Ш.Мұртаза «Бесеудің хаты» драмасына әдеби сын. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, презентация. 2
Болжау
Ш.Мұртаза «Бесеудің хаты» драмасының жанрлық табиғаты
Оқу мақсаты
Түсіну және жауап беру
10.1.2.1 - әдеби шығарманың жанрлық табиғатын тану;
Сабақ мақсаттары
Шығарманың жанрын анықтау, жанрлық талдаулар жасау
Бағалау критерийлері
Шығарманың жанрына сай ерекшелігін ажырата алады;
Жанрлық талдау жасай алады.
Ширату
Әдеби тектер мен түрлерді ата
Әдеби шығарманың жанрлық табиғаты деген не?
Драма деген не?
Драмалық шығарманың жанрлық ерекшеліктері қандай?
Әдеби үйірме
«Әдеби үйірме» әдісі бойынша оқушылар өздеріне бөлінген топтық жұмысты атқарады, сол арқылы шығармаға тұтас талдау жасалады.
1-қадам: Оқушылар «Бесеудің хаты» драмасынан үзінді тыңдайды. https://kitap.kz/audiobooks/beseuding_xaty
2- қадам: Оқушыларды 5 топқа бөліп отырғызып, 5 қызмет жазылған бүктелген қағаздарды алдына тастаңыз. Олар қағаздарды алып, ашып, өздерінің қызметімен танысады. Қызмет түрлері:
Зерттеуші драмадағы кейіпкерлерді ерекшелеп көрсетудегі автордың көңіл күйін, көздеген мақсатын зерттейді.
Баяндап беруші драмалық шығарманың идеясын, шығармадағы көтерілген мәселелерді рухани құндылықтар тұрғысынан талдау есебін дайындайды.
Сұрақ құрастырушы шығарма бойынша сұрақ құрастырады. Сұрақтар төменгі және жоғары деңгейлі болуы қажет.
Сілтемелер табушы драмалық шығарманың жанрлық ерекшелігіне сай белгілері мен тілдік қолданыстарды табады.
Дәнекер – автор көтерген мәселелерді бүгінгі өмірмен байланыстырады.
Қалыптастырушы бағалау.
ДЕСКРИПТОРЛАР
Шығарманы түсініп оқиды;
Авторлық көңіл күйді талқылайды;
Шығармадағы көтерілген мәселелерді айқындайды;
Жоғары деңгейлі сұрақтар құрастыра алады;
Драмалық шығарманың жанрлық ерекшелігін анықтайды;
Шығарманы бүгінгі күнмен байланыстырады.
Екі жақты күнделік Ж.
Оқушылар автордың (Әр оқушы 3-5 мысалдан, шығармадан әрқайсына бөлек үзінді бөліп беруге болады) кейіпкерлері арқылы қорқынышы, алаңдаушылығы көрінетін жолдарды теріп жазады, мағынасын түсіндіреді. Мысалы:
Дескрипторлар
Автор көзқарасы көрінетін үзіндіні таба алады;
Автордың көзқарасын талқылайды;
Кестені талабына сай толтыра алады.
Рефлексия/Кері байланыс
«3Қ» әдісі
ҚИЫН
ҚЫЗЫҚ
ҚАЖЕТ
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?