Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 6 сабақ.


Сабақ жоспары

Сабақ : №2-3

Мектеп: Қарағанды қ. ХББ НЗМ

Күні :

Мұғалім: Омирбекова Д.Ш.

Сынып:11L1

Қатысқан оқушылар саны: 24

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

11.3.4.1 шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын жазу

Сабақ мақсаты:

Шығармамен мазмұндас әңгімені оқып, салыстырады, әдеби сын жазады

Бағалау критерийлері:

  • Шығарма мазмұнын еске түсіреді;
  • Әдеби сын жазу талаптарымен танысады
  • «Қобыз мұңы» әңгімесін оқып, талдайды;
  • Екі шығарманы салыстырып, талдайды;
  • «Абай жолы» роман-эпопеясына аннотация жазады.

Құндылықтарды игерту:

Елтану,ынтымақтастық; қазақы мәдениетке деген сүйіспеншілік

- ашықтық;

Пәнаралық байланыс:

Қазақстан тарихы

АКТ-ны қолдану дағдылары:

PowerPoint

Тілдік мақсаттар:

Тақырып бойынша өз ойларын сауатты және дәлелді жеткізе білуге даярлау, зерттеу қабілеттерін дамыту, әртүрлі мақсаттарда жазылатын жазба жұмысына сәйкес стильді таңдай білуге бағыттау.

Пән лексикасы және терминология: роман-эпопея, образдар жүйесі, автор ұстанымы.

Мәтін талдау барысында қолданылатын тіркестер: коллизия

Осыған дейін меңгерілген білім

Бұл бөлім нәтижелі қарым-қатынас білімі мен түсінігін кеңейте отырып, 11-сыныпта дамытылған тілдік дағдыларды жалғастырады және өткен сыныпта оқыған бөлімдермен байланыс жасалады.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөз

Сабақтың басы

5 мин

Қызығушылықты ояту

«Теріс орындық»

Ортаға бір оқушы шығады. Тақтада белгілі кейіпкердің есімі жазылған, орындықтағы оқушы тақтада берілген кейіпкердің есімін анықтау керек. Қалған оқушылар орындықта отырған оқушыға кейіпкердің кім екендігін анықтау үшін көмектесуі керек. Сызылып тасталған сөздерді қолдануға болмайды. Әр оқушыға 5-7 секунд уақыт беріледі.

Кейіпкерлер: Ділдә, Оспан, Құнанбай, Бөжей, Кәмшат, Зере, Ұлжан, Айғыз, Жиренше, Қодар

Слайд 1-6

Сабақтың ортасы

3 минут

7 минут

15 мин

7 минут

3 минут

Оқушыларға сабақ тақырыбы, оқу мақсаттары, бағалау критерийлері таныстырылады.

Топқа бөлу: Сыныптағы оқушылар қағаз қиындыларын таңдау арқылы, 4 топқа бөілнеді.

1-топ. Əдебиеттің негізгі объектісі — өмір. Ал əдеби сынның негізгі мақсаты — бүгінгі күн əдебиетінде,əдеби процесте болып жатқан сипатты жаңалықтарды, ондағы жетістіктер мен кемшіліктерді уақтылы ашып көрсету.

2-топ. Сын көбіне, бүгінгі əдеби процесті зерттейді; оның ертеңгі даму қамын ойластырып, жол нұсқап отырады. Бұл ретте сынды əдебиеттің келешегіне бағыт сілтер ғылым деп шартты түрде атауға болатын секілді.

3-топ. «əдеби сын дегеніміз — əдебиеттану ғылымы мен қоғамдық ғылымдардың тоғысқан түйінінен пайда болып, күнделікті əдеби процесті зерттейтін, оған баға беріп, оқырманның рухани əлемі аясында қызмет атқаратын əлеуметтік сананың сан қырлы саласы»

4-топ. Əдеби сынның тарихына көз жібергенде, оның пайда болу, даму жолдарының əдебиеттің өсіп-өркендеу бағытымен сəйкес келіп отырғандығы байқалады. Əріге бармай-ақ, ХІХ ғасырдағы орыс əдебиетінде А.Пушкин, Н.Гоголь, Л.Толстой сияқты алыптардың кезінде əдеби сын да шарықтап, шырқау биігіне көтерілді. ХХ ғасырдағы əдебиеттің сыны күні бүгінгі биігіне шықты. Қазақ əдебиетінде үстіміздегі ғасырдың алғашқы кезеңінде Абайдың, Ахметтің, Мағжанның, Шəкəрімнің, Жүсіпбектің, тағы басқалардың шығармаларының жарық көруі əдеби-сыншылық ой-пікірлердің жаңаша қарқынмен дамуына түрткі болды

Тапсырма №1

Топқа бөлінген соң оқушылар қиындылардағы ақпараттарды өрбітіп «Әдеби сын» бойынша ментальді карта әзірлейді. Оқушылар картаны топпен әзірлеуі тиіс.

«Галереядағы ой шарлау»

Топтағы оқушылар жасаған ментальді карталарын сынып қабырғасына іледі. Қалған оқушылар өзге топтарға сұрақ қою арқылы жұмыстармен танысады.

Тапсырма №2

Топтағы оқушыларға «қобыз мұңы» әңгімесі таратылады.

Оқушылар мәтінді өзара бөлісіп алады. Оқушылар мәтін мазмұнымен танысып болған соң, әр оқушы өзінің бөлігін ортаға салады.

1-оқушы:

2-оқушы:

3-оқушы:

4-оқушы:

5-оқушы:

Тапсырма №3

Әр топ мәтін бойынша креативті постер әзірлейді. Постерді жасап болған соң, тақта алдына шығып жұмысты қорғайды.

Дескриптор:

  • Мәтіннің негізгі идеясын анық көрсетеді;
  • Әңгіме сюжетін креативті түрде ұсынады;
  • Әңгімеде көтерілген 1 мәселені көрсетеді;
  • Мәселенің өзектілігін дәлелдеп, талдайды;
  • Қорғау барысында топ мүшелері толық қатысады.

Бағалау «екі жұлдыз, бір тілек»

Топтар бір-бірінің жұмысын «екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалайды. Жұмыстың толық орындалуын бағалау парағы арқылы бақылайды.

Дескриптор

Төмен

Орта

Жоғары

Мәтіннің негізгі идеясын анық көрсетеді;

Әңгіме сюжетін креативті түрде ұсынады;

Әңгімеде көтерілген 1 мәселені көрсетеді;

Мәселенің өзектілігін дәлелдеп, талдайды;

Қорғау барысында топ мүшелері толық қатысады.

Слайд 7

Слайд 8

Дидактика №1

Слайд 9

Слайд 10

«Қобыз мұңы» әңгімесі

Слайд 11

Дидактика №2

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия.

«Блоб» ағашы

Сабақтың басындағы көңіл-күйім ....

Сабақтың ортасындағы көңіл-күйім ....

Сабақтың соңындағы көңіл-күйім ....

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөз

Сабақтың басы

5 мин

Қызығушылықты ояту

«Сұрақтар салоны»

Топтағы оқушылар «Қобыз мұңы» әңгімесі бойынша күрделі 5 сұрақ қойып, сұрақтарына жауап алып, пікір алмасады.

 

Слайд 13

Сабақтың ортасы

35

«Инсерт» әдісі

Оқушылар әдеби сынды естеріне түсіру үшін ақпараттық мәтін беріледі. Оқушылар мәтінді мұқият оқып, инсерт әдісі арқылы талдап шығады.

Берілген мәтінді «Түртіп алу» әдісін пайдаланып, танысып шығу.

«V» - «Білемін»

«-» «мен үшін түсініксіз»

«+» - «мен үшін жаңа ақпарат»

«?» - «мені таңғалдырады»

 

 АННОТАЦИЯ-сын жанрларының ішіндегі ең шағын көлемдісі. Шын мәніндегі әдеби сынның бастау алар бұлағы. Латынша ескертпе деген сөздің мағынасын беріп, кітаптың, мақаланың мазмұнын, саяси-идеологиялық бағытын, құндылығын түсіндіретін қысқаша сипаттама.

 «Аннотация» латын тілінен аударғанда «annotatie» - «ескертпе» деген мағына береді, кітаптың, мақатаның мазмұнын, саяси-идеялық бағытын, құндылығын түсіндіретін қысқаша сипаттама». Бұл жанр туралы да әртүрлі тұжырымдар бар: «Аннотация сол шығарманың негізгі мән-маңызын қысқаша түйіндейді»,-дейді профессор Тұрсынбек Кәкішев. Осындай анықтаманы академик Мұхаметжан Қаратаев пен профессор Тауман Амандосов та айтқан. Сайып келгенде, аннотацияға мынадай сипаттама беруге болады: «Аннотация - бір ғана шығарманың қысқаша мазмұны». Аннотацияның кітапқа жазылатын еңбектің бірінші бетінде берілетін өте шағын түрі және баспасөзде басылатын шығарманың қысқаша мазмұнымен бірге қосымша пікір, үгіт-насихат жасауға құштар авторлардың мақаласы кездеседі. Аннотацияға қойылатын талаптардың өзіндік ерекшеліктері бар, яғни, аннотацияға бірдей талап қойылмайды. Кітаптың алғашқы бетіне берілетін аннотация мен баспасөз беттеріндегі аннотацияның өзара айырмашылығы бар. Қазақ баспасөз беттерінде аннотациялір көп кездеседі, және ол үлкен өзгеріске ұшыраған түрде кездеседі. Аннотацияның басты қызметі кітапқа қысқаша сипаттама беру десек, кейде аннотация жазушылар кеңейтіп жазу барысында басқа жанрға ауысып кетіп жатады

Кері байланыс:

  • Бұл тапсырма мақсатты орындау үшін не себепті қажет?
  • Біз қандай жұмыс жасаймыз?
  • Мәтіндегі ақпараттар қаншалықты пайдалы ?

Тапсырма 1. Жеке жұмыс

Әр оқушы жекелеме органайзерге «Абай жолы» роман-эпопеясы мен «Қобыз мұңы» әңгімесін салыстырады. Оқушылар жұмысты органайзерді толтыру арқылы орындайды.

Дескриптор:

  • Екі шығарамадан ортақ мәселе анықтайды;
  • Әр туындының идеясын тұжырымдап жазады;
  • Екі шығарманың идеясындағы ұқсастықтарды анықтайды;
  • Әр туындының өзіне ғана тән 4 ерекшелігін ұсынады.

Тапсырма 2. Жеке жұмыс

Оқушыларға аннотация үлгісі беріледі. Осы үлгі негізінде оқушылар «Абай жолы» роман-эпопеясына аннотация жазады.

Үлгі:

 Жазушы Қ.Түменбайдың «Қобыз мұңы» атты әңгімесі – ұлттық таным тұрғысында жазылған туынды. Мұнда автордың баса назар аударатыны – жалғыздық мәселесі. Жалғыздық сипатын өзгеше көрсету үшін, онда әкелі-балалы екі ұрпақ өкілінің көзқарас алшақтығы негіз етілген.

 Желтоқсан оқиғасының солақай саясатын жазушы отбасындағы әке мен қызы арасындағы түсініспеушілік арқылы көрсетеді. Әңгімеде прокурор Хайдар Алпамысов пен оның қызы Бэланың күнделікті күйбең өмірдегі және қоғамдағы көзқарастарының әртүрлілігі көрініс табады. Әкесі өзінің қалауымен қызын скрипка мамандығы бойынша оқуға бергенімен, қызының қалауы қобыз мектебіне түсу болатын. Әкесінің пікірінше, қызы тартқан скрипка үнімарқұм әйелінің үні іспеттес. Ал қызы қобыз сарынын о дүниелік болған анасының даусымен байланыстырады. Әкесі үшін қобыз екі аяқтың ортасына қыстырып отырып тартатын ыңғайсыз аспап болса, қызының ойынша, әуез шығару үшiн барлық аспап адам денесіне жақын болуы керек. Әкесі қобызды ескіліктің қалдығы деп санаса, қызы оған қызығып, зерттеуге кіріседі. Алаңдағы бас прокурор сынды әкемнің де қазақшасы шала ма деген ойға шомады, өзінің, халқының өткеніне деген қызығушылығы артады. Әкесі үшін қызметі сондай маңызды болса, қызы «Жалғыз қызын тәрбиелей алмаған бейшара. Органнан кетсең өлем дейсiң бе?» деп іштей кінә артады. Қызы жастармен бірге алаңға шықты, «Менiң Қазақстанымды» шырқап‚ әндетiп‚ көше аралады. Әкесі таныстарына ортаға салып, қызын тізімнен өшіргізіп тастады.

 Көп ұзамай әкесі үлкен кісінің айыбын мойнына қоя алмағаны үшін, бұлтартпас айғақ таба алмағаны үшін жұмыстан ығыстырылып‚ жай тергеушi болды. Одан соң тіпті жұмыстан шығуға мәжбүрледі.

 Қызы тиынды сом ғып тiрнектеп жинап жүрiп, дүкеннен қобыз сатып алды. Қобызды әкелген бетте шешесiнiң жансыз бейнесiмен қатар қағылған шегеге iлiп қойды. Әкесі жұбайының көптен көрмеген күлiмсiреген портретiне қарап селт тұрып қалды да‚ шегеде салбыраған қоңыр қобызды көргенде шалт бұрылып кеттi.

 Бэла алабұртып тұрып, қара радионы бұрап қап едi‚ атақты қобызшының орындауында концерт берiлiп жатыр екен. Күңiренiске толы мұңлы сарын бiткен кезде, Бэла қобызды қолына алды. Әкесi зарлы әуенге шыдай алмай, етпеттеп жатып, жастықты жасқа шылады...

 Дескриптор:

  • Кітапты кім, қашан жазғанын көрсетеді;
  • Кітаптың не туралы екендігін баяндайды;
  • Кітапты оқыған адам қандай әсер алатынын жазады;
  • Туындының басты кейіпкерлеріне тоқталып өтеді;
  • Кейіпкерлердің ерекшеліктеріне баға береді;
  • Қорытындыда тұжырымды сөйлем ұсынады.

 

« Автор орындығы»

Топтан анықталған үздік жұмыс автор орындығында оқылады. Оқушылар үздік жұмысты «бес саусақ» әдісі арқылы бағалайды.

Бағалау «Өзін өзі бағалау»

Дескриптор

Төмен

Орта

Жоғары

 Кітапты кім, қашан жазғанын көрсетеді;

 Кітаптың не туралы екендігін баяндайды;

 Кітапты оқыған адам қандай әсер алатынын жазады;

 Туындының басты кейіпкерлеріне тоқталып өтеді;

 Кейіпкерлердің ерекшеліктеріне баға береді;

 Қорытындыда тұжырымды сөйлем ұсынады

Слайд 14

Дидактика №3

Дидактика №4

Слайд 15

Дидактика №5

Слайд 16

Дидактика №6

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия.

«Блоб» ағашы

Сабақтың басындағы көңіл-күйім ....

Сабақтың ортасындағы көңіл-күйім ....

Сабақтың соңындағы көңіл-күйім ....

Дидактика №7

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлан

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу