Ш. Мұртаза «Бесеудің хаты» драмасы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Тарих тағылымы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ш. Мұртаза «Бесеудің хаты» драмасы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.1.4.1 - көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану

 Сабақ мақсаттары

Тарихи драмада бейнеленген адамдар тағдыры арқылы өмір шындығын, автор идеясын ұғындыру, үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану.

 Бағалау критерийлері

  • Драмадан алынған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдана алады;
  • Пікірталас кезеңінде өз пікірін білдіре алады.

 Құндылықтарды дарыту

Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, еңбек және шығармашылық

 АКТ қолдану дағдылары

презентация

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Сабақтың

ортасы

6 минут

10 минут

5 минут

10 минут

Амандасу. Түгендеу. Сабақтың тақырыбын, оқу мақсатын, сабақ мақсатын, бағалау критерийлерін таныстыру. Оқушыларды «Санамақ» әдісі арқылы 2 топқа бөлу.

1-тапсырма. Топтарға шығарманың желісі мен автордың драма жазу шеберлігін таныту мақсатындағы тапсырмалар беріледі.

І топқа:

Драмада Мүсірепов өзі өмір сүрген заман жайлы: «Жорғалар-жортақ, батырлар-қорқақ болған сұм заман» - дейді (Екінші суреттен үзінді). Ал сіздер осы сөз жайлы не айтар едіңіздер? Мүсіреповтың осы пікірімен келісесіз бе?

ІІ топқа:

Бір үзім нан сұрап, кеңсесінің алдын торыған аш адамдарға Голощекин қандай сыңай танытты? (Төртінші суреттен үзінді). Осы әрекетінен оған қандай баға бересіз? Ойыңызды, Голощекиннің шынайы бейнесі арқылы дәлелдеңіз.

2-тапсырма.

Драматург Ш.Мұртазаның «Бесеудің хаты» атты драмасында «Бұқпадан шыққан жау жаман, бүйірден шыққан дау жаман», «Мал аласы сыртында, адам аласы ішінде», «Төременен тіреспе, күштіменен күреспе», «Үрерге иті, сығарға биті жоқ», «Ат арыса-тулақ, адам арыса-аруақ», «Ораза-намаз тоқтықта», «Қайрат-қыран, қайғы -жылан» деген қанатты сөз бен мақал-мәтелдер кездеседі, осыларды пайдаланып шағын әңгіме жазыңыз.

  • «Ашық микрофон» ойыны.

Шарты: Берілген сұраққа жауап бергісі келген оқушы ортаға шығып, өз пікірін қорғайды.

Қойылатын талап: Ой ықшам, жинақы, дәлелді болуы керек және сөйлеуші аудиторияны өзіне қарата алуы қажет.

Сұрақ: Драмада Сталин мен Голощекиннің екеуара сөйлескен сөзі берілген.

Сталин:

-Айтшы, Голощекин, қазақтар қандай халық?

Голощекин:

-Ойбай, сұрамаңыз. Жабайы! Жа-бай-ы-ы! Тамақты қолмен жейді! Қасық шанышқы дегенді білмейді! Сұмдық!

Сталин: Ал, одақ көлеміне шығатындай ақын-жазушылары бар ма?

Голощекин: Жазушысымақтар бар. Шетінен ұлтшыл. Шетінен –Алашорда! Әлгі Байтұрсынов, Дулатов, Жұмабаев, Аймауытов, Әуезов ... Шетінен қамауға алдық.

Осы үзіндідегі Голощекиннің қазақ халқы мен оның зиялылары туралы айтқан пікірін қалай жоққа (теріске) шығарар едіңіз?

  • Шағын дебат.

Оқушылар «Бесеудің хатын» жазуға қатысқан кейіпкерлердің тағдырлары туралы әңгімелейді.

«Тарих сахнасына басқа да кейіпкерлердің келуіне байланысты тұлғалардың ұмыт болуы мүмкін/ мүмкін емес». Бұл жерде Мүсіреповтен басқасы Гатаулин, Алтынбеков, Қуанышев, Дәулетқалиев, Қарабаев сияқты қоғам қайраткерлерінің уақыт ағымына байланысты тасада қалып бара жатыр ма деген сауалға жауап іздейді.

Топтар бір-бірін ауызша бағалайды.

Сабақтың соңы

4 минут

Рефлексия

Түйін сөз...

Мен үшін жаңалық...

Мен үшін жұмбақ...

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге жаңажылдық шығуларына қанша жұмсайды
» Лионель Месси сегізінші мәрте «Алтын доп» иегері атанды
» Адам ағзасымен алып сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Пікір жазу