Ш.Мұртаза «Бесеудің хаты» драмасына әдеби сын. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 1


Қысқа мерзімді жоспар

Келісілді

«Қазақ тілі мен әдебиеті» ӘБ жетекшісі ___________________________________

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Тарих тағылымы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ш.Мұртаза «Бесеудің хаты» драмасының жанрлық табиғаты

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Түсіну және жауап беру

10.1.2.1 - әдеби шығарманың жанрлық табиғатын тану;

 Сабақ мақсаттары

Шығармаданың жанрын анықтау, жанрлық талдаулар жасау

Бағалау критерийлері

  • Шығарманың жанрына сай ерекшелігін ажырата алады;
  • Жанрлық талдау жасай алады.

 Тілдік мақсаттар

жанрлық ерекшелік, авторлық ремарка, драма т.б.

 Құндылықтарды дарыту

 

- Қазақстандық патриотизм және әлемдік азаматтық;

- жаңашылдық;

- ғылыми ілгерілеушілікке қызығу;

- ұлттық рухани жаңғыру

 Пәнаралық байланыстар

Тарих, саясаттану

 АКТ қолдану дағдылары

Аудио, видео құрылғылар

https://kitap.kz/books/beseuding_xaty/read#epubcfi(/6/2[id1]!/4/2/2/1:0)

Бастапқы білім

10-сыныпта өтілген материалдар

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

Ұйымдастыру кезеңі:

Қызығушылықты ояту/Тақырыпты болжату

Суреттерді сабақ тақырыбымен байланыста айтып өтеді.

ОМ, сабақ мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады.

Слайд 1

https://www.google.kz/search?q=қызылдар+қырғыны&rlz

Слайд 2

Сабақтың ортасы

5 минут

10 минут

Талдауға 5 минут

15 минут

Ширату

  • Әдеби тектер мен түрлерді ата
  • Әдеби шығарманың жанрлық табиғаты деген не?
  • Драма деген не?
  • Драмалық шығарманың жанрлық ерекшеліктері қандай?

 1-тапсырма. Т.

Әдеби үйірме әдісі

  «Әдеби үйірме» әдісі бойынша оқушылар өздеріне бөлінген топтық жұмысты атқарады, сол арқылы шығармаға тұтас талдау жасалады.

1-қадам: Оқушылар «Бесеудің хаты» драмасынан үзінді тыңдайды. https://kitap.kz/audiobooks/beseuding_xaty

2- қадам: Оқушыларды 5 топқа бөліп отырғызып, 5 қызмет жазылған бүктелген қағаздарды алдына тастаңыз. Олар қағаздарды алып, ашып, өздерінің қызметімен танысады. Қызмет түрлері:

Зерттеуші драмадағы кейіпкерлерді ерекшелеп көрсетудегі автордың көңіл күйін, көздеген мақсатын зерттейді.

Баяндап беруші драмалық шығарманың идеясын, шығармадағы көтерілген мәселелерді рухани құндылықтар тұрғысынан талдау есебін дайындайды.

Сұрақ құрастырушы шығарма бойынша сұрақ құрастырады. Сұрақтар төменгі және жоғары деңгейлі болуы қажет.

Сілтемелер табушы драмалық шығарманың жанрлық ерекшелігіне сай белгілері мен тілдік қолданыстарды табады.

Дәнекер – автор көтерген мәселелерді бүгінгі өмірмен байланыстырады.

Қалыптастырушы бағалау.

Дескрипторлар

  • Шығарманы түсініп оқиды;
  • Авторлық көңіл күйді талқылайды;
  • Шығармадағы көтерілген мәселелерді айқындайды;
  • Жоғары деңгейлі сұрақтар құрастыра алады;
  • Драмалық шығарманың жанрлық ерекшелігін анықтайды;
  • Шығарманы бүгінгі күнмен байланыстырады.

Әдіс бойынша істелген жұмыстар сынып ішінде таныстырылып, талқыланады.

Екі жақты күнделік толтыру

Ж.

Оқушылар автордың (Әр оқушы 3-5 мысалдан, шығармадан әрқайсына бөлек үзінді бөліп беруге болады) кейіпкерлері арқылы қорқынышы, алаңдаушылығы көрінетін жолдарды теріп жазады, мағынасын түсіндіреді. Мысалы:

Автор көзқарасы

Мағынасы

Р ы с қ ұ л о в. Менен басқалар да Қазақстандағы өрескел бұрмалаушылықты Сізге жеткізуге тырысқан. Бірақ олардың даусы Сізге жетпей жатыр.

Мүсірепов(сыздап). Ақырып айқай салар азаматтар атаулының көбі аждаһа көрген қояндай бұғып қалып отыр ғой.

Дескрипторлар

  • Автор көзқарасы көрінетін үзіндіні таба алады;
  • Автордың көзқарасын талқылайды;
  • Кестені талабына сай толтыра алады;

Бағалау: жұптар бірін-бірі ауызша комментарий арқылы бағалайды.

Слайд 3

http://er.semgu.kz/ebooks/ebook_356/

З.Қабдолов Сөз өнері (мәтін):оқулық-Алматы 2002

Слайд 4

https://kitap.kz/audiobooks/beseuding_xaty

Ш.Мұртаза «Бесеудің хаты» драмасының аудиокітабы

https://kitap.kz/books/beseuding_xaty/read#epubcfi(/6/2[id1]!/4/2/2/1:0)

Ш.Мұртаза «Бесеудің хаты» драмасының мәтіні

Слайд 5

Слайд 6

Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия/Кері байланыс: «3Қ» әдісі

ҚИЫН

ҚЫЗЫҚ

ҚАЖЕТ

Үйге тапсырма: Ш.Мұртазаның «Қызыл Жебе» романымен танысу

Слайд 7

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу