М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, дидактикалық материал. 4 сабақ.


Тапсырма. Шығарма мазмұны мен идеялық көркемдік ерекшелігін талдай отырып, «...Айтушы мен болғанда, үнемі ұқтырушым сен болсайшы, Абай» деген тақырыпта шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби-талдау эссесін жазыңыз. Көлемі – 200 сөз.

Дескриптор:

-өзіне әсер еткен бір суреттегі бейнені сипаттай отырып, эссенің кіріспесін креативті бастайды.

-шығармаға және кейіпкерлерге баға беру үшін зерттеу еңбегіндегі пікірді негізге ала отырып, көркемдік- идеялық құндылығына өз көзқарасын білдіреді;

-шығарманың көркемдік құндылығын таныту үшін кемінде 7-8 көркемдік қолданысты талдап жазады.

-жазба жұмысының көлемін сақтап, ой бөліктеріне (абзацтарға) бөліп, қорытынды пікір ұсынып, ойын жүйелі жеткізеді.

Әдеби-талдау эссе

Әдеби-сыни эссе

Әдеби-синтез эссе

Әдеби-дәлелдеме эссе

Әдеби-салыстырмалы эссе

Әдеби-шығармашыл эссе

туындыға талдау жасай отырып жазады.

автор көзқарасына, автор бейнесіне, автор үлесіне сыни көзқарасын, пікірін білдіреді

бір тақырыптың бірнеше туындыдағы көрінісін талдай келе, шешім шығара отырып, қорытындыға келеді.

ұстанымын көрсете отырып, аргументтер арқылы дәлелдеп жазады.

туындыны басқа туындымен және сол туындыдағы кейіпкерлерді, оқиғаларды салыстыра отырып, талдап жазады.

әдеби туындыдағы оқиғаны өз шығармашылығымен дамытып және кейіпкер рөліне еніп немесе оқиға уақытына, мекеніне түсіп, сезімін, ойын, жай-күйін баяндап, сипаттап, суреттеп жазады.

... Алда - өмір, тартыс. Сол тартыста  бұл жалғыз... Бір қуаты, бір  үміті бар. Қуаты - ақындық,  үміті – халық. ...

... Мен келемiн! Өнер әкелемiн! Танымай көршi, аңдамай бақшы! Сай-сүйегiң босамай, алпыс екi тамырың иiмей көршi!" деп, бас идiре ән төккенде, ән емес, нұр төккендей. Әлемнiң жүзiнен жауыздық зұлымдығын қуып әкетiп, қиялда болса да дүние бетiн, Арқа жүзiн сан сұмдықтан тазартып бара жатқандай. Ол ән асқақ есiп соққанда, Көкшенiң қалың сыпсың қарағайы – мынау әншi басындағы оқалы тақияның жiбек шоғындай болып, теңселiп барып, төгiле жапырылып, жол бередi, бас иедi. Арқаның қара түнi де мынау ақын үстiндегi қара мақпалдың бетiндей майда, мейiр түнi болады. Сонда ел жүзi де осы ақын жүзiндегi жылтырап көрiнген нұрға толғандай болады. Ел жүзiнде, қазiргi ақын түсiндегi, ән үстiнде езу тартқан жарастық күлкiдей боп, шат қуаныш күлкi көрiнедi Абай көзiне. ...

... Бай, бағлан боп, қадiрлi болмайды жiгiт! Өнерлi боп, сол өнерiн ұстай бiлiп, қадiрлi болады. "Өнерпаз болсаң – өр бол" дейдi, Бiржан аға. Жалқы бол, жарлы бол, ол кемшiлiк емес. Өнерлi ақын, асқақ әншi болсаң – ел көңiлiндегi мұңды айтып, көзiндегi жасты тыйсаң, сенен зор, сенен қадiрлi болмасқа тиiстi!...

... Есiл Бiржан, қадiрiң қандай едi! Елiмнiң асыл күшiн арқалап жүр екенсiң ғой! Сенiң әнiңнiң лебi ғой осы жастарды осылай тартқан. Өнер болса, осылай боп, толқынсыз апан суға кесек тас түскендай, ұйқы-тұйқы етсiн де. Өмiр соны тiлейдi ғой. Осылай, құйындай соғар күштер болмаса, шiрiп бүксiп күндер өтедi ғой. ...

Сіз әлі «Абайды» оқыған жоқпысыз? Онда сіз мүлдем ештеңе оқымағаныңыз. Бұл – таңғажайып, бұл – керемет! Далаға жан бітіп, дүние алғаш жаралғандағы мөлдір табиғатымен, бар тіршілік-тынысымен, тәуелсіз тұлғалы жандарымен сіздің көкірегіңізге кеп орнайды. Олардың бойындағы қызулық пен құмарлық қандай, дәл Шекспир суреттеген бейнелердің өзі!

неміс жазушысы Альфред КуреллаҚос ғасырдың тоғысар тұсында «Ғылымды іздеп, дүниені көздеп» екі жаққа үңілген ұлы Абай, халықты өркениеттің өріне алып шығар амалды тапты. Ол ғылым мен білім, өнер үйрену жолы еді. Замананың тұрпатын, ұлт тұрмысының кемшілікті тұстарын Абайдай көре білген, ұлы ақындай таныған жан кемде-кем. Абай жасампаздығының мәңгілігі мен өнерінің өрістілігі осында жатса керек. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасыр басындағы Абай феномені –  қазақ ұлтының өркениеттік болмысындағы орны айтып болмас ұлы құбылыс!

Ө.Әбдиманұлы Abai.kz



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу