әдеби шығарманың жанрына қарай композициялық ерекшеліктерін айқындау

 Сабақ мақсаты:

Роман-эпопеяның жанрына қарай кейіпкерлердің сомдалуы мен оқиғалардың дәуір шындығын бейнелеу сипатын талдау арқылы композициялық ерекшеліктерін айқындау.

 Бағалау критерийі

  • роман-эпопеяның жанрына қарай кейіпкерлердің сомдалуы мен оқиғалардың дәуір шындығын бейнелеу сипатын талдау;
  • автордың кейіпкерлерді типтендіру және даралау тәсілдерін зерделеу арқылы композициялық ерекшеліктерін айқындау.

 Құндылықтарды игерту

  • өзіне және айналадағы адамдарға құрмет;
  • ынтымақтастық;
  • жауапты азаматтық позиция.

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың жеке және жұптаса, топтаса отырып, жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу дағдылары негізінде жүзеге асады.

 АКТ-ны қолдану

  дағдылары:

Таныстырылым.

 Пәнаралық байланыс

Тарих, география, қазақ тілі, өзін-өзі тану.

 Тілдік міндеттер

Пәнге байланысты сөздер және терминдер:

типтендіру, даралау, эпикалық образ, мінездеу, тура және жанама мінездеу, роман-эпопея, сюжеттік-композициялық талдау, жанрлық ерекшелік, оқиғаның басталуы, байланысы, дамуы, шиеленісуі, шарықтау шегі, шешімі т.б.

Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер:

Менің байқағаным,...

Менің ойымша,...

Мен ойлаймын...

Алдыңғы білім

«Абай жолы» роман-эпопеясының «Қайтқанда», «Қат-қабатта» , «Жолда» тарауларының мазмұнын біледі.

Жоспар

Уақытты жоспарлау

Сабақ мазмұны

Дереккөздері

Басы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылар «Шаттық щеңберіне» жиналады.

Алдыңғы білімді тексеру әрі сергіту:

«Бес қадам» әдісі

Әр топтан шеңберде тұрған әрбір 4 -оқушы шығады, бес қадам аттап жылдам жауап беруі керек

1. Абайға 5 сөзбен мінездеме бер.

2.Құнанбайға 5 сөзбен мінездеме бер.

3. Бөжейге 5 сөзбен мінездеме бер.

4. Шөжеге 5 сөзбен мінездеме бер.

5. Ұлжанға 5 сөзбен мінездеме бер.

№ 2 таныстырылым

Ортасы

38 мин

Мағынаны тану сатысы

Оқушыларға сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері түсіндіріледі, талқыланады. 2 мин

Тапсырма 7 мин.

(Оқушылардың білу және түсіну деңгейін тексеру үшін 2 тапсырма ұсынылады, мұғалім өз таңдауы бойынша біреуін ұсына алады)

Т

Шығармадағы басты оқиғаларды атап көрсетіңіз. (Кемінде 5-6 оқиға болу керек). Топтардың ретіне қарай «Қайтқанда», «Қат-қабатта», «Жолда» бөлімдері ұсынылады.

Басты оқиғалар

Кейіпкерлер

1

2

Мұғалім ықтимал жауаптарды тақтадан көрсетіп, мазмұнды еске түсіруге көмектеседі.

Мысалы, «Қайтқанда» тарауы бойынша ықтимал жауаптар

«Абай жолы» роман-эпопеясының «Қайтқанда», тарауы бойынша басты оқиғаларды атап көрсетіңіз. (Кемінде 5-6 оқиға болу керек)

Басты оқиғалар

1

Бала шәкірт Абайдың қаладағы оқудан елге оралуы.

2

Әкелер арасындағы алғашқы мәжіліс.

3

Қодар мен Қамқа өлімі.

4

Абайдың ауырып қалуы.

5

Ақын Барлас пен Байкөкшенің Ұлжан мен Зереде қонақта болуы, Абайдың айығуы.

6

Абайдың өнерге қызығушылығы. Ұлжан ананың ақын қонақтарды сый-сияпатпен аттандыруы.

Тапсырма оқушының білу және түсіну деңгейін тексеру үшін ұсынылады.

«Қайтқанда» тарауы бойынша іс-әрекет пен сөйленген сөздің қай кейіпкерге тән екенін табуға және кейіпкердің содан аңғарылатын күй-жайын, сипатын ажыратуға байланысты тапсырмалар мен ықтимал жауаптар. ( Кейіпкер сипатын 2-3 сөзбен немесе 1-2 сөйлеммен жазыңыз)

ЖЖ

Шығармадағы кейіпкер іс-әрекеті мен сөйлеген сөзі

Қай кейіпкер сөзі мен әрекеті және сипаты?

Күнұзын аттан да түспей, өзге жүргіншілерден оқ бойы алда отырған.

  • Енді бізден ұзап кетпе! Анау Есембайдың жырасын білесің ғой!.. Ұры жатады... - деді.

- Қап, мынаның баласы!.. «Мен бөрінің бөлтірігімін» деп келеді-ау! Қой, не де болса қалмайық енді.

- Мас көзіңді, мас! – деп, әзірейілдей төніп келе жатқан бірдеме. Әдейі танытпайын деп, бет-аузын таңып алыпты. ... тақымындағы шоқпарына жабысты. Шоқпарды да тартып алды.

«Әй, анау да көк желкеден ұрады-ау!»

- Өй , балам, мына жер жау жатағы. Бұл ұрының ойнағына кеп алып, жаман ырым бастағаның не қылғаның? - деді.

- Жол ұзақ. Ұйқы ашар болсын деп ойнап ем, ғайыпқа бұйырмаңыз, Жұмеке! - деді.

-Әй, шырағым балам, әуелі ар жағыңда әкең тұр... Сәлем бер! –деді.

Балам, бойың өсіп, ер жетіп қалыпсың-ау! Молда болдың ба? Бойыңдай боп білімің де өсті ме? - деді.

-Шүкір әке, - деп біраз тұрды да: ат барған соң, дәріс тамам болмаса да, қазіреттің рұқсатын, фатиқасын алып қайттым.

-Өзі тіпті көшелі кісі боп қапты! – дей беріп еді...

-Телғара! Айналайын Телғара! Соқталдай азамат боп кетіпсің-ау!-деп мойнынан құшақтай алып, бетінен сүйді.

- Пай, жаман қатындар сілекейлеп, баламыздың бетінен сүйер жер де қалдырмады-ау, - деп паңдана күлді де, Абайды көзінен сүйді.

-Жазыла ма өзі? Емдесе қайтеді? – деді.

-Балам-ау, қаладан молдалық әкеледі ме десем, нағашыңа тартып қайтқанбысың немене?- деді.

-Одан да , не күтсеңдер де осы жаман қарадан күтсеңдерші! - деді.

-«Құдай ау , бұл қорлықты көрсеткенше, қыз ғып неге жаратпадың!..» ...

- Бақа, бақа салып жібердім көйлегіңе, - деп....

Жалғыз көз шүңет емес, томпақша . Тесіле, сыздана қарайды. Кірпігін де сирек қағады. Иығына бота ішігін жамылып, шалқия отырып сөйлеген ............ осы үйде әркімге қарамайды. Қарсысына таман отырған Сүйіндікке ғана қадалып сөйлейді.

  • Қодар сұмның қылығы сырт елдің алдында менің бетіме салық болса, осы елге, өз келеңе келгенде, осы отырған бәрімізге салық.

Ендеше, өлімнен ұят күшті. Ел көрмеген сұмдыққа, ел көрмеген жаза керек! – деп .................. байлауын айтты.

Иә, мен көк ит болсам, сендер көп итсің! Жабыларсың, таларсың да жерсің!

Ықтимал жауаптар ұсынылады. Оқушылар өз жұмыстарын тексеріп, білімін толықтырады.

Ескерту: Сабақта негізге алатын әдебиет теориясына қатысты берілетін ұғым-түсінікті кеңейту үшін төмендегі сұрақты талқылап, қосымша дерек ұсынылады және мұны мұғалімнің бірлесіп талқылауы маңызды.

Сұрақ:

  • Көркем әдебиеттегі типтік бейне және даралау дегенді қалай түсінесіздер?
  • Эпикалық образ дегеніміз не?

Қосымша дерек:

Типтендіру (грек. typus – үлгі) – әдеби туындыда кейіпкердің мінез ерекшелігін белгілі бір қоғамдық топқа тән белгі, нышандар арқылы көрсету. Көркем шығармадағы типтік бейнелер белгілі бір уақыт пен кеңістіктегі, тарихи дәуірдегі қоғамдық дамудың негізгі, шешуші сипаттарын көркем жинақтау тәсілі негізінде танылады. Әдебиеттегі шындықты, яки адам образын жасауға қажет өмірлік материалды жинақтау (обобщение) тек типтендіру тәсілімен ғана жүзеге асады.

Эпикалық образкескін-кейпі, мінез-құлқы, іс-әрекетімен тұтас көрінген әрі толық жинақталған, әрі әбден дараланған тип. Портрет пен мінездеу, диалог пен монолог, түрліше сезімдер мен харакеттерді суреттеу секілді көркем бейне жасаудың көп-көп амал-тәсілі әсіресе эпикалық образ үшін керек. Өйткені мұнда адамның түр-түсін де, ішін де, ісін де кең суреттеп, мол көрсетуге, терең әрі жан-жақты танытуға мүмкіндік бар, кәдімгі тірі кісідей өзін көзбен көруге, қимылын бақылауға болатын, өскен ортасын күллі ой-қырымен байыптауға болатын күрделі, кесек қаһарман. Эпикалық образ – бедерлі бейне, әрі нақты, әрі мықты тұлға.

«Қарлы кесек» ойыны.

Ойынның шарты:

20 оқушы болса, 4-тен 5 үстелге бөлінеді. (24 оқушы болса, 6 үстел)

«А» әрпі бар бағыттаушы парағын және жетонын (тағып алады да) «А» үстелінің басына, «Б» әрпін алғандар – «Б» үстеліне, «В» әрпін алғандар – «В» үстеліне т.с.с. орналасады. «Г» әрпін алғандар – «Г» үстеліне т.б.

Мұғалім әр топқа ортақ немесе жеке-жеке тапсырма береді.

Керекті құрал-жабдықтар:

  • Бағыттаушы парақтар (қатысушының санына қарай).
  • Қатысушының нөмірі жазылған жетон.
  • Үстелдердің белгілеуге арналған сілтемелер.
  • Жалпы бағалау парағы.

№А-1. Бағыттау парағы

Тур

Үстел

Ең жақсы сөйлеген ойыншы нөмері

Басқа бағыттау парақтары сияқты «№А-1. Бағыттау парағы» сияқты әзірленеді.

Ойынның тапсырмалары:

«А» үстелінің тапсырмалары

«Абай жолы» роман-эпопеясындағы «Қайтқанда» бөліміндегі Абай бейнесіне қатысты маңызды оқиғаларды іріктеп алып, оның заман шындығын бейнелеуін, кейіпкерді типтендіру мен даралаудағы жазушы қолданған тәсілді анықтап, маңыздылығын талдап, кейіпкер шешімінің шығарманың жанрлық ерекшелігі мен композициялық құрылымында алатын орнына баға беріңіз.

Кейіпкер бейнесіне қатысты маңызды оқиғаларды іріктеп алыңыз

Оқиғалардың қандай заман шындығын бейнелейтінін анықтаңыз

Кейіпкерді типтендіру мен даралау үшін қолданған тәсілдерді (диалог, монолог, портреттеу, тура және жанама мінездеулер) талдаңіз және оның маңызын талқылаңыз

Оқиғалардың шығарманың жанрлық ерекшелігіне қарай композициялық құрылымында алатын орнын анықтап, баға беріңіз

кейіпкерге тура және жанама мінездемелер беріңіз.

«Б» үстелінің тапсырмалары

«Қат-қабатта» бөліміндегі жер дауына қатысты оқиғаны шиеленістірген 2-3 кейіпкерді және олардың әрекеттерін іріктеп алып, оның заман шындығын бейнелеуін, кейіпкерді типтендіру мен даралаудағы жазушы қолданған тәсілді анықтап, маңыздылығын талдап, кейіпкер шешімінің шығарманың жанрлық ерекшелігі мен композициялық құрылымында алатын орнына баға беріңіз. Жауабыңызды төмендегі «Кесте» сызбасы түрінде ұсыныңыз.

Жер дауына қатысты оқиғаны шиеленістірген 2-3 кейіпкерді және олардың әрекеттерін іріктеп

алыңыз

Оқиғалардың қандай заман шындығын бейнелейтінін анықтаңыз

Кейіпкерді типтендіру мен даралау үшін қолданған тәсілдерді (диалог, монолог, портреттеу, тура және жанама мінездеулер) талдаңыз және оның маңызын талқылаңыз

Оқиғаның шығарманың жанрлық ерекшелігіне қарай композициялық құрылымында алатын орнын анықтап, баға беріңіз

«В» үстелінінің тапсырмалары

«Жолда» бөліміндегі Бөжей мен Құнанбай дауының шешіміне қатысты оқиғаларда шешуші орын алған 2-3 кейіпкерді және олардың әрекеттерін іріктеп алып, оның заман шындығын бейнелеуін, кейіпкерді типтендіру мен даралаудағы жазушы қолданған тәсілді анықтап, маңыздылығын талдап, кейіпкер шешімінің шығарманың жанрлық ерекшелігі мен композициялық құрылымында алатын орнына баға беріңіз. Жауабыңызды төмендегі «Кесте» сызбасы түрінде ұсыныңыз.

Бөжей мен Құнанбай дауының шешіміне қатысты оқиғаларда шешуші орын алған 2-3 кейіпкерді және олардың әрекеттерін іріктеп

алыңыз

Оқиғалардың қандай заман шындығын бейнелейтінін анықтаңыз

Кейіпкерді типтендіру мен даралау үшін қолданған тәсілдерді (диалог, монолог, портреттеу, тура және жанама мінездеулер) талдаңыз және оның маңызын талқылаңыз

Оқиғаның шығарманың жанрлық ерекшелігіне қарай композициялық құрылымында алатын орнын анықтап, баға беріңіз

«Г» үстелінінің тапсырмалары

«Жолда» бөліміндегі Құнанбайдың Қарқаралыда мешіт салғызуы, Алшынбаймен құдаласуы, Абайға қатысты оқиғаларды, оқиғадағы кейіпкер сипаты және олардың әрекеттерін іріктеп алып, оның заман шындығын бейнелеуін, кейіпкерді типтендіру мен даралаудағы жазушы қолданған тәсілді анықтап, маңыздылығын талдап, кейіпкер шешімінің шығарманың жанрлық ерекшелігі мен композициялық құрылымында алатын орнына баға беріңіз. Жауабыңызды төмендегі «Кесте» сызбасы түрінде ұсыныңыз.

Құнанбайдың мешіт салғызуы, Алшынбаймен құдаласуы, Абайға қатысты оқиғалардың, оқиғадағы кейіпкер сипатын және олардың әрекеттерін іріктеп

алыңыз

Оқиғалардың қандай заман шындығын бейнелейтінін анықтаңыз

Кейіпкерді типтендіру мен даралау үшін қолданған тәсілдерді (диалог, монолог, портреттеу, тура және жанама мінездеулер) талдаңыз және оның маңызын талқылаңыз

Оқиғаның шығарманың жанрлық ерекшелігіне қарай композициялық құрылымында алатын орнын анықтап, баға беріңіз

«Е» үстелінінің тапсырмалары

«Жолда» бөліміндегі АбайдыңҚарқаралыда Шөжені кездестіруі, халықтың жиылысы; Бөжеймен сәлемдесуі, Бөжейдің батасы және Байдалының Абайға берген бағасына қатысты оқиғаларды, оқиғадағы кейіпкер сипаты және олардың әрекеттерін іріктеп алып, оның заман шындығын бейнелеуін, кейіпкерді типтендіру мен даралаудағы жазушы қолданған тәсілін анықтап, маңыздылығын талдап, кейіпкер шешімінің шығарманың жанрлық ерекшелігі мен композициялық құрылымында алатын орнына баға беріңіз. Жауабыңызды төмендегі «Кесте» сызбасы түрінде ұсыныңыз.

«Жолда» бөліміндегі Абайдың Шөжені кездестіруі; Бөжеймен сәлемдесуі, Бөжейдің батасы және Байдалының Абайға берген бағасына қатысты оқиғаларды, оқиғадағы кейіпкер сипаты және олардың әрекеттерін іріктеп алыңыз

Оқиғалардың қандай заман шындығын бейнелейтінін анықтаңыз

Кейіпкерді типтендіру мен даралау үшін қолданған тәсілдерді (диалог, монолог, портреттеу, тура және жанама мінездеулер) талдаңыз және оның маңызын талқылаңыз

Оқиғаның шығарманың жанрлық ерекшелігіне қарай композициялық құрылымында алатын орнын анықтап, баға беріңіз

Дескриптор

  • ұсынылған бөлімдегі кемінде 2-3 маңызды оқиғаны іріктеп алады;
  • оқиғадағы кейіпкер сипаты және олардың әрекеттерін талдайды;
  • оқиғалардың заман шындығын бейнелеудегі орнын анықтайды;
  • кейіпкерді типтендіру мен даралау үшін қолданған кемінде 2-3 тәсілді (диалог, монолог, портреттеу, тура және жанама мінездеулер) талдайды және оның маңызын талқылайды;
  • кейіпкер шешімінің шығарманың жанрлық ерекшелігі мен композициялық құрылымында алатын орнына баға береді;
  • жауабын «Кесте» сызбасы түрінде ұсынады.

Әр топ роман-эпопея мен қосымша әдебиетті пайдалана отырып, жауап іздейді және қысқаша жауаптарын тезис түрінде кестеге жазып алады.

Керекті әдебиеттер:

  • М.Әуезов . Абай Құнанбаев , Алматы, 1995ж
  • Мұхтар Әуезов тағылымы. А., 1987 ж.
  • М.Әуезов «Абай жолы» романы 1- томы

Кері байланыс

  • Тапсырмаларды орындауда қандай қиындық болды?
  • Тапсырманы дескриптор бойынша толық орындай алдыңыз ба?
  • Сізге топтың көмегі қажет болды ма?

Оқушылардың өзін-өзі бағалау парағы 3 мин

Критерийлер

Рубрикатор

Төмен

бөлімдегі кемінде 2-3 маңызды оқиғаны іріктеп алады;

оқиғадағы кейіпкер сипаты және олардың әрекеттерін талдайды;

бөлімдегі 2-3 маңызды оқиғаны іріктеуде қиналады,

кейіпкер сипатын, әрекеттерін талдауда қиналады

бөлімдегі 2-3 маңызды оқиғаны іріктеуде дәлсіздіктер байқалады;

оқиғадағы кейіпкер сипатын, әрекеттерінің кейбірін талдайды;

бөлімдегі 2-3 маңызды оқиғаны іріктейді;

оқиғадағы кейіпкер сипатын, әрекеттерін жан-жақты талдайды;

оқиғалардың заман шындығын бейнелеудегі орнын анықтайды;

оқиғалардың заман шындығын бейнелеудегі орнын анықтауда қателеседі;

оқиғалардың заман шындығын бейнелеудегі орнын анықтауда кейбір дәлсіздіктер орын алады;

оқиғалардың заман шындығын бейнелеудегі орнын нақты анықтайды;

типтендіру мен даралау үшін қолданған кемінде 2-3 тәсілді талдайды және оның маңызын талқылайды;

типтендіру мен даралау үшін қолданылған кемінде 1 тәсілді талдайды;

типтендіру мен даралау үшін қолданылған кемінде 2 тәсілді талдайды және оның маңызын талқылайды;

типтендіру мен даралау үшін қолданылған кемінде 3 тәсілді талдайды және оның маңызын егжей-тегжейлі талқылайды;

«Қай кейіпкерді эпикалық образ ретінде тануға болады?» деген сұрақты топта талқылап, өз шешімдерін ұсынады?

№3 -слайд

№4 -слайд

№5 -слайд

№6-слайд

Рефлексия

2 мин

«3-2-1» әдісі

Сабақта сен үшін маңызды 3 аспекті

Қиындық туғызған 2 жағдай

Сезіміңді білдіретін 1 сөз

Үйге: роман-эпопеяның «Шытырманда», «Бел-белесте», «Өрде» бөлімдерін оқыңыз.

№14 -слайд

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу